Қолғанат МҰРАТҰЛЫ: БӨТЕН

Қолғанат МҰРАТҰЛЫ: БӨТЕН

Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Төсектен баяу тұрып, терезе жаққа кетіп бара жатқан өзінің екінші сыңарын сезіп жатыр. Қорқытып алмайын дегендей баяу ғана көздерін кезекпен ашты да, аса сақтықпен сыңарының артынан терезе жаққа қарады. Өзінен бөлініп шыққан өзі терезе жақтауына арқасын қойып әйнектің арғы бетінде айдың сәулесі шағылысып тұрған, бір ай бұрын байқамай сынып кеткен шыны қалдықтарына қарап отыр. Өзін көрген оның бойында қорқыныштан гөрі, таңырқау басым. Бір кезде сыңары жабық тұрған терезе әйнектерінен арғы бетіне еш кедергісіз өтіп кетті. Ол төсектен бірден қақшаң еткізіп басын көтеріп алды. Ақырын ғана орнынан тұрып терезенің алдына барды. Өзінің қимыл әрекетіне қарап тұрған кезде қарап тұрған сыңарының беті жас иленген қамырдай жерге ағып түсті.Таңырқап қалған ол терезеден жерге қарап еді, жұмылып ашылып, жұмылып ашылып әр жерде ретсіз шашылып жатқан жүздеген көздерді көрді. Қасында жатқан көздің қарашығына қарап еді мұңайып тұрған өзін көрді.

Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Ол сыңарының артынан жүріп келеді. Олар аңырадай үлкен көшенің ортасымен кетіп бара жатыр. Қала тымтырыс тыныштықта. Миллиондаған тіршілік бір уақытта мегаполюс қаланы тастап кеткен. Айналаның бәрі адам мекендемеген ертегі қаладай тамаша болып тұр. Тек өзі кетіп барады және өзі бақылап кетіп бара жатқан өзіне еріп келеді. Алыстан аспанға көтерілген будақ будақ шаң көрінді. Өзіне қарай жылдам келе жатқан шаңның арасынан үрке қашқан жүз мыңдаған табын киіктерді байқап қалды. Көшенің бойымен алдында кетіп бара жатқан сыңарын жарып өтіп өзіне қарай бір топ киік шыға келді. Екпінмен келе жақтан киіктер өзіне жете бере омақастана сүрініп құлап жатыр, құлап жатыр. Киіктер шөмеле болып әрбір жерде үйіліп қалды. Ол сыңарының қайда кеткенін байқамай, ышқынып туа алмай жатқан аналық киіктің көзіне қарап тұр. Бірақ, қандай жануар екенін танымады. Ойлап көріп еді, есіне түсіре алмады.
Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Топ болып қоршап тұрған адамдардың ортасында қалды. Оған қарап тұрған адамдардың түрлері өте таныс. Барлығы өмірінде көрген, араласқан адамдар секілді. Бірақ, ешқайсын танымады. Сонда да болмай есіне түсіргісі келіп талпынды. Өзіне қойған: «Мен бұларды қайдан көрдім?!» деген сұрақ миын айналдырып жіберді. Тесіліп қарап тұрған көздерден қашып шықпаққа ұмтылды.Бірақ, ол әрекеті сәтсіз болды. Қоршап тұрған адамдар арасынан бір жұпыны киінген кішкентай қыз келіп оның көзіне мұңайып қарап тұрды да, тізерлеп екі алақанын жайды. Ол бүлдіршін қыздың әбден тозығы жеткен жыртық киімінің арасынан ырсиып ашық тұрған нәзік қабырғаларын көрді. Қабырғаларының арасынан топ-топ болып тойынған ақ құрттар түсіп жатты. Ол жерде жыбырлап жатқан құрттарға қарап тұрған кезде, қоршап алған адамдар шеңбер жасап оны айналып жүгіре берді. Екпіндерінің қатты болғаны соншалық, шебер қозғалысының жылдамдығын ғана сезді. Басы айналып құлап бара жатып, өзіне жымиып қарап тұрған өзін көрді...
Оянды. Жас құлының мазасыз кісінеген дауысы құлағына келді. Шөптің арасынан басын көтерді. Көз жетер төңіректе табын – табын болып жабайы жылқылар жайылып жүр. Кішкентай көк құлын ары-бері тоқтаусыз, шауып енесін іздеуде. Шөп арасына тығылып, аса сақтықпен жылқыларға шабылдауға келе жатқан үйірлі қасқырларды көрді. Жайбырақат жайылып жүрген жылқылар қасқырларды байқап қалып, үрккен бойы бей берекет тұра шапты. Тобымен жүгірген қасқырлар көк құлынды қоршауға алды. Бірақ, үйірлі қасқырлардың ешқайссы құлынға бірінші болып шабуыл жасамады. Осы сәтте қасқырларды жарып өтіп, теріден киім киген жеткіншек бала көк құлының қасына келді. Құлын үркіп қашпаққа ұмтылып еді, қимылы шапшаң бала қаспен көздің арасында жалынан ұстап үлгерді. Құлын тағдырына көндіккендей оқыс қимылға бармай тыныш тұр. Бала құлынды жалынан ұстаған күйі келген жолымен кері қайтты. Даланың қожалары қасқырлар да баланың артынан еріп барады. Анандай жердегі төбенің басында бақылап отырған аналық қасқыр айға қарап ұзақ ұлыды. Дауыс жетер даланың бәрінде аналық қасқырға қосылып ұлыған дыбыстар жалпақ даланы күңірентіп жіберді. Ұлып отырған аналық қасқырдың қасында көк құлынды жетектеп кеткен бала ойнап отыр. Баланың қасында құрсақта жатқан шаранадай бүктетіліп саусағын сорып жатқан өзін көрді.
Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Тау биігіндегі үңгірдің ішіне ол кіріп келеді.Үңгір тастай қараңғы. Үңгір ішіндегі тастардың жырақтарынан аққан су тамшы болып тастарға тиуде. Тастарға тиген тамшадан шыққан дыбыстар жаңғырық болып өзіне естілді. Ол жаңғырықты қызық көріп айқайлағысы келіп еді өз дауысы өзі естілмеді. Төбеде шиқылдап ары бері ұшып жүрген жарқанаттар қаптап жүр. Үнгірге сәлде оранып алған ұзын бойлы ер адам кірді де жүріп отырып үңгірдің қуысына келіп тоқтады. Үнгірдің іші бір сәтке әппақ сәулеге бөленді де, жалт етіп жоқ болды. Төбеде тасқа жармасып отырған жарқанаттар әппақ сәуле шашылған кезде жапа тармағай жерге құлап түсті. Ол құлаған жарқанаттың сыңған қанатына қарап тұрып еді, үңгірге сәлде оранып алған ұзын бойлы ер адам кірді де тез-тез жүріп отырып үнгірдің қуысына келіп тоқтады. Осы кезде үңгірдің іші тағыда әппақ сәулеге бөленді де, жалт етіп жоқ болды. Ол тағыда құлап қалды ма деп жарқанаттарға қарап еді ешқандай жарқанаттарды көрмеді. Бәрі ізім ғайым жоқ болып кеткен. Кішкентай сынық тастың түбінде бір нәзік зат қозғалғандай болды. Қасына барып қолын созып еді, үңгірге кіріп келе жатқан сәлді оранып алған ұзын бойлы ер адамды көрді. Әлгі адам аяғын тез тез басып үнгірдің қуысына жете береп еді, үңгірің іші тағыда әппақ сәулеге бөленді де жоқ болды. Ол жарқанаттарды іздеп тағы төбеге қарады. Төбеде сан мыңдаған түрлі түсті әр түрлі кейіптегі көбелектер қаптап ұшып жүр. Мыңдаған көбелектер оның денесіне басына, қолына қона бастады. Ол өзін қаумалаған көбелектерден көрінбей кетті. Иығына қонған күлгін көбелектің қанатындағы иректерге көзі түсті. Неше түрлі бояуға бөленген иректердің ішінен, кетіп бара жатқан өзін көрді. Бір кезде көбелек біткен дүр етіп көтеріліп үңгірдің аузына қарай ұмтылды. Ұшқан көбелектермен бірге ол да жүгірді. Үңгірдің аузына жете беріп еді, матаға оранған ұзын бойлы ер адамды көрді. Әлгі адам аяғын тез-тез басып қараңғылыққа сіңіп кетті. Ол кеткен адамның артына қарай отыра үнгірден шығып еді, бір-бірінің денесін шикідей тісімен жұлып жеп жатқан адамдардың ортасына түсті. Шыңғырып жылаған әйелдер мен шырылдай қашқан балалардың тірідей денесінен ет кесіп жеп жүрген еркектер қапттап жүр. Жер біткен өлексенің исі мүңкіп сасып кеткен. Әр бір жерде ұйыған қандардың бетінде быжынап қаптап жүрген шыбындардан көрінбейді. Ол түкке түсінбей қарап тұр. Ол алыстан өзіне айқайлап қашып келе жатқан ер адамды көрді. Ер адам оған жете берген кезде жас әйел қолындағы қылышымен басының ми қабатын бөліп түсті. Еркек жерге құлады. Былжырап тұрған былқылдақ миы топыраққа қарай аға бастады. Аққан миды көрген әйел қомағайлана ұмтылды... Лездің арасында қатты жел тұрды. Төңіректің бәрі қара түнек дауылдан көрінбей кетті. Аспанды қып қызыл бұлт торлады да, ыстық оттан жаратылған жаңбырларын төгіп-төгіп жіберді. Жан-жаққа шыңғырып қашқан адамдарды отты тамшылар күйдіріп еріте бастады. Ол аспаннан ағып келе жатқан отттарға басын жоғары көтеріп қарап тұрып еді, бір сәтте айналаның бәрінде ыстық оттан жасалған көл пайда болды. Дауыл тоқтады шоқ болып аққан жаңбыр да басылды. Отты көлдің бетінде малтып келе жатқан нар түйені көрді. Үстінде сәлде оранған ұзын бойлы ер адам отыр. Жақындап келіп анықтап қарап еді өзін көрді.
Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Ол өзіне қарап тұр. Екеуі бір-біріне көз тайдырмай қарауда. Екеуі жалғыз емес еді. Олар тұрған кеңістіктің бәрінде өздерінен бөлініп шыққан өздеріне қарап тұрған милиардтаған адамдардан көрінбейді. Ешқандай қозғалыс жоқ. Өздеріне қарап тұрған өздері ғана. Астарынан және үстерінен тамырымен жұлынған әртүрлі формадағы алып бәйтеректер ұшып барады. Бәйтеректің бұтақтарында, жапырақтарында кішкентай адамдар отыр. Барлығы оған қарап сықылықтап күлуде. Ол өзіне көз тайдырмай қарап тұрса да, аяғының астынан және басының үстінен ұшып бара жатқан ағаштарды көріп тұр. Қасыннан өтіп бара жатқан қисықтау бәйтеректің бұтақтарында отырған кішкентай адамдардың арасында, теріс қарап тізесін құшақтап отырған адамды көрді. Ол қолын әлгі адамның иығына қойып өзіне қаратып еді, беті жоқ өзін көрді. Қолын өзіне қарай тез жинап алды. Айналасында ешкім жоқ. Жалғыз өзі ғана қалған. Аспанан түсіп келе жатқан еркек пен әйелді көріп оларға қарай бар екпінімен жүгіріп келеді. Төңіректің бәрін жаңа ғана жауған әппақ қар басып қалған. Ол қардың үстімен жалаң аяқ жүгіріп келеді. Жалпақ-жалпақ қой тастардың үстінде мұңайып отырған еркек пен әйелдің қасына жақындап барып тоқтады. Олардың қимыл қозғалыстарын ол бақылап тұр. Қамшы тастам жердегі шөптің арасымен жылан ирелеңдеп жылжып барады. Әйел үнсіз жылай бастады. Еркек теріс қараған күйі қасында сынып жатқан жуан бұтақты жапырықтарынан аршып, жерге шаншыды. Ол әйелге қарай ақырын адымдап жақындап келеді. Әйел жылағанын қояр емес. Жанына жақындап келіп жүзіне назар салды. Әжім әжім басқан бетіне қараған кезде, өзін туған шешесін көрді. Шешесінің жанары суалған көздеріне қарап тұрып, неліктен аз уақытта қартайып кеткенін білгісі келді. Бірақ, түсінбеді. Түсінуге мүмкіндігі де болмады. Шешесі орнынан тұрып бүкірейген белін жазды. Ол еті қашып кеткен қолын қос қолдап искеді.
Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Ол өзін жанталаса қуып келеді. Қанша ұмтылып жүгіргенімен жете алатын емес. Қол созым жерге дейін жақындап енді ұстай бергенде, жалт етіп бұрылып кетті. Ол сонда да қалмай өзін қуып келеді. Ол қуған күйі шыңдарын ақ мұз басқан таулардан асып өтіп, шағын ғана зираттың қасында жаңадан қазылған көрді қоршап тұрған бір топ еркектердің арасына келіп түсті. Дымқыл жас топырақтың буы жайылып шығып жатыр. Төрт жігіт ақ матаға оранған өлікті алып келді. Айналадағы адамдардың ешқайссы көз жасын алып жыламады. Жігіттер өлікті көрдің ішіне орналастырып, тез-тез топырақ лақтырып көме бастады. Қаптап тұрған еркектердің бәрі көрге жақындап келіп, сары топырақты шұңқырға уыстап лақтырып кетіп жатыр. Сәл уақыттан кейін қабірдің қасында ол және өзі қалды. Ол жақындап келіп қабірдің үйілген топырағына екі аяғын салып ішке қарай бата берді. Топырақтың ішінде өзі қалды. Тастай қараңғы. Ол қабірдің өлік орналасқан қырындағы кірпішті саусағымен тырнап бері өзіне қарай тарта бастады. Біраз әуреленіп алғашқы кірпішті ала берген кезде арғы жақтан жарық түсті. Ол үңіліп тесікке қарады. Өзінің балалық кезі өтен ескі үйін көрді. Ағаш үстелдің үстінде май шам бітуге жақындап әлсіз ғана жанып тұр. Қолындағы түскигізін ұзынша келген сүйек бізбен тігіп отырған шешесін көрді. фолклорлық ескі әнді ыңылдап салып отыр. Келесі бөлмеден жақында туған лақты мойнындағы жіппен сүйреткен күйі кірген бір жарым жастағы кішкентай бүлдіршін өзін көрді. Шешесі істеп отырған жұмысын қойып, лақтың мойнындағы жіпті шешіп жіберіп өзін көтеріп алды да құшарлана тамағынан искеді. Ол сықылықтап келіп күлді. Сыртқы есік ашылды. Ішке кірген әкесімен бірге сықырлаған аязда ішке енуге талпынды. Әкесі есікті жауып шешесінің құшағына жабысып отырған өзін көтеріп алып басынан асыра шыр айналдырды. Әкесі баласын жерге түсірді де өзі, ескі радионың құлағын шұқып күйге келтіруге тырысып жатыр. Быжылдаған жағымсыз дауыс өзінің құлағын ауыртты. Үстелдің үстіндегі май шам сығырайып барып сөніп қалды. Қараңғыда қалған бала еңіреп жылап жіберді. Шешесін іздеді. Бұрыштағы қарауытқан жерден сұлбасы көрінген шешесі өзіне шақырды. Бала шешесіне талтаңдап бара жатып сүрініп құлады. Шешесі тағыда шақырды. Ол шешесіне жетемін деп тағы сүрінді. Шешесі биіктей берді. Ол қанша жүгіргенімен сүріне берді. Бала бар жан тәнімен шырылдап жылап жатыр. Шешесі биіктей берді... Ол осының бәрін көрдің ішіндегі кірпіштің тесігінен бақылап тұрды. Бойында ешқандайда адамға тән сезімнің белгілері білінбеді. Жарық сөнді. Көрдің іші тастай қараңғы. Ол өлікті ораған матаны шеше бастады. Өліктің басындағы соңғы матаны ашып қалып еді, көгеріңкірей бастаған өзін көрді.
Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста