Сайын Мұратбеков: "Басында Үшқараның..."

Сайын Мұратбеков: "Басында Үшқараның..."

(повесть)
Əкімге

1
Əсет поездан таң алдында кеп түскен. Шағын станцияда мұнан өзге сыртқа шыққан адам болған жоқ. Шала ұйқыдан өңдері бозарған проводниктер сыртқа самарқау қарап, вагон есіктерінде тұрды. Тербетілген бұйығы жылы вагоннан кейінгі
көктемнің таңғы салқын ауасы бойын лезде қалтыратып жіберді. Тітіркенген Əсет жылы вагонды қимаған көңілмен кейін бұрылған, есік көзінде тұрған проводник қыз жоғарыдан күлімсірей қарап қолын бұлғады. Таңғы шапақта өңі айрықша боз тартып, сүйкімді еді. Бойы онша биік те емес, нағыз сымбаттының өзі. Қазақ қызына тəн бар əсемдікті бір бойына жиып қойғандай. «Осындай қыздың да мұңы бар-ау...». Поезд ақырындап жылжи бастады. Сол-ақ екен, Əсет кездейсоқ бір бақытты сəттен жырылып, жалғыз қалғандай күйге түсіп, көңілі құлазып сала берді. Өмірдің барлық қызығы мен шыжығы осынау поезда, бұйығы жылы вагонда кетіп бара жатқан тəрізді. Ылғи осы — ойлап-күтпеген жерден осындай бақытты сəттер тап болады да, асты бұлаң етіп, сусып шығып кете береді. Осындай қимас шақтар неге тұрақсыз екен?
Əлгінде ғана бұған қарсы қарап, көзі күлімдеп отырып, əңгіме орайына қарай еш бүкпесіз, ақ жарқын көңілмен өзінің біраз сырларын айтқан, жақсы бейіл білдірген сүйкімді қыз бір көрген түстей ғайып болды. Əсет поезд соңынан телміре қарап ұзақ тұрды.
— Сіз Əсет ағасыз ба?
— Иə.Кепкісін бір жақ шекесіне қисайта киген, кеспелтек
бітімді, бітік көз сары жігіт именшектеп қасына келді.
— Сəлеметсіз бе? Мен сізге келдім. Машина анау қақпаның алдында тұр.
— Сен кімсің?
— Əбдібаймын.
— Кімнің баласысың?
— Шұбардың.
— Өй, үлкен жігіт боп кетіпсің ғой.Кəдімгі өзінің туған нағашысының баласы, бір кезде портфеліне жарты таба нанды бір-ақ салып ап, сылпылдатып соғып жүретін домалақ сары бала. Жауырыны қақпақтай, үлкен, төртбақ жігіт болыпты. Оны құшақтап, маңдайынан сүйер-сүймесін білмей дағдарып қалған Əсет, ақыры дардай жігітті баласынып сүйіп жатуды ерсі көрді.
— Көтер чемоданды! — деді оның түр-тұлғасына, балуан мүсініне сүйсіне қарап. Шақпақ жейдесінің жеңін
түріп алған. Сəл безеу басқан иегінде, ұртында тебіндеп өскен бес-алты тал сақал-
мұрты бар.
— Сен шофер ма едің?
— Иə.
— Батырың, оқуды жылы жауып тастаған екенсің ғой. Чемоданды көтеріп, алға түскен Əбдібайдың құлақтарына дейін қызарып кетті. Бірдеңе деп міңгірлеген болды, бірақ не дегенін Əсет естіген жоқ.
— Нешінші кластан тастадың? — деп сұраған.
— Сегізіншіден.
— Ым-м...Жеңіл газик станцияның балшық дуалды үйлерінің арасын жарып өтіп, ауылға баратын асфальт жолға түсті де,
аппақ боп атқан таңды бетке ұстап, заулап жөнелді. Көктем айының əлі құлпыра қоймаған кезі. Қардан құлантаза арылған жер енді-енді дендеп бусанып, көк-суын бойына таратып, бауырын жазып, ширай бастаған.Ойлы-қырлы кең дала, шығар
күннің алқызыл шапағында, түнде көк аяз қалың шықтан жалтырап күміс жалатқандай сыздап жатыр. Ауыл — анау, көкбуалдыр таңғы сағымның арасынан көрпесін басына дейін оранып ап бүк түсіп жатқан адам сияқты дүңкиіп тұрған қоңыр таудың етегінде. Станциядан отыз шақырым.
— Үй іштерің аман ба? — деп сұрады Əсет.
— Аман.
— Сен кімнің машинасын айдап жүрсің?
— Парторгтың.
— Əпкемнің үйі тойға əзірленіп жатыр ма?
— Иə.
— Өзі, тойлары қашан, бүгін кешкісін бе?
— Бүгін.
Əбдібай кішкене күнінде де мыңқиып үндемейтін бала еді, сол мінезінен қазір де аумаған сияқты, тілінен тартқандай қып сөйлетпесе, сөйлейтін түрі жоқ. Тағы біраз ананы-мынаны сұрастырды да, ақыры Əсет те өз ойымен өзі боп кетті. Солтүстік-шығыс жаққа көз тіккен. Əлгіндегі поезд сонау алыста, көз ұшында кетіп барады екен. Көкірегі тағы да ойсырап, əлгі проводник қызды есіне алды. «Сондай қызда да мұң бар, ə?» «Махаббат дегенге сенбеймін, бəрі алдамшы, дейді. Сондай қызды алдаған опасыздар да бар ма екен...». Түнде тербетілген вагонның ішінде əр түрлі ойға кеткен Əсет ұйықтай алмай дөңбекшіп ұзақ жатты. Ақыры басы ауыра бастаған соң, жайлап орнынан тұрды да, проводник қыздың қасына кеп отырды. Əңгімелесті. Əуелде сөздері байланыспай екеуі де сыпайылық сақтап кібіртіктеп отырды да, артынша көптен таныс, бірінің сырын бірі жалғыз сөзден ұғатын жандарша жақсы сырласып кетті. Əсет өзінің ғылым кандидаты екенін айтқан.
— Ал мен сізді студент шығарсыз деп ойлап едім,— деді қыз күліп. Көзі күлімдеп бұған тіктеп қараған. «Ақылды жан,— деп түйді Əсет.— Бірақ өмірден опық жеген, өкініші бар-ау...» Айтқандай-ай, əңгіме жастық, махаббат жайына ойысқан кезде, қыз мұңая отырып, махаббат дегенге сенбейтінін, бəрі алдамшы екенін айтты.Қазір Əсет машина үстінде келе жатып сол сəттегі қыздың бүкіл кескін-кейпін есіне алды. «Қап, не болса о болсын, кете беруім керек еді-ау. Қап...» — деп өкінді ол. Тегінде, оның ауылға онша зауқы да соғып келе жатқан жоқ. Өзін еліктірер, қызықтырар бірдеңе бар деп ойламайды. Осыдан тоғыз жыл бұрын, енді қайтып ауылдың қарасын көрместей безіп, запты боп кеткен еді. Өзінің панасыз, күйсіз жетім қалған ауыр жағдайы, сол кездегі ағайыннан көрген теперіші есіне түссе, күні бүгінге дейін көңілі жасып, қорланғандай болады. Бұл жолы тек етбауыр жақыны — жан дегендегі жалғыз əпкесінің көңілін қимай, соның алдында, ең болмаса, бір рет туыстық парыздан құтылу үшін келеді. Хат жазып, тұңғыш қызының ұзатылу тойына шақырыпты. Əсет ойлаған кезде, көкірегінде оған деген аяныш оянады. Баяғыда ұзатылып бара жатып, əпкесінің жылағаны күні бүгінге дейін есінен кетер емес. Неге жылады, нендей қорлық, яки зорлық көрді? Ол жағы Əсетке белгісіз. Əйтеуір жайдан жай жыламағаны анық. Сол əпкесі қазір қандай екен? Қартаймады ма екен? Шешесіне қатты ұқсаушы еді.— Əпкем қалай, қартайып кеткен жоқ па? — деді əлден уақытта.
— Білмеймін.
— Неге білмейсің?
Əбдібай кінəлі пішінмен иығын қиқаң еткізіп қойды.
«Өй, мынау бір дүмбілез бірдеңе болды ғой»,— деді, нағашы інісіне қарны ашыңқырап қалған Əсет.Арқан бойы көтерілген күннің өткір сəулесі тікенше қадалып. Əсеттің көзін ашытайын деді. Түні бойы ұйықтамаған адамды машина ішінің қоңырсық жалыны езгілеп, манаурата берді. Соны сезген Əбдібай алдыңғы беттегі əйнектің астыңғы жағын сəл көтеріңкіреп қойды. Бір əдемі қоңыр жел аңқылдай соқты.Əсет далаға көз тастаған. Сол баяғы талай рет аттылы-жаяулы жол шеккен бел-белестері. Бұрынғысынан басылып, кішірейіп, көзге қораш тəрізденіп қалған. Бұрын станция мен
ауыл арасы өте алыс көрінуші еді, енді қараса мына тұрған жер сияқты. Есінде өзінің шаршап-шалдығып жаяу жүрген кездері ғана қалыпты, əнеу бір дөңесте демалғаны, əнеу бір жырада шөлдеп кеп бұлақтан су ішкені — бəрі де қазіргідей анық есінде. Тіпті сол кездегі көңілінің жабырқау, жадау күйі, жаяу жүріп шаршағаны қазір тəтті бір қиял тəрізді есіне түседі. Ал машинамен жүрген сапарларының бірі есінде жоқ.
— Əй, машинаңды анау жыраға қарай бұршы, сонда бір бұлақ болушы еді, көре кетейін, — деді. Əбдібай лəм деместен машинаны жолдан бұрып, жусанды, бетегелі жонды бауырлай тартты. Машинаның жүрісі селкілдеп кетті. Көктемгі даланың бусанған күлімсі иісі аңқыды.Жыраның құлама тұмсығына келгенде Əсет машинадан түсіп,
төменгі бұлаққа қарай жаяу жүрді. Əбдібай да ере түскен. Жан-жағы қалың қурай,
көзін шөп-шалам басқан тазартылмаған бұлақтың басына кеп Əсет ойлы күйде біраз
тұрды. «Мынау жерде былай жантайып жатып едім»,— деп ойлады ол. Аяғына
бəтеңкесінің шегесі батып қанап еді, тас тауып ап, сол шегені ұрғылап ұзақ отырып
еді. Қазір ойлап қараса, онысы тағдыр тəлкегі емес, жай балалық құсалық екен. Тіпті
күлуге болады. Басқа біреуден жүкті боп қалған қыз бұған жала жапты, ал ағайын-
туған мұны соған үйлендірмек боп, жатып кеп, соңына түсті..— Мен осы жолмен
станциядан ауылға үш күннің ішінде екі рет жаяу қайтқам,— деді Əсет Əбдібайға
бұрылып.— Осы бұлақтың басына кеп отырушы едім. Туу, рақаты-ай, тамаша жер-
ау!..Əсет керіле созылып, бір сəтке тым-тырыс тұра қалды. Бұлақ суының бүлк-бүлк
аққан күбір дыбысы естілді. Енді ғана байқады: далада құс деген мұндай көп болар ма,
əрқайсысы өзімен-өзі бұлай ұшады, бірі олай ұшады, енді бірі тастың, бұтаның үстінде
шоқиып отырса, бірі қурай-шөптің арасына сып ете түседі, бозторғайлар жер үстінен
көтеріле безектейді, шырқау көкте шырқырайды. Масайраған дүние. Өзінше бір қым-
қуыт өтіп жатқан у да шу қызық тірлік.
— Жүр, кеттік! Біртіндеп Əсет көңілінде осынау далаға деген биіктен қараған өктем сезім пайда болды. Жер шарында осынау аралық ноқаттай ғана боп көрінер, тіпті бар-жоғы да бірдей. Ал осынау аралықта жүздеген
жылдар бойы мұның ата-бабалары тіршілік етіп, өмір кешті, дүниенің кеңдігін,
жақсысы мен жаманын осынау ұлтарақтай ғана аралықта өлшеді. Туған жер, өскен жер
деді, сондағылары ұлтарақтай ғана аралық.Ауылға таяп қалған кезде, жолдың оң
жағындағы дөңнің үстінен зират көрінді. Аппақ шаңқандай күмбездерге көзі түсті.
Бұрын бұл төңіректе төрт құлақты там болмаса, мұндай күмбездер болмайтын. «Қарай
гөр»,— деп таңырқап қойды. Өзіне ұнап қалды бұл жаңалық. Əкесі мен шешесінің
зираттарын есіне алды. Қазір қандай күйде екен?
— Əбдібай, айналайын, зиратқа қарай бұршы, əкем мен шешемнің басына бара кетейін,— деді. Əбдібай тағы да лəм
деместен, жолсызбен бұрылып, зиратқа төтелете тартты.Зираттың көлемі едəуір
кеңейіпті. Көбісі құлап-мұжылған ескі төрт құлақ балшық тамдар, темірден, ағаштан
жасалған қоршаулар, кейбірінің төбесіне қаңылтырдан ойылған жұлдыздар, кейбірінің
төбесіне айшық орнатылған. Осылардың бəрінен əлгінде алыстан көрінген үш күмбез
сəл оқшаулау тұр. Алыстан бəрі бірдей боп көрінгенмен, жақыннан қарағанда бірінен-
бірі өзгеше, ою-орнекті, сəн-салтанатты жасалыпты.
— Осы күні біздің ауылда өлгендеріне осындай күмбез соқтыру салтқа айналды,— деді Əбдібай. Əсет қабір-
қабірлердің арасымен өтіп, өзінің əкесі мен шешесінің қатар жатқан зираттарын тауып
алды. Сыртындағы там қоршаулары құлап қалған, үсті ши қияқ пен қурай басқан,
тегістеле бастаған қабірлердің тұсында, жүрегі суылдап екі-үш минуттай тұрды.
Əкесінің қабірінің бір жағы ішіне түскен сияқты, бірақ оған жақын барып, анықтап
қарауға Əсеттің жүрегі дауаламады. Өзінің тым-тырыс жатқан қалың зираттың ең
ортасына кеп тұрғанын енді ғана аңдағандай бүкіл он бойы тітіркеніп, дірілдеп кетті.
Əбдібай машинасын шұқылап жатыр. Келерін келсе де не істерін білмеген Əсет,
апасының қабіріне тағы бір қарады да, кейін бұрылды. «Мұндайда не деуге, не істеуге
болады екен. Үн-түн жоқ келіп, құр қарап тұрып-тұрып кеткен қандай ыңғайсыз
еді»,— деп ойлады. Бір түрлі, өз-өзінен қуыстанған ыңғайсыз күйге түсті. «Əдейілеп
бұрылғандағым осы ғана ма»,— деп ыза болды.Шетке шыға бергенінде, төбесіне
жұлдыз орнатылған темір қоршаудың ішінде қызыл граниттен құлпытас қойылған
қабірге көзі түсті. Құлпытас бетінде əйнектелген суреті де бар екен. Əсет таяу
келгенде тани кетті: бір кезде мектепте өзіне математикадан сабақ берген ұстазы екен.
«Қайтыс болған екен-ау, байғұс-ай...» Туған жылы мен өлген жылын оқыды, алдыңғы
жылы қайтыс бопты, қырық тоғыз жасында. «Байғұс шектен тыс қатал болғанымен
адал адам еді, топырағы торқа болсын»,— деп күбірледі Əсет. Ұстазы суретінде де
қабағын шытынып, ернін жымқырып түсіпті.Əсетке əке-шешесінің қабірінен гөрі
ұстазының қабірі қатты əсер етті. Өлім дегеннің не екенін енді ғана шындап сезгендей
үрей пайда болды. Тезірек кеткісі кеп, машинаға қарай асықты. «Қатал еді, байғұс,
шектен тыс қатал еді...» Математик ұстазының қит етсең, кластан қуып шығатыны,
есеп шығарғанда сəл қателессең, кешірім етпестен екілік қоятыны есіне түсті. Ол ол
ма, ауылға келген жаңа киноларды қатал бақылап отырушы еді. Егер фильмнің ішінде,
ең болмағанда, бір жерінде қыз бен жігіт сүйісетін көрініс болса, я оқушы балаларды
клубқа кіргіздірмейтін, немесе, киномеханикті шырылдатып жүріп, əлгі сүйісетін
көріністі қиғызып тастайтын. Қызық кісі еді...Əбдібай машинасының капотын жауып,
май болған қолын шүберекке сүртті. Сөйте тұрып, анадай жердегі биіктігі кіндіктен
ғана келетін, үлкен-үлкен тастардан қаланған зиратты мегзеді:
— Əсет аға, анау, əлгі өткен қыста атылып өлген Бағлан мен Айнаштың моласы,— деді.
— Атылып өлгені қалай?
— Өздері... құшақтасып тұрып атылған. Əбдібай өзінің шорқақ тілімен: қыз бен
жігіт бірін-бірі сүйді, сонан соң атылып өлді, дегенді айтты да қойды. Не себептен,
қалай атылып өлді, ол жағын түсіндіре алған жоқ.
— Екеуін бірге көмген, мына сыртындағы тас қоршауды біз қаладық,— деп бітірді сөзін.«Бəсе, осындай бір
құқайсыз болушы ма еді, біздің ауыл»,— деп ойлады, қозғала берген машинаның
үстінен тас қоршауға жай ғана бір қарап өткен Əсет. Міне, еңіс ойда жатқан ауылдың
төбесі де көрінді.
— О, өсіп кетіпті ғой, ауыл! — деді еріксіз сүйсінген Əсет. Бұрын əр
тұста бір үйме-жүйме боп шашырап жататын, мыжырайған қора-қопсылы, үйлердің
орнын жаңадан салынған ақ шатырлы еңселі үйлер басып кеткен, жаңа көшелер пайда
болған. Ауылдың орта тұсындағы бір кезде балалар доп ойнайтын ашық алаңда екі
этажды үлкен үй тұр.
— Анау жаңадан салынған мектеп пе?
— Иə.
— Анау немене?
— Балалар бақшасы.
— Анау ше?
— Аурухана.Əпкесі хат жазған сайын ауылдың өскендігін, жаңа мектеп, жаңа клуб, жаңа үйлердің салынғанын айтатын, ол
өзгерістерді Əсет өзінше тұспалдайтын, бірақ дəл мынадай көрнекті болар деп ойлаған
емес. Машина дөңнің үстіндегі əпкесінің үйінің алдына кеп тоқтай қалған. Əсет жерге
түсер-түспестен əпкесі кеп бас салып құшақтап, көпке дейін айырылмай қойды. Толып
жатқан əйелдер, кемпірлер шуылдасып кеп қоршап алды, бірі маңдайынан, бірі
бетінен, бірі қолынан сүйіп амандасып, мүлдем құлағын тұндырып, басын айналдырып
жіберді. Əсет олардың кейбірін танып, кейбірін шырамытса, кейбіреулерін таныған
жоқ. Бірақ өздері жалпақтап кеп мұны қолынан сүйеді. «Айналайын-ай, үлкен азамат
болыпты-ау... Асылдан қалған тұяғым-ау»,— десіп жатыр. Əпкесі жəне бір əйелдер
көздерінің жасын сығып жүр. Онан кілең бір бойжеткен сүйкімді қыздар мен
жасөспірім балалар кеп, қол алысып амандасып жатыр. Бəрі «ағалап» тұр, бірақ Əсет
олардың бірін де таныған жоқ, тек күлген күйде: «жақсы ма, айналайын», «сəлемет пе,
қалқам» дей берді. Бəрі де əсем, нұр жүзді көрінді. «Қандай əдемі жастар өскен»,—
деп сүйсінді Əсет. Бұрын ол өзін əлі жаспын деп ойлайтын, ал қазір едəуір есейіп
кеткендей сезінді өзін. Соншалық бір сый-құрметпен, ілтипатпен өзіне жаудырай
қараған жастардың алдында қалай тұрып, қалай жүрерін, қалай сөйлесерін
білмегендей, қысылып қалды.Үйге кіріп, шешініп, енді «үһ» деп отыра бергенде
жездесі мен көрші-көлеңдегі үш-төрт ақсақал келді. Бəріне ұшып тұрып, сəлемдесіп,
кейбіреулерімен құшақтасып, кейбіреулерімен қол алысты. Үйдің іші-тысы бірдей той
қамында екені, кіріп-шыққан адамдардың бəрі той шаттығында екені көрініп
тұр.Сыпсыңдаған жас келіншектер дереу дастарқан жайып, майлы шелпек пен
бауырсақты үйе төгіп, шай əзірледі. Осы көңіл, осы көріністің бəрі Əсетті де алып
ұшқан бір жақсы қуанышқа бөледі.Шай үстінде де мұнымен сəлемдесуге келген
көрші-қолаң, əйел-еркек үздіксіз кіріп-шығып жатты. Ауыл үйдің ең бір ыстық,
қайталанбас салт-салтанаты.Қайта-қайта көзіне жас үйіріліп, айналып-толғанып,
əпкесі келе береді.
— Жалғызым... жарығым... күнім менің, — дейді. Басқа жай сөздерді
айтқысы келмейді. Інісіне мейірленіп, елжірей қарайды. Өстіп тек Əсеттің апасы ғана
қараушы еді. Сондайда оның өзінің де тамағы құрғап, көзі жасаурай бастағандай
болады. Соны сезгенде шай құйып отырған келіншек, əпкесіне:
— Жə, болды енді, бауыры келгенде жылағаны несі. Шай ішкізші,— дейді.
— Жыламаймын. Жыламаймын...— деп əпкесі көзін сүртіп, далаға кетеді. Бірақ көп ұзамай қайта
кіреді.— Айналайын... жарығым... күнім! «Осы бір сəттер үшін, осындай ыстық
сағыныш үшін өмір сүру қандай жақсы»,— деп ойлайды Əсет. Шайдан кейін Əсет
біраз ұйықтап демалғысы келді.

2
Қанша ұйықтағаны белгісіз, бір кезде сыртта, есік алдындагы шаң-шұң еткен дауыстардан оянып кетті. Сөздерінің арасында Əсеттің атын атап қояды. Əсет төсектен басын көтеріп, терезеден қараған: əпкесі бұл əкелген
жібек орамалды басына байлап апты, соны екі-үш абысын-ажыны ортаға алып,
əрқайсысы əр жақтан тап-тап беріп, таласып тұр екен.
— Əй, қатын, Əсет саған бауыр болғанда бізге бөтен дейсің бе? Əкел мен салам,— дейді біреуі.
— Қойыңызшы, сізге жараспайды. Мына маған беріңдер! — дейді екінші жастау келіншек.
— Əй, өз басымнан да түсіп қалмайды. Аулақ жүріңдер! — дейді əпкесі. Осы кезде бағанағы шай
құйған сыпсың қара келіншек, əпкесінің сырт жағынан кеп, қапелімде жаулықты
жұлып əкетті. Қаша жөнелді.
— Қап, мына жаман қарды-ай, ə! — деп айырылып қалған əйелдер сəл қуа түсіп кейін қайтты.— Айттым жаңа маған бер деп... Əпкесі жалаң бас күйінде шашы қобырап, күліп отырып қалды. Онан соң өзінің бұрынғы орамалын
байлады. Əсет енді көріп отыр, əпкесі анау жылғысынан əжептəуір қартайып қапты,
етжеңденіп толған. Қырықтағы жасынан гөрі сəл кекселеу көрінеді. Үстіне ұзынша
қып тігілген барқыт камзол киетін бопты. Белін ақ бөз белбеумен орап алған. Сірə,
белі ауыратын болғаны ғой. Тоғыз баласы бар, соларды өсіру оңай дейсің бе?Əсет
төсекке қайта жантайды. Сырттағылардың сөйлескен сөздеріне, əзіл-оспақтарына
құлақ түріп жата берді. Əлден уақытта əпкесінің:
— Апыр-ау, мына келе жатқан Зағипа ма, ей?! — деген даусы қаттырақ шықты. Əсет елең ете қалды..
— Амансыз ба, тəте? — деген ұяң дауыс та естілді.
— Аманшылық. Өзің де үй ішің, бала-шағаң аман ба? Мал-
жандарың сау ма? Иə, қайдан жүрсің, қарағым-ау. Құмнан бері көштіңдер ме?
— Екі-үш күн болды, мына астыртқа көшіп келгенімізге. Ауылға ұн тартқызып алайын деп
келіп ем.Əпкесі Зағипамен тағы біраз сөйлесті. Бір кезде Зағипа:
— Əсет келді ме? — деп сұрады.
— Келді ғой, қарғам. Түні бойы жол жүріп шаршаған емес пе, демалып
жатыр.
— Со келді деп естіп, амандасайын деп едім. Мен Əсетті көрмегелі талай жыл
болды ғой... Он бір, он екі жыл бопты. Қандай болды екен, көрейін деп ем. Баяғыда
кішкентай күнімізде екеуміз атқа мініп жарысушы ек...
— Күте тұр, қазір оянып қалар...«Шынында Зағипаны көрмегеніме он бір, он екі жылдай боп қалыпты-ау...—
деп ойлады Əсет. — Иə... сегізінші кластан кейін көргем жоқ...». Бір кезде Əсеттің əкесі
колхоздың жылқысын бағатын да, Зағипаның əкесі қойда болатын. Кейде жаз кезінде
жылқылы ауыл мен қойлы ауыл қоңсы қонғанда Əсет пен Зағипа екеуі екі атқа мініп
ап, мал қайырып, жарысып ойнаушы еді. Жаңағы Зағипаның айтып отырғаны сол кез.
Ал бертін келе есейген шақтарын неге еске алмайды. Екеуі жазғы демалысқа
шыққанда жайлаудағы үйлеріне талай рет бірге қайтпап па еді. Зағипаға байланысты
бір ұмытылмас сəт əлі күнге Əсеттің есінде. Əсет ылғи өзінің балалық балғын шағын
ойлағанда, сол кезді аса бір сағынышпен есіне алады. Өз өмірінің ең бір кіршіксіз,
сүттей ақ таза шағы деп біледі...Жазғы емтихан кезінде Зағипа мен Əсеттердің үйі,
Ешкіөлмес тауының теріскей астыртында көрші отырды. Ол кез екеуінің алтыншы
класты бітіретін жылы болатын. Емтихан аралықтарындағы екі-үш күнде бұлар осы
орталықтағы мектепке үйлерінен тау асып, атпен келіп жүрді. Кейде екеуі екі атқа
мініп келеді, кейде бір атқа мінгесіп келеді.Бірде, ұмытпаса, ақырғы емтиханның
қарсаңында болар, күн жауынды боп, жылқылар үй маңынан ұзап, ықтап кетті де,
Зағипа мен Əсет ауылда қалған жалғыз атқа мінгесіп шықты. Күні бойы сілбіреп
жауған жауын тек бесін кезінде ғана толастаған. Қалың тұман иықтан басып тұрды.
Белуардан келген тау шөбі жауын суына шылқып тұр.Екеуінің мінгені — көшкенде
жүк артатын, астынан өтсең — мыңқ етпейтін, китің жол жорғасы бар, жуан торы ат.
Зағипа алдында да, Əсет ат көрпенің бір жағын төсеп артқа мінді. Бұта-бұтаның
арасын қуалап, биік асуға қарай ирелеңдеп өрлейтін жалғыз аяқ тау жолымен тартып
кетті. Жануар торы ат, талай биік асулардан жүк тартып өткен мықты мал емес пе,
жауын езген тайғақ сүрлеумен бір сүрінбей мысықша өрмелейді. Тұяғы тайғанақтаған
кей тұста тізерлеп əкететін сияқты.Жол тік шаншылып көтерілетін тұстарға келгенде,
Əсет кейін сусып түсіп қалмау үшін Зағипаның белінен құшақтап ұстап алады. Ол
кезде Зағипа етіне қол тигізбей орғып тұратын киіктің лағындай шəлкес мінезді, ерке
қыз болатын. Əсет өзін құшақтаған кезде:
— Жібер деймін, жібер, қытығым келеді!.. Ой-бай-ай...— деп шыңғыра күліп, Əсеттің қолын ұрғылайды.
— Енді қайтем, артқа қарай домалап барам.
— Домаласаң домалай бер, менен ұстама...
Біртіндеп бұлар тау үстіне көтерілген сайын, қою тұман сейіліп төменде қала берді. Биік асудың төбесіне
шыққан кезде, аспан шайдай ашық екен, сумен жуып-жуып əбден тазартылған, бірақ
əлі кеппеген көкшіл əйнек сияқты, ұясына таяған күн қып-қызыл боп мөлтілдеп
жарқырап аққан алып ракета сияқты. Сол бір күн онан кейін Əсетке еш уақытта сондай
боп көрінген емес. Аспанның да, күннің де талай əдемі сəттерін көрді, бірақ дəл
сондағыдай көрініс қайталанған да емес, болған да емес.
— Алақай, таудың үсті қандай жақсы! — деп айқайлап жіберді Зағипа. Төменде, əлгінде өздері шыққан жақта өркеш-
өркеш болып қалың тұман жатыр шөгіп, жыбыр-жыбыр қозғалады, толқиды. Жел
қуып əкеп, ықта іркіліп тұрып қалған, түтілген қоңыр жүн сияқты. Кей тұсы
бозғылтым, кей тұсы қарауытқан, ал батыс жағын күн сəулесі қызылға бөктіріп
тастаған.
— Ала-а-қа-ай-й!..Қыз даусына биік тау шыңы қосылып, əйнекше зыңылдап
жаңғырығып кетті.
— Əсет, қарасаңшы! — деді қуаныштан есі шығып, ат үстінде отыра алмай кеткен Зағипа.
— Қарап тұрмын ғой,— деп Əсет оны құшақтай алған.
— Хи-хи-и!..— деп ыршып кеткен Зағипа Əсетті өзімен бірге ала-мала ат үстінен
домалап түсті жерге. Екеуі де жауынға шылқыған қалың шөпке ұмар-жұмар болды. Со
күйде ішектері қатқанша күлді, бірін-бірі қытықтады, алысты, жұлысты. Ал торы ат
аңырайған күйде бұларға қарап, тоқтап тұрды.Тек күн ұясына қонған кезде ғана бұлар
ойынды тоқтатып, орындарынан тұрған. Екеуі де нарттай боп қызарған, терлеген,
үстері əбден шылқып су болған.
— Ой-бай, қазір тау арасында жын-перілер болады, кетейік,— деді Зағипа.Əсет торы аттың кейін кеткен ер-тоқымын жөндеп, тартпаларын қайта тартты. Онан соң, қолтығынан демеп, алдымен Зағипаны мінгізді, тастың үстіне
шығып өзі мінді.
— Жаңа ғой, мына үшкір тастардың үстіне жығылғанда өлетін ек,— деді Зағипа.Бұлар торы атты китің жорғасына салып, ымырт қараңғылығында, ойға ирелеңдей түскен тастақ жолмен, ескі тас қыстаулардың арасынан өтті. Үңірейген
иесіз қыстаулардан сəл қорыққан Əсет Зағипаны мықтап құшақтап алды. Зағипа да
тым-тырыс, жан-жаққа жалтақтай қарап, атты тынымсыз тебінеді. Бір жақсысы,
əйтеуір, күнгей жақта тұман жоқ екен. Қыстауды біраз ұзап шыққаннан кейін ғана
«уһ» деп дем алған Зағипа:
— Бұрынғы уақытта осындай тас қыстауларда қалай тұрды екен қорықпай? — деп қойды.Күнгейдегі ауыл орталығына ел орынға отыра жеткен. Екеуі де үсті-бастары су-су, əбден қалжырап шаршаған бойда, Əсеттің осы əпкесінің
үйіне кеп, кешкі тамақ — кеспе көжеден ішер-ішпестен құлаған еді. Ертең емтихан,
ерте тұрып, кітапты тағы бір қарап шығулары керек.Екеуі де жартылай шешініп,
жартылай киімшең күйінде қатар құлаған. Əсет ұйқысы қанып бірінші оянды. Таң
алды екен, үйдің іші жап-жарық. Қозғалып еді, мойнын бірдеңе жыбырлатқандай
болды, қараса қасында жатқан Зағипаның бұрымы екен. Ұш жағы тарқатылыпты,
қышқылтым иісі бар — ашыған айранның иісі. Зағипаның басына басын түйістіріп
иіскеді, қышқылтым айран иісі кереметтей ұнады. Енді бірде қыздың ұйықтап жатқан
кескініне қарады, ақырын ғана білдірмей бетінен сүйгісі келді, бірақ батпады. Тек
шашының тарқатылып жатқан ұшынан ғана ұрлана сүйді...
Қазір сыртта кеп, мұның оянуын күтіп отырған сол Зағипа.Сегізінші класты бітіретін жылы Зағипа осында бір
жесір əйелдің үйінде тұрып оқыған. Көктемге салым сол əйелдің үйіне, алыстағы
төркінінен, бір жамағайыны іздеп келіп, ұзақ уақыт қонақтап жатты. Əскер қатарынан
қайтқан жас жігіт екен. Сол жігіт келгеннен кейін-ақ Зағипа өзгере берді. Бұрынғыдай
алысып-жұлысып ойнауды қойып, класта партасынан тұрмастан, ылғи тұнжырап
отырып алатын болды. Өзі мүлдем ересейіп өсіп, сұлуланып тола бастады. Сөйтіп
жүргенде жазғы демалыс басталды да, оқушылар жан-жаққа тарап кетті. Күзде Зағипа
мектепке қайтып оралған жоқ, малдағы əке-шешесі жібермепті-міс деген сөз болды.
Онан бірер жыл өткен соң малда жүрген бір жігітке тұрмысқа шығыпты деген де хабар
жетті. Əсет төсектен тұрып, үсті-басын дұрыстап, айнаның алдына барып шашын
тарады. Қатты ұйықтағандікі болу керек, көзі қызарып қапты, бозаң тартқан жұқалаң
кескіні ісіңкі. Таза ауаға шығып, біраз жүрсем басылып кетер деп ойлады.Ауызғы
бөлмеге дабырлай сөйлесіп əпкесі мен Зағипа кірді. Əпкесі есіктен сығалап:
— Е, тұрыпты ғой, айналайын,— деді қуана даудырлап.Əпкесіне еріп бөлмеге бет-аузы қара
ала-торала болған, басына қызыл ала гүлді орамал байлаған, жалақ ерін кексе бір əйел
кірді. «Құдай-ау, Зағипа осы ма?» — деген ой Əсетті осып өтті.
— Аман-саусыз ба? — деп кеп əйел қол алысты. — Əсет мені танымайтын да шығар,— деді күліп. Көзі ғана
сол бұрынғы Зағипаның көзі.
— Неге танымаймын, Зағипасың ғой,— деді Əсет, бірақ ішінен: «рас танымағандай екем, апыр-ау, əп-əдемі қара торы қыз емес пе еді, не боп кеткен»,— деп таңырқады. Үстіндегі киімдері тым қораш. Рас, қымбат жібек пен
пүліштен тігілген, бірақ қалай болса солай иық, етектері олпы-солпы тұр. Жүріс-
тұрысы да бір түрлі бүгежектеп басады. Именшектеп барып орындыққа отырды.
— Иə, ауылды ұмыттыңыз ғой, келмейтін болдыңыз ғой,— деді.
— Қызмет, қол тимейді.
— Біз сияқты дейсің бе, анда барам, ал кеттім деп жүре беретін, бұлардың сағаттары
санаулы ғой,— деп қойды əпкесі. Мұнан кейін үй іші, бала-шаға жайын сұрасты.
Зағипа өздерінің əлі қойда екенін, хал-тұрмыстарының жақсы екенін, алты баласының
барын, үшеуінің осы орталықта интернатта жатып оқитынын айтты. Кезегі келгенде
өзі де:
— Балаларыңыз қанша? — деп сұрады.
— Бір ұлымыз бар.
— Е, бұл қалада тұратындардың бір-екі баладан асырмайтын салты емес пе,— деді осы тұста əпкесі.
Мұрнын тыжырып, тіпті жақтырмайтынын білдірді. Зағипа тағы біраз отырды, əрі-
беріден кейін, сөйлесетін сөз де қалмады.
— Қой, шаруама барайын. Əлгі диірменде кезекке тұрып кетіп ем,— деп орнынан тұрды.
— Кешкісін тойға кел,— деп əпкесі қоса тұрды.
— Келеміз ғой.
Зағипа шығып кеткеннен кейін де Əсет көңілі əрі-сəрі боп
тұнжыраған бейжай күйде қалды. «Апыр-ай, неге осынша өстіп кеткен,— дей берді.—
Əлі жас емес пе, менімен жасты еді ғой...» Кімді кінəларын білмейді. Зағипаның өзін
бе, жоқ, əлде малшының ауыр тұрмысын ба? «Тұрмысымыз жақсы» дейді,
«Табыстымыз» дейді, «Алты балам бар» дейді мүмкін көп баланың бейнеті шығар...
Есіне өзінің əйелі түсті. Қалада оның ауруханаға жатып қайтатын кездеріне бұл онша
көп мəн бермейтін, солай болуы заңды сияқты көрінетін. Енді, міне, сол жай жаңағы
Зағипадан кейін есіне түскенде, бір түрлі жағымсыз, сөкет көрінді. Егер сол əлі
жиырмадағыдай көрінген өзінің сүйкімді жас əйелі көп балалы болып, соның мехнат-
бейнетінен осы Зағипаша қартаятын болса, Əсет қайтер еді? Өзіне тең тұтуға
қомсынар ма еді, əлде ардақтап аялар ма еді? Тегінде, Əсет өте балажанды. Бала үшін
дүниенің басқа қызығынан безуге бар. Бірақ əйелі де дəл мына Зағипадай күйге түсер
болса... Түу, мұның əйелі ешуақытта мұндай қадамға бармайды. Ендеше текке бас
қатырып қажеті қанша. Əркімнің өзіне лайық биігі болмай ма. Киініп ауызғы бөлмеге
шыққан, əпкесі дастарқан əзірлеп жатыр екен.
— Қарның ашты-ау, қалқам, сорпа ішші,— деді.
— Далаға біраз бой жазып келейін,— деді Əсет. Сырттан айқайлай
сөйлеген шалдың даусы естілді.
— Бала қайда?! Үйде ме?
— Ойбай, əне, Есімбек атаң келді,— деді сасқалақтай сыбырлаған əпкесі.
— Əсетжан, атаңның кемпірі қайтыс болған жуырда, ұмытпай қазір көңіл айт. Сөйткенше болған жоқ, көзілдірік киген,
құндыз бөрікті, ұзын шапанының сыртынан шашақты ақ жібек белбеуі бар Есімбек
атасы да кіріп келді.
— Ассалаумағалейкүм!
— Уəғалайкүміссалам! Иə, есен-саумысың, балам,— деп келіп Əсеттің маңдайынан иіскеді. Шалдың сақалынан, жалпы бойынан əдемі бір əтірдің иісі шығып тұр. «Жарықтық, қанша қартайса да серілік əдетін
тастамапты-ау»,— деп Əсет іштей жымыңдап қойды. Есімбек — Əсеттің əкесінің
əкесімен бірге туысқан кісі. Қазір сексеннің төрінде. Жас кезінде қалаға кетіп, бай
саудагерлердің қолында жалшылықта жүріп, етінің тірілігімен көзге түсіп, талайды
аузына қаратқан, көңілі жүйрік, ойы сергек, ойын-сауық десе жанын салған сері жігіт
болыпты. Онысын өзі де айтады, ал замандас болған қарттар «Есімбектің істегендері»
деп аңыз ететін.Атасы төрге барып жайғаса отырды да, ақ жібек орамалын алып,
сақал-мұртын сылап сүртіп қойды. Басқа шалдар құсап сақал-мұртын қолымен емес,
ақ жібек орамалмен сылап-сипайтыны да серіліктен қалған əдеті.
— Уай, көп болды ғой бұл төңіректе көрінбегеніңе балам,— деді тамағын кенеп...
— Оқу... қызмет...
— Иə-ə... біздікі жəй сөз ғой. Жас кезіңде оқығаның, көп жүріп, көп тұрғаның, көпті көріп
қалғаның дұрыс. Ағайын-туған деп қайтесің, бұларға алаңдап. Ол сен алыста жүргенде
— бұлардың бауырлары езіліп, емексіп тұратыны, ал ертең осылардың ортасына
келші...
— Ой, жарықтық-ай, бір жөн сөз айта ма десе өстіп қисыққа кетеді енді,— деді
жақтырмаған əпкесі күңкілдеп. Бұл сөзін құлағының мүкісі бар шал естіген жоқ. Естісе
тас-талқан болады.
— Ата-оу,— дейді енді əпкесі дауыстай сөйлеп.
— Мына ұлыңыз, сіздің үйге кіріп көңіл айтып шығам ғой деп отыр еді, өзіңіз кеп қалдыңыз. Енді
қысылып отыр,— деп көпе-көрнеу өтірікті соғып жіберді.
— Е, жарайды, онда тұрған не бар,— деді шал қолын бір сілтеп.— О кемпір өлсе өзі үшін өлді, біреу үшін өлді
дейсің бе,— деп кеңкілдеп күліп қойды.— Ертең мен де өлем, е, сонда сендерге
міндетсуім керек пе...
— Бұ кісіге бірдеңе айтсаң, өзінше бір жаққа бұрып əкетеді,— деді кейіген əпкесі.— Аруақты сыйламай ма сонда. Кеше қолынан дəм татқан əжесі емес пе.
— Оның жөні бөлек,— деді атасы, енді көңілі басылып, жабырқай сөйлеп.— Əжеңді алыс сапарға аттандырып салдық, балам. Топырағы торқа болсын, иман берсін байғұсқа...— Шал əлгіндегі ақ жібек орамалын алып, көзін сүртті. — Жарықтық-ай, мықты-ақ еді,— деп атасына жаны ашыған əпкесі де жылап жіберді. Сəлден соң көзін
құрғатып:
— Ата-ау, ас үйге жүріп сорпа ішіңіз. Мына үйлерге қазір орындық, стол
қойып тойға əзірленеміз,— деді.Əсет есік алдына шыққан. Ac үй мен сырттағы
жерошақтың төңірегінде қатын-қалаш, бала-шаға сапырылып жүр. Зыр жүгіріп, шу-шу
етеді.Əсет үйдің сырт жағын айналған. Ұзын тақтай орындықта жездесі көршілерімен
əңгімелесіп отыр екен. Сəлден кейін екі-үш жас жігіт жəне келді. Бəрі Əсетпен
сəлемдесіп, амандық сұрасып, онан соң сыйғандарынша орындыққа, сыймағандары
іргеде жатқан көк тасқа отырысты. Бірі — Əсетпен кішкентайдан бірге өскен, бірге
оқыған Құрақбай деген жігіт.
— He істеп жүрсің? — деп сұрады Əсет.
— Сиыр фермада осеменатормын.
Күн түстен ауып, еңкейе бастапты. Аспан сəл мұнартып тұр... Ауа
жайма-шуақ жып-жылы. Əсет сөзге араласқан жоқ, ойда жатқан ауылға анықтап қарап
алды: кімдердің үйі қай тұста еді, үйлердің əлі қаншасы қалған, жаңа үйлер қандай
үлгілермен, қалай салынған — бəріне ойша көз жіберді. Оған бəрінен де екі этажды
жаңа мектеп қатты ұнады, ойға салынса да биік көрініп, өзінше бір төбе боп тұр.
— Ауыл тіпті өсіп кетіпті ғой,— деді.
— Өсті ғой. Осы үйлердің көбі соңғы екі жылда ғана салынған,— деді Құрақбай.
— Қазір жұрт деген байып алған.
— Мектеп əдемі салынған екен, өзі үлкен,— деді.— Үлкені үлкен-ау, бірақ басында тағы бір қабат
көтеруді ойластырмаған. «Енді бірер жылдан кейін балалар сыймайды» деп мектеп
директоры жылап жүр,— деді Құрақбай күліп.
— Сыймағаны қалай?
— Бала көп. Өткен күзде бірінші класқа сексен екі бала барған екен, ал алдағы күзде жүзден асады деп
отыр. Ендігі жылы одан да көбейеді.
— Сонда ауылда қазір қанша түтін бар?
— Алты жүздей.
Əсет таңырқай жымиып, басын шайқап қойды. Шыңғырлаған қоңырау үні
келді құлаққа.
— Қоңырау соғылды,— деді Құрақбай.
Мектеп алды жыпырлаған балаларға толып кетті. Кішіректері алысып-жұлысып, бірін-бірі қуалап, доп теуіп
шуылдаса бастады, жоғары кластар болу керек, бойлары таралған жас қыздар мен
жасөспірім ұлдар топ-топ боп күн шуақтап, сабырлы тұр.
— Жастар көбейіп келеді екен,— деді Əсет сүйсіне қарап.— Қандай əдемі жастар.Сол-ақ екен, отырғандар ал
кеп жастарды даттай жөнелді. Бірінің сөзін бірі жалғастырып, қазіргі жастардың
қиыншылық көрмей, ерке өсіп келе жатқанын, бұзақылық істеуге ізденіп, дайын
тұратынын, тамақ ішкенде де, киім кигенде де кесірлі екендерін тізіп шықты.
— Ойбай-ау, əлгі қыста атылып өлетін қыз бен баланы айтпайсың ба?! Соларды алып
бара жатқан ненің ғашықтығы еді десеңші,— деп сөзге кекселеу мұртты адам
араласты.
— Солар кімнің балалары? — деді Əсет бағанағы Əбдібайдың сөзін есіне
түсіріп.
— Осында, ұмыттың ба, жоқ па, Құрман деген диірменші бар емес пе еді.
— Иə, иə.
— Соның өткен жылы мектеп бітірген қызы болатын.
— Ұлдары есімде. Өңшең бірінен-бірі өткен сотқар еді, ал қызын білмеймін.
— Қайдан есіңде болсын, сен кеткенде мұрнын сүрте алмай жүрген бала ғой... Сол қызға күзде өзі қатарлы бір жас
бала үйленем десе, əлгі сотқар ағалары маңайлатпай қояды.
— Ол кімнің баласы? Мүмкін мен білетін шығармын.
— Баяғыда Кəлен деген жатақ болған, анау ауылдың түстік жағындағы терең сайда қауын-қарбыз салатын. Кезінде жұрт оны мазақтап «Бақшашы Кəлен» деп жүретін.
— Бақшашы Кəленді білем ғой.
— Білсең сол... Жаңағы бала да сол Кəленнің ұрпағы. Аты кім еді, сол баланың, Құрақбай?
— Бағлан болатын.
— Иə, иə, Бағлан...
— Ол баланы мен де білетінмін,— деді Əсет. Есіне ұзын
бойлы, ақ құба өңді, мойнына ылғи сөмке асып жүретін 14-тер шамасындағы
жасөспірім бала түсті.— Біз орта мекепті бітіретін жылы жетінші класта оқыды емес
пе? — деп сұрады Құрақбайдан.
— Дəл өзі.— Сол Бағлан Құрманның балалары қарындастарын оңайшылықпен бермейтінін білген соң, қызды алып қашты. Бірақ қолға түсіп қап, əлгі өңшең нойыс немелер жігітті итше тепкілеп, қарындастарын алып
қалады. Содан бірер ай өткен соң, əлгі Бағлан қызды екінші рет алып қашады. Бұл
жолы аман құтылып, мына көрші колхоздағы туысының үйіне барып жатқан жерінен
қыздың ағалары ести сап, бір машина боп қуып барады да, жігітті тағы да ұрып
жығып, қызды алып кетеді.
— Қыз қайтып жүр сонда?
— Қыз ботадай боздап, жігіттен айырылмаймын деп жүр. Бірақ қызды тыңдап жүрген жынды ағалары ма?
— Онда заң қайда?
— Заңға жүгініп жүрген жəне ешкім жоқ қой. Ағайын болғалы тұрған
адамдармен бет жыртысқысы келмей ме, əйтеуір Бағлан ешқайда шағынбайды. Содан
соң қыста. Бағлан бір түнде қыздың үйіне кіреді де... білетіндердің сөзіне қарағанда,
терезені ашып кірген болу керек... қызды құшақтап тұрып өзін мылтықпен арқадан,
дəл өкпе тұстан атады. Оқ екеуін бірдей тесіп өтіп, сол құшақтасқан күйлерінде
өлді.
— Мылтықпен өз арқасынан қалай атып жүр?
— Мылтықтың дүмін қабырғаға көлденең тіреп тұрып, шүріппені ұзын ілгек сыммен басқан...Бұл оқыс əңгіме Əсеттің
тұла бойын түршіктіріп, оны жабырқаған соншалық бір ауыр күйге түсірді... «Əй,
ауылдың, осынысы-ай, жап-жақсы боп келе жатып, аяқ асты өстіп бірдеңені бұрқ
еткізетіні бар-ау. Өмірден түңілдіріп жібере жаздайды-ау...» Əсет жас жігіт пен жас
қыздың мына қылығын азғандық қой деп ойлады, артынша: ау, сонда сол екеуін
сондай күйге дейін жеткізіп отырған содыр ағалары емес пе? Оларды не деуге болады?
Оларды сөйтіп алшақтатып, ел-жұрт не қарап отыр? Ел аман, жұрт тынышта, барлық
заң-законның алдында осынша ауыр трагедияға қалай жол берілді.
— А əлгі содыр ағалары неге қарсы боп жүр сонда?
— Ақымақ болған соң қайтесің. Қарындасымыз əлі жас оқытамыз деседі.
— Өздері жазаланды ма.
— Қайдан. Ел іші, ағайын-туған емес пе, жылы жауып қоя салды. Оның үстіне қыз бен жігіт: «біз үшін ешкім кінəлі емес»,— деп қолхат жазып кетіпті. Біразға дейін барлығы да үнсіз отырып қалды. Əлден уақытта
əңгіменің бетін бұрғысы келген əлгі мұртты адам:
— Алматыда не жаңалық бар, айта отыр, шырақ? — деді Əсетке бұрылып.
— Несін сұрайсыз?
— Аспанмен тілдескен жаңа қонақ үй салып жатыр еді, бітті ме?
— Біткен.
— Енді бір жиналыс бірдеңеге шақыртса, барып жатады екенбіз ғой. Бəрін айт та бірін айт, өзіме Алматыға барғанда бəрінен де сол қонақ үйі ұнайды. Екі-үш күн жатсаң да жаның жəй тауып, əй, бір демалып
қаласың-ау.
— Пах, пах, шықты! — деді осы кезде Құрақбай көшенің арғы жағына
мойынын бұрып. Бəрі солай қарай қалған. Почта үйінен шыққан ақ свитер, юбка киген
сымбатты бір келіншек көшені бойлап келе жатыр екен.
— Бұ кім? — деп сұрады Əсет.
— Почтаның бастығы,— деді, келіншектің əрбір басқан қадамына ыржия қарап
қалған Құрақбай, онан соң: — Кəдімгі өзімізбен бірге оқыған Сəулетай ғой,— деп
қойды. Əсеттің жүзін жалын шарпып өткендей ду ете түсті. Өзінен-өзі қысылып,
сасқалақтап, қалтасына қолын салып, орамалын алды, сүртінген болды, онан қайта
қалтасына салды. Қолын созып, Құрақбай ұстап отырған шыбықтың жартысын қалай
сындырып алғанын сезген жоқ.
— Өй!.. Қап, əлгінде біреуден сұрап əкеле жатқан жеміс ағашы еді. Бақшама отырғызам ба, деп ем. Қап...— деді Құрақбай
өкініп. Сəулетай ешқайда бұрылмастан, ешкімге назар салмастан, сол тік жүрген
қалпында, басын тəкаппар ұстап бұлардың дəл қасынан өте берді. Əсет оны бұрылар,
сəлемдесер деп ойлаған жəне өзімді қалай ұстасам екен, орнымнан тұрсам ба екен,
əлде отыра берсем бе екен деп қысылған. Бірақ Сəулетай бұрылған да, қараған да жоқ.
Əсемдігін, өрлігін сездіргендей жүрісі сонша паң, кербез еді. Тек таяп өте берген кезде
Əсет оның да қызарып бара жатқанын байқады. Артынша: «мүмкін өзінің өңінің
қызылдығы шығар»,— деп ойлады Сəулетайдың екі бетінің бал-бұл жанып, қаны
ойнап тұратынын есіне алып: «Тіпті əдемі боп кетіпті-ау!...» Қаншама жек көрем,
жазғырам дегенімен, көкірегінің түбінде ұрланып жатқан бірдеңе лап етіп тұтанып
ұлғайып бара жатқан сияқты. Сəулетайдың сыртынан бір-екі рет ұрлана көз тастады.
Көкірегі астаң-кестең боп кетті. Біріне-бірі қарама-қарсы шым-шытырық сезімдер:
кінəлау, жазғыру бар, ызалана күйіну бар, құлап түсер ынтықтық бар — бəрі қосылып
өкініш деген үскірік боп азынап тұр...Əсет естіген: Сəулетайдың сонау жылы күйеуге
шыққанын, ол күйеуінің аттан жығылып өлгенін, сонан кейін екі баламен жесір қалып
бір жылдай отырып, тағы да біреуге күйеуге шыққанын, ол күйеуінің сотталып
кеткенін — бəрін естіген. Ал қазіргі күнде қалай екенін білмейді. Жанында
отырғандардан сұрауға батпады. «Бүлдіріп алармын»,— деп қорықты.

3
Тойға жиналған жұрт қоңсы отырған үш үйге лық толды. Үлкен үйде ең сыйлы деген
қонақтар: ауданнан келген бірлі-жарым адамдар, құдалар, ауылдың белсенділері;
айқай-шуы болады деп жастарды шеткері оңаша үйге жіберген, ал үшінші үйде
кемпір-шалдар жəне жастар тобына да, сыйлы адамдар санатына да жатпайтын əр
түрлі қонақтар. Əсет үлкен үйдегі қонақтармен отырды. Əуеліде жұрттың ыңғайына
қарап, жайдары, көңілді болуға тырысты. Бірақ біраздан кейін іші пысып, зеріге
бастады. Көңілсіздік торлады. Осындай жиын-той кезінде Əсет көңілінің жүдеу
тартып, құлазитын жаман əдеті бар. Талай уақыт өткен болар, тарқайтын мезгіл де
таяған шығар деп Əсет сағатына қараған: «оу, тоқтап қалған ба»,— таңданып құлағына
тосты, жоқ, жүріп тұр екен, əлі он жарым ғана. Осынша ұзақ отырғандарында екі
жарым сағат қана уақыт өткен бе?! Түу.. Əлі бір жарым сағаттай отырады ғой, бұлар.
Он екісіз тарамайды,— деген ой Əсеттің көңілін мүлдем жүдетіп жіберді. Есіне
проводник қыз, бір қалыпты тербетілген бұйығы вагон түсті... Сол вагонмен кете
берсе, жол ұзақ таусылмайтын болса...Басы ауыра бастағандай болған соң, Əсет
столдан кейіндеу отырып, қолымен маңдайын уқалады.
— Қарғам, бір жерің ауырып отыр ма? — деді кіріп-шығып жүрген əпкесі таяп кеп сыбырлап қана.
— Жо-жоқ...
— Жастар отырған үйге барасың ба? Жүрші.
— Бəрібір ғой, осында-ақ отыра берейін.«Олар қайбір жетісіп отыр дейсің»,— деп ойлады.
— Жүр... Жүре ғой!.. Əпкесі Əсетті зорлағандай ертіп алып шықты. Жастар отырған үй, сыртынан тыңдағанда
араның ұясындай дуылдап түр екен. Əсет ауызғы бөлмеге кіргенде — бір келін-
шектермен үрсысып теңселіп түрған Қүрақбай мұны көріп ыржия күліп қоя берді.
— Əй!.. Əй, аузыңды ұрайын!..— деп Əсетті иықтан қойып қалды.— Сен немен-ей, бізді
менсінбейсің бе?.. Сен өзіміздің Əсетіміз емессің бе?.. Бастықтарда нең бар, келсеңші
ортамызға...Əсет тіксініп қалған. Бірақ Құрақбай сол теңселген күйде, сұқ саусағын
жоғары көтеріп:— Сен біздің... мақтанышымызсың!.. Отыр ортамызда...— деді
ықылықтап. Түп үйдегілер Əсетті өре түрегеліп қарсы алды. Шулап қоя берді.
— О-о!.. Əсет!..— Əсет келді!..— Ура-а!.. Ура-а!..
— Жоқ, бері, біз жаққа отыр!..Басы айналған Əсет тұс-тұстан қол созып, жапа-тармағай болған көптің қошаметінен сəл қысылып, шынында да қайда отырарын білмей тұрып қалған. Той басқарушы болу керек,
қолында тоқпақтай етіп ширатып ұстаған орамалы бар мұртты жігіт мұны қолтығынан
ұстады да:
— Тынышталыңдар! — деді айқайлап.— Əсет қарындасы мен күйеу
баласының қасына отырады. Екі жас мұны орындарынан тұрып, ізетпен қарсы алды.
Қарындасы қызарып ұялып, бетін баса берді, күйеу жігіт те ұялшақтап күліп тұр. Екеуі
де Əсет отырған соң барып отырды.
— Əсетке штрафной құйылсын!..
— Əсетке толтырып құйыңдар!..Жұрт тағы шулап кетті. Осының өзінен-ақ Əсет құлағы тұнып,
бағанадан бері үлкендермен отырып ішкендері басына шыққандай болды. «Бір
кішкене отырған соң, білдіртпей таю керек»,— деп ойлады.
— Əсет сөйлесін!..
— Əсет көтертсін тосты!..
«Бар жақсы тілек айтылып болды ғой, мен айтатындай не қалды
дейсің?» Дегенмен де, жастық үшін, махаббат үшін деп бірдеңелерді айтты, бірақ
сөзінің қалай шыққанын, əсері қандай болғанын білген жоқ. Қызып алған жұрт,
дуылдасып ішіп салды.
— Ал, жолдастар! Бастықты тыңдаңдар! — деді той басқарушы
жігіт. Галстугін ағытып, ақ көйлегінің жеңін қайырып апты, өзі əбден қара терге түсіп,
қып-қызыл болған.
— Хормен Əсетке құтты болсын айтамыз... Ал, бір... екі.. Бастадық! «Құтты болсын тойыңыз, Əсет ағай-оу-у...». Отырған қыз-келіншектер, жігіттер, ойнақы, əсем əнді бір кісідей іліп əкетті. Күні бұрын даярланған болу керек,
сөздері де тойға лайық, жарасымды, əзілі бар шумақтар. «Тамаша!.. Əдемі..— деп Əсет
жымиып қойды.— Қалай сытылып кетсем екен...» Ол көзінің астымен отырғандарға
жағалай қарап өтті. Көпшілігі өзіне таныс бірге ойнап, бірге өскен келіншектер (бір
кездегі қыздар) мен жігіттер жəне таныс-бейтаныс жаңа жеткен балғын жігіттер, жас
қыздар. Бəрінің өскендеріне, жеткендеріне қарап қуануға, сүйсінуге болады, бірақ
бұлардың ортасында отыру да көңілсіз еді. Бəрі бір көргеннен ашық-шашық жатыр.
Осылардың ортасында өсті-ау... Қарап отырса ойға қонбайтын сияқты. Күлкілі-ақ...
Көңілі пəсейіп қалған Əсет отырғандарға тағы да жағалай қарап шықты. Есік жақта
ыржия күліп, көзі қылиланып кеткен Əбдібай да отыр. Жалбырап көзіне түскен шашын
талдап жұлып алады да үрлейді. Мəз боп күледі. Қой, кеткен жөн болар. «Қалай
шықсам екен...» Кенет, көзі дəл қарсы бүйірде, əн ырғағына қарай ерке қылықпен
басын қисаңдатып отырған, бұйра шашты секпіл бет жас қызға түсті. Өлеңді Əсетке
қарап күліп айтады, шолжаңдап, еркелеп отырған сияқты. Əйтеуір, өзінің жүзінде
адамды еріксіз жымитатын бір сүйкімді балғын қылық бар. Мұрны сəл тəмпіштеу,
қасы қиылып тұр, көзі күлмең қағып жыпылықтайды, шашы бұйра, қысқа қиылған, өзі
сұлу емес, жо-жо... бірақ Əсеттің бүйірін бүлк еткізді. «Ойпырай, бұл кімнің қызы
ей...» — дей берді. Бүкіл той Əсетке көңілді, думанды көрініп кетті. Өң мен түстей
əдемі бір масаң күйге түсті. Хор аяқталған. Басқарушы жігіт тағы бір əн айтқызды, бұл
да əдемі хор... «Мықты ғой, мыналар!» — деді сүйсінген Əсет. Өзі əлгі қыздан көз ала
алмай отыр. Қу қыз мұның өзіне қарағанын сезген сияқты, алдындағы жылтыр қағазды
конфеттің бірін ашып, Əсетке ұсынды.
— Достар, толтырылсын тостар! — деді басқарушы жігіт ұйқастыра дауыстап.Қанша əн айтылды, мұнан ары қанша отырды, Əсетке бəрі көрген түстей ғана тізбектеліп өте берді. Көкірегі алып ұшқан асқақ
сезімге, мақтанышқа толды: осынша көңілді отыру, осынша əсем думан тек мұның
ауылының жастарында ғана бар, тек осынау жастар ғана осылай отыра алады, басқа
ешқайда да, еш жерде де жоқ мұндай отырыс...
Ол өзі көрген талай тойларды есіне алған: мынаның жанында оның бəрі де жансыз, жасанды, көңілсіз ғаңа жиындар ғой.
Ол тойларда: бірін-бірі аңду, бақастық, іштарлық, сыбыр-күбір болатын, еркін жазылу,
той-думанға тəн алаңсыз көңіл, сауықшыл көңіл, төгілген көңіл болмайтын... Өзімен
кетсін ол тойлар!
— Достар!.. Би!.. Би!..— деді басқарушы жігіт.— Бəзікен, ал баянды қолыңа!
Əсет енді ғана байқады, сонау бұрышта тығылып қана Бəзікен отыр екен. Сол
баяғы үндемейтін, ішсе қып-қызыл боп отыра беретін кішкене Бəзікен. Біреу оған
өзінен үлкен баянды ұстатты. Ал кетті əсем музыка!..Əсет əлгі сепкіл бет қызбен
биледі. Енді билей жүріп байқады, үш ұйықтаса түсіне кірмеген сұмдық əсем қыз ғой.
Жақыннан қарағанда секпілдеу жүзі тіпті сүйкімді көрінді. Қыз денесінің балғындығы,
шымырлығы есті алардай. Əсеттің əзілдегісі келді, оны кішкене балаша аяғын жерге
тигізбей тік көтеріп тұрғысы, мазақтағысы келді, қыздың мектепті бітіргенін біле
тұра:
— Айналайын, нешінші класта оқисың! — деді. Қыз жымың ете қалды, қу қыз іші
бəрін сезіп тұр.
— Он екінші класта,— деді.
— Жоқ, сен не алтыншы, не жетінші класта оқитын болуың керек. Əй-əй-əй... ертең мұғалімдерің ұрсады ғой енді.
— Ұрыспайды. Ұрысатын болса оқымай қоям.
— Оқымай қойсаң, апаң ұрсады...
— Апам ұрысса, қашып кетем!..
— Қайда?
— Айтпаймын...
Қыз күліп жіберді. Осы кезде бұл би аяқталған, сөз амалсыздан үзілді. Əсеттің қасына Құрақбай келді. Көзі жұмылып
кеткен. Бірдеңе-бірдеңе дейді, Əсет оның не айтқанын түсінген жоқ. Бірақ оны
құптаған адамдай басын изей салды. Құрақбай екі рюмканы шүпілдете толтырды.
— Əсет... келші... келші...— деді бірін бұған ұсынып,— ...екеуміз соғыстырып бір
ішелікші... Сен би дегенді қойсаңшы... қалада күнде билеп жүрсің ғой... Отыр,
əңгімелесейік... Аузыңды ұрайын... Сен неге хат жазбайсың, а?..
Осы кезде əлгі қыз келіп, Əсетті биге өзі тұрғызып əкетті. Билей жүріп бұған соншалық бір балғын
кескінмен жымия қарады. Еріндері...
— Айналайын, сұрау қояйын ба?
— Жоқ. Нүкте қойыңыз.
«Қарай көр, ей өзін...?» деді сəл тосылып қалған Əсет. Онан соң ойланып
барып:
— Нүктеден кейін жаңа сөйлем бастауға болады ғой,— деді.
— Болады. Тек мен тырнақша ашып берем, сіз ішіңізден ойлаңыз.
— Жоқ, мен дауыстап айтқым келеді. Қыз мақұл, айтыңыз дегендей басын изеді.
— Айналайын, сен осы ауылдың баласысың ба? — деді, «қызысың ба» деуге, бір түрлі аузы бармады, ұялды, əдеп
сақтады.
— Иə.
— Кімнің баласысың? — Тағы да «кімнің қызысың?» деген сөз
көкірегінде қосарлана айтылып, сайрап тұрды.
— Шалғынбайдың.
Əсет ойланып-ойланып есіне түсіре алмады. Шалғынбайды біледі, осы ауылдың құз жақ шетінде
тұратын, қабаған иттері көп үй, ал оның қызының бары есінде жоқ. Жұрт тағы стол
басына отырды. Тағы да əндер айтылды, тостар көтерілді, мас бола бастағандар
көбейді. Əсеттің сыртқа шыққысы келді, мынау жас қызды алып шығып сөйлескісі
келді. Тек қана сөйлескісі келді. Оның əдеті, өзіне ұнаған қызбен көшеде əңгімелесіп
жүргенді жақсы көреді. Бірақ қалай шақырарын білмей, бата алмай көп отырды.
Шықпай қоя ма деп қорықты. Ақыры көзіне көзі түскен кезде ымдап еді, қыз ыммен
келісті. Екеуі басқа жұртқа сездірмей сыртқа шыққан. Киімдерін сыртқа алып шығып
киді. Қыз да масаңдау сияқты көрінді. Түн жарымынан ауған кез болу керек. Даланы
тастай қараңғылық орап апты. Тау жақтан салқын самал есіп тұр. Екеуі үн-түнсіз
оңашалау шеткі көшеге қарай жүрді. Сəл ұзап шыққаннан кейін Əсет қыздың
қолтығынан ұстап, өзіне қарай тартты да, қарсы алдына тұрып бетіне үңіліп, əлгіндегі
үйдегі ойнақы қалыпқа салып:
— Айналайын, атың кім? — деді.
— Айналайын, атым Шынар,— деді қыз да ойнақы күймен іліп əкетіп.
— Айналайын, жасың нешеде?
— Айналайын, он сегіздемін.
— Айналайын, мен жиырма сегіздемін.
— Маған жасыңыздың керегі жоқ. Нүкте.
Қыз жүзін көтеріп бұған тіктеп қарады, күліп тұр.
— Мен қазір саған ұрсамын... неге мен шақырғанда шығасың. Мен кəрі қасқырмын
ғой.
— Ал мен қорықпаймын...
— Онда мен қазір сені сүйемін. Нүкте.
— Ал мен қорықпаймын...
Əсет жайлап еңкейіп кеп, қыздың тоңазып тұрған ернінен сүйді. Қарап
еді, қыз көзін жұмып əлі күліп тұр екен. Əсет тағы сүйді. Онан соң біразға дейін екеуі
де үн-түнсіз жүріп келе жатты. Кейбір үйлердің тұсынан иттер үріп шығады, абалап
тұрып-тұрып, бұлар қайрылмаған соң кейіндеп қала береді. Көшеге тым таяу салынған
қоралардың іргесінен өткенде, іштегі малдардың күйіс қайырған күтірлері естілді. Əсет
қыздың атын ұмытып қалды, ойланып көріп еді есіне түсіре алмады. Қайталап сұраған
жоқ. «Қойшы, маған атының қажеті не»,— дей салды.
— Айналайын, сен не ойлап келе жатырсың?
— Сіз туралы.
— Жақсы ма, жаман ба?
— Жаман.
— Неге?
— Сол.
— Айналайын, онда мен енді сүймейін.
— Сүймеңіз.
— Рас айтасың ба?
— Рас айтам.
— Кəне...
Əсет тоқтап қыздың жүзіне қараған, күліп тұрған жоқ, шын сөзі сияқты. Ол бір
түрлі ыңғайсыз, торыққан күйге түсті. Бағанадан бергі қыздың қылығына жыны
келді.
— Айналайын, онда неге шықтың мен шақырғанға?
— Айналайын, сіз ұнадыңыз...
— Ендеше неге ренжисің?
— Мен ренжігем жоқ.
— Күліп тұрсың ба?
— Күліп тұрмын...
— Кəне...Қыз шынында да күліп тұр екен. Екеуі ауылдың шетіне
шықты. Үлкен дөң бар, соның үстіне көтерілді. Дала тастай қараңғы. Ойда ауыл
жатыр. Əр жерден бір, терезеден жылтыраған от көрінеді. Тойдан тарағандардың
масаң дауыспен даурыға салған əндері естіледі.
— Ағатай, жұрт тарап жатыр,— деді қыз.
— Айналайын, үйге қайтқың келді ме?.. Маған қарама, қайта ғой, апарып салам.
— Жоқ.
— Ұялып тұрған шығарсың, қайта ғой.
— Қайтпаймын! Нүкте!
Қыз жалт бұрылды да, Əсеттің құшағына тығылды, бұған еркелей қарап:
— Ағатай, айналайын... тоңдым...— деді. Əсет оны құшағына тартты да, құшырлана тұрып ұзақ сүйді.
Байқағаны, қыз сүйісуді білмейді екен, тек сұлқ тұра береді.
— Ағатай, бірдеңе айтыңызшы,— деді біраз үнсіздіктен кейін қыз.
— Не айт дейсің?
— Сұрау белгісін қойыңыз?
«Нені сұрасам екен»,— деп ойлады Əсет.
— Сен жақсы қызсың ба, жаман қызсың ба?
— Білмеймін... жақсы қыз шығармын.
«Айналайын, сен шынында да жақсы
қыз боларсың... рас, жақсы қызсың, бірақ қалай жақсысың, көркіңмен бе, мінезіңмен
бе, ол жағын білмеймін тек, əйтеуір жақсы қызсың»,— деп ойлады Əсет.
— Айналайын, сен туралы жұрт не дейді?
— Ағатай, жұрттың сөзіне мен құлақ аспаймын. Нүкте қойып жүре берем.
— Айналайын, сенің сүйген жігітің бар ма?
— Жоқ, ағатай.
— Неге?
— Білмеймін.
— Бұрын жігіттермен сүйістің бе?
— Мектепте оқып жүргенде бір бала сүйіп алған, онан сіз.
Əсеттің ішінде сол өзінен бұрын сүйген бір балаға деген қызғаныш жылт ете қалды.
— Ол қазір қайда?
— Əскер қатарында.
— Хат алысып тұрасыңдар ма?
— Иə.
— Сен оны сүйесің бе?
— Білмеймін... Бұрын ауылда жүргенінде сүймейтін сияқты едім, тіпті кейде жек көретінмін, ал əскерге кеткеннен бері сүйетін сияқтымын. Біреуді күткен, сағынған жақсы ғой.
«Айналайын, сен маған кереметтей ұнайсың. Көрдім де ұнаттым. Тегінде, мен тез қызыққыш, ұнатқыш адаммын, осы
уақытқа дейін талай қызықтым, талай қыздарды ұнаттым. Бірақ сен олардан
басқашасың. Сені мен өзгеше ұнататын сияқтымын. Сенің бойыңда ерекше бір қасиет
бар тəрізді...».
— Айналайын, ағатай, мен тоңдым.
— Мен не істейін енді, айналайын-ау, өзім де тоңып тұрмын ғой, қарашы, қалай дірілдеймін.
— Мен таптым... Əнеу бір жерде қораның төбесінде шөп бар, сонда шығайық.
— Жүр, жүр... Жүгірелік.
Қораның үстіндегі жұмсақ шөпке екеуі де аунай кетіп көміліп алды. Құрғақ шөптің сан алуан
кермектерден, қышқылтымдардан қосылған қою иісі шашалтып, түшкіртіп жіберді.
— Ағатай, мына шөп қандай ғажап!..
— Керемет екен!
— Бр-р, бу-бу-бу-бу... Ағатай, мен не дедім?
— Сен... сен...
— Тырнақша ашыңыз...
— Сен, тырнақша ашылады... Осы жерде ұйықтаймын дедің, тырнақша жабылды.
— Дұрыс. Соңына нүкте қойылады. Енді, ағатай, жаңа жолдан сызықша — сіз сөйлеңіз.
— Мен, мен сені...
— Болды, болды, үш ноқат...
Шалқасынан жатқан күйде Əсет аспандағы сансыз жұлдыздарға қарады.
Қыз шөпті үңги түсіп, бұған тығылысып жатты да:
— Ағатай, у-у-у-у...— деді. Əсет оның не айтқанын түсінді де, пальтосының өңірін ашып құшағына қысты. Үңіліп
қыздың көзіне қарады... «Қайда жүргенсің осы күнге дейін, жаным-ау, неғып кеш
қалғансың базардан... Жо-жоқ, қыз базардан кешіккен жоқ, өз базарына енді ғана жетіп
отыр, базардан бұл келмей тұрып, бұрынырақ қайтып кеткен Əсеттің өзі де...»
«Қарағаның қандай жақсы, қарағым...» Ақындар да айтқыш-ау!..
— Мең-зең, өң мен түстей халде. Басында түк ой жоқ...— деді қыз.
— Айналайын, не айтып жатырсың?
— Жақында бір кітап оқып едім, сол есіме түсіп жатыр. Бас кейіпкеріне автор «Мең-зең,
өң мен түстей халде. Басында түк ой жоқ...» дейді көбіне. Сол кітапты менің жолдас
қызым да оқып еді, оған ұнаған жоқ. Басында түк ой жоқ болса, ол қандай герой дейді.
Ал маған сол геройдың басы толып жатқан шым-шытырық ойларға сықап тұратын
сияқты. Сіз қалай дейсіз?
— Қайдам...
— Қайдам емес, дəл солай, ағатай. Кейде мен өзім де бірдеңеге жабығып ойлаған кезімде: «Мең-зең... Басымда түк ой жоқ...» — дегім кеп тұрады.Əсет қыз айтып отырған кітаптың авторын танитын. Соны есіне
алды. «Қандай бақытты...— деп қызғана ойлады.— Егер осы əңгімені ол естісе ғой...
О-о!..»
— Айналайын, ағатай, неге көңілсіз боп кеттіңіз. Жарайды, енді, басқа əңгіме
айтайықшы.
— Мен көңілсіз емеспін, ойланып кетіппін...— деді, ағатай өзінің бір сөзінде.
— Ха-ха-ха!..Екеуі қосыла күлген. Астындағы қора ішінен аттың оқыранғаны,
жер тарпыған дүбірі естілді.
— Тс-с! Екеуі де тым-тырыс тына қалған. Іргедегі үйдің терезесінен шамы жарқ ете қалды. Есікті сықырлата ашып, тысқа ақ көйлек, ақ дамбалды, иығына шапан жамылған шал шықты. Төңірекке барлай қарады да, жайлап
жүріп кеп қораның аузын ашып, сіріңке шағып атын көрді. Аты оқыранып қойды.
— Тə, не көрініп тұр,— деп шал күңкілдей сөйледі. Онан сыртта қақырынып-түкірініп
біраз жүрді де, қайта үйге кіріп кетті.
— Ағатай, жүр енді кетелік,— деді қыз.
Əсет қораның үстінен əуелі өзі қарғып түсті де, құшағын ашып, төмен қарай шөп үстімен
сырғи жөнелген қызды көтеріп алды. Көшенің ортасына шығып, екеуі қараңғыда
сипалап тұрып бірінің үстіне жабысқан шөпті бірі тазалады. Осы кезде тұс-тұстан
бірімен-бірі бəсеке еткендей шуылдасып тауық шақырды. Əр қорадан үш-төрт əтеш
бір-ақ шақырады. Шығыс жақ сəл түйіліп қалды да, артынша бозаң тарта бастады.
— Ағатай, тоқтайықшы, мен осы арадан үйге қарай жүгіріп кетем.
Енді көшенің ортасында бір-біріне қарсы қарап тұрды. Таңғы бозамықта қыз жүзі боп-боз боп,
секпілдері көрінбейді. Бағанағыдай күлмейді де, Əсеттен көз айырмастан мұңая
қарайды.
— Айналайын, не ойлап тұрсың?
— Сіз туралы ойлап тұрмын.
— Қалай деп?
— Ағатай, сізді жұрт жаман деуші еді...
— Рас жаман ба екем?..
Қыз басын шайқады.
— Мүмкін, екінші кездескенде жаман болармын.
Қыз тағы да басын шайқады.
— Сіз қыста осы ауылда қыз бен жігіттің құшақтасып тұрып атылып
өлгендерін естідіңіз бе?
— Естідім.
— Сүйген қызыңыз үшін сіз солай істей алар ма едіңіз?
— Білмеймін,— деп күлді Əсет.
«Шынында да істей алар ма едім?» — деген ой
келді Əсеттің өзіне де. Қызды өзіне тартып, сұп-суық бетіне бетін тигізді. Көзін жұма
тұрып қыздың алқымына тұмсығын тықты. «Қандай тұнық... қандай тұнық...» Тізесі
дірілдеп, теңселіп кеткен.
— Ағатай, мен кетем...Қыз екі үйдің аралығындағы қысқа жолмен жүгіре жөнелді. «Менің де атылуым мүмкін-ау...». Анадай жерге жүгіріп барды да, қыз сəл қайырылып:
— Жоқ, сіз атыла алмайсыз, ағатай,— деді мұның ойын дəл білгендей.

4
Ертеңіне Əсет бір көңілді күйде жүрді. Өз-өзінен іштей күліп, үнсіз жымия
береді. Үйге кіріп шыққан сайын, ауылдың шетіндегі қабаған иттері көп үй жаққа
қарай береді. Көзге бір көрінбес пе екен деп дəмеленеді. «Қызық-ау, өмір деген,—
дейді іштей,— осыдан он шақты жыл бұрын Шалғынбайдың үйі жағына да телміре
қараймын-ау, деп кім ойлаған...». Қыз күн ұзынға, үйінің сыртына ең болмаса қылт етіп
бір шықпай, көзіне бір көрінбей сілесін қатырды. Алақтай-алақтай Əсеттің көзі талды.
Бұ не деген ұзақ күн, мүлдем өтпей қойды. Кешкісін тағы той бар. Енді күйеу жігіттің
үйінде келін түсіру тойы. Əсет сол кешкі тойды асыға күтуде. Ол түске дейін тегіс
ауылды аралап шықты. Кешегідей емес, ауыл бүгін оған əбден ұнады. Төбесінде шөбі
бар,— түнде үстіне өздері шығып жатқан қораның жанынан өткенде, іргесін су
кеулеген мыжырайған аласа қора көзіне оттай басылды. Əсетке ыстық, қуанышты
сəттің куəсі еді бұл қора. Енді бірде ол өзінің Сəулетаймен алғаш рет сүйіскен кезін
есіне алды. Анау клубтың сырт жағындағы тасада екеуі кездескен болатын. Сол жылы
колхоз алғаш рет каркастан үй саламыз деп, сол жерге көп қамыс əкеп түсірген еді.
Анасы қайтыс болардың алдындағы қыс болатын.Орта мектепті бітірген Əсет, апасы
аурулы болған соң, оқуға бара алмай қалды. Бір қыс колхозда істеген. Бірде, қыс
кезінде ол апасынан ұрлап ақша алып шығып, өзі сияқты екі-үш жас жігітпен бірігіп
бір жарты сатып ап, соны бөліп ішіп, клубқа қызып келді. Тіпті шынын айтқанда
араққа қызған да жоқ еді, бірақ ішкенін сылтау қып қыздарға қызу сияқты көрінуге
тырысты. Сəулетайдың қасына кеп сүйкене тұрған.
— Ұят-ай, мынау ішіп апты, ей,— деді ол бетін шымшып.
— Жұмысың болмасын, онан да далаға жүр,— деді Əсет батылданып.
— Қайда?
— Ана қамыстың түбіне. Сөйлесетін сөзім бар.
— Кет, ары. Бармаймын,— деп Сəулетай сықылықтай күлген.
— Бармай көр, тура өлтірем!..
— Сен бе, ей?..
— Мен.
— Ха-ха. Жарайды, қазір барам.
Қамыстың түбіне келген соң, Əсет мастығы тарқағандай, не айтарын білмей қысылып біраз тұрды.
— Кіп-кішкентай боп сен неге ішесің, ей?! — деді Сəулетай.
— Кім кішкентай?
— Сен.
— Онда мен саған көрсетейін...
Əсет бас салып оның бетінен сүйген, Сəулетай мұны итеріп қалды. Екеуі
күлген бойда алыса кетіп, қамыстың түбіне ұмар-жұмар болып еді...Сол күннен бастап
екеуінің арасында ойынға да жатпайтын, шынға да жатпайтын қызық қарым-қатынас
басталды. Кездесе кеткенде бірін-бірі мазақтайды, онан балаша алысады, ақыры
сүйіседі. Махаббат, сүйіспеншіліктің араларында бар, жоғы екеуіне де белгісіз еді. Сол
көктемде ауылға ауылшаруашылық институтынан практикаға бір студент жігіт
келген, көп ұзамай Сəулетай оп-оңай соған ауып кетті. Əсет біраз налыды, күйінді,
Сəулетайға жылармандай боп тұрып хат жазып жалынды да, бірақ қыз мұны қайтып
маңайлатпай қойды. Кейіннен практикант студент қайтып кетті де, Сəулетай екіқабат
боп қалды. Бұл кезде апасы қайтыс болған Əсет ауыр қайғыдан есін əзер деп жиып,
оқуға кетуге жиналып жүрген. Туыс-туғандары қиғылықты салды: «Сен ешқайда да
бармайсың. Өзің бұзған қыз, енді соған қайтсең де үйлендіреміз. Ағайын арасын
ойрандама», — деп. Ауданда Əсетті учеттен шығармай қойды. Нағыз бір ауыр кез еді,
Əсет үшін. Ауыл қарасын енді қайтып көрместей боп кеткені де сол ғой. Қазір ойлап
қараса соның бəрі өзінің емес, басқа біреудің басынан өткен оқиға сияқты. Ұят та,
күлкілі де көрінеді. Енді бірде: «Почтаға кіріп, Алматыға заказ беріп, сөйлессем бе
екен» деп ойлады Əсет. Ондағы ойы Сəулетайды көріп, сөйлескісі келген еді. Бірақ
артынша ол ойынан тез айныды. Ерегескенде күн батпай қойды-ау. Ақыры Əсет
ауылды аралаудан да жалықты, бірінен кейін бірі сəлемдескен адамдардан да мезі
болды. Күн шуаққа шығып, үй іргесіндегі ұзын тақтай орындыққа шаншылып отырды
да қойды. Екі көзі Шалғынбайдың үйі жақта. «Осы менің мұным не?.. Шыным ба?..
Əйелім бар, балам бар адаммын, онша жас та емеспін, еліге беретін кезден өттім емес
пе, ал енді мұным қалай?.. Естісе, білсе ел-жұрттан масқара ғой. Адам болған, ақыл
кірген, есейген түрі мынау ма, деп күлмей ме... Жоқ, қою керек... құрысыншы... Бір
шынашақтай қызға сонша есім кетіп. Ең болмаса, ол бір пəлендей сұлу болса екен-ау...
өзі секпіл...». Осылайша ақылға кеп өзіне-өзі тежеу салғанмен, бəрібір түндегі қыз
бейнесі шырқ айналып көкейінен кетпей қойды «Айналайын ағатай»...— деп көз
алдында тұрып алады. Қыз бойындағы өзгеше бір ойнақы балғын сүйкімділік, ерке
қылық есіл-дертін алып, дегбірсіз күйге түсірді. Бірауық ол өзінің мұнан бұрынғы
көңілдес болған қыз-келіншектерін есіне алып, көңілін алдарқатпақ боп көрген, бірақ
онысынан түк шықпады, мына қыздың қасында соның бəрі көмескі тартып, оңған
суреттей сұры қаша берді.
Кешкісін Əсет Құрақбайды ертіп, қарындасы келін боп түскен құданың үйіне келді. Мұнда да қонақтарды үш үйге бөлген екен. Əсетті сыйлы қонақтар отыратын үлкен үйге мегзеген. Əсет онда бармай жастар отырған жаққа
кірді. Кірген бойда бірден сол қызды іздеген, бірақ көзіне түспеді. Жоқ екен. Оның
есесіне бүгінгі тойға Сəулетай келіпті. Əсет төрдің бергі жақ бұрышына отырған, ол
арғы жақ бұрышында отыр. Əсет өзінен-өзі қысылып, екі беті дуылдап, қызарып
тершіп кетті. Сонысын білдірмеу үшін:
— Түу, үйдің ыстығы-ай,— деп бетін желпіді. Кірген-шыққанға елеңдеп, əне кеп қалар, міне кеп қалар деп ол қанша
күткенмен, кішкене қыз келмеді. Дуылдаған той басталып, кешегідей жақсы тілек
білдірген талай тостар айтылып, тамақ ішіліп, енді ойын-сауық пен биге кезек
келгенде, Əсет бой жазып, салқындап қайту үшін тысқа шықты. Сол кешегідей тастай
қараңғы айсыз түн. Тау жақтан ескен салқын самал бар. Əсет көшені бойлап жүре
берді. Сол масаң күйге түсіп, басы айналып, ештеңені ойлаған жоқ сияқты еді, сөйтіп
келе жатып Шалғынбайдың үйінің тұсына кеп тоқтаған кезін бір-ақ білді. Енді не істеу
керек? Кейін қайту керек пе, жоқ үйге кіру керек пе? Үйге кірсе не деп кіреді? Қызды
қалай алып шығады? Шалғынбай шал үйінде болса масқараның көкесі болады
ғой...Есік алдынан үш-төрт ит бірдей арсылдай бастады. Қараңғыда өздері көрінбесе
де, үргендеріне қарап əрқайсысы тайыншадай болар деп түйді Əсет. Байлаулы болу
керек, ешқайсысы жүгірген жоқ. Əсет көше шетіндегі шарбақтан бір қазықты жұлып
ап, оңайлап ұстады да терезеге келді. Қымтап жабылмаған перденің ашық жерінен
ішке сығалады. Шалғынбай шал, кемпірі, қызы жəне екі кішкене баласымен жер
үстелде шай ішіп отыр екен. Қыз шығар деген оймен, Əсет терезені қақты. Баланың
ересегі ұшып тұрып терезенің алдына келді:
— О кім? — деді.
Əсет шеттей тұрып, ішке көрінбей қолын созып, тағы қақты. Əлгі ересек бала жүгіріп сыртқа шыққан. Əсет
үйдің артына тасалана берді.
— Əй, бұ кім? — деді бала қырылдаған дауыспен. Сəл күтті де жауап болмаған соң:
— Шынар шықпайды,— деді айқайлап. Тағы біраз тың тыңдап тұрды, онан соң:
— Онысы несі, жынды ма, ей,— деді күңкілдеп. — Əй, кім де болсаң иттерді босатып жіберем де сорыңды сорпадай қайнатам. Кəне, шық бері!.. Əсет қолындағы таяқты қыса түсіп, демін ішіне тартып тым-тырыс қатып қалған. Бала тағы
біраз тұрды да ақыры:— Жарайды, бір жолға иттерді босатпаймын, ал енді терезені
қағатын болсаң, аяйды екен деме! — деп ескертті де үйге кіріп кетті. Əсет кейін
қайтты.«Шықпаса қойсын. Қояйыншы осыны»...— деп түйді. Аспанға қарады.
Самсаған жұлдыздар, əлденеше есе көбейіп құжынап кеткен тəрізді. Мұндай жиі болар
ма. Будақ-будақ боп шыққан тозаңша үздік-создық созылған құс жолы аспанды қақ
жарып, белдеулеп алған. Əсет дүниенің ұшы-қиырсыз кеңдігі туралы ойлады, құс
жолындағы тозаң сияқты сан миллиондаған жұлдыздардың кез келгені күннен де
əлдеқайда үлкен олардың бір-бірінен ара қашықтары миллиардтаған жарық жылмен
есептеледі, ал сондай алып дүниенің жер деп аталатын тозаңнан да кішкентай бір
бөлшегінде адам өмір кешеді. Қызық-ау, сол адам шексіз өмір сүреді, бір-біріне ғашық
болады. Жер деп аталатын планетасының тозаңнан да кішкентай екенін ұмытып, өзі
дүниенің бір құлағын ұстап тұрғандай болады. Ой жіберсең күлкілі-ақ. Анау Жетіқарақшы Алматыдан қарасаң да осы тұста, Москвадан қарасаң да осы тұста, Жер-
Ананың күйкілігін ойласаң зəрең ұшады. «Ертең қайтамын... Қош боп тұр, туған ауыл.
Енді тағы біраз жылға дейін келе алмаспын...». Ол енді əйелі мен баласын, онан соң бірге жүріп, бірге тұрған жолдастарын есіне алды. Баласының перронда бұған екі
қолын бірдей созып, жылап қалған сəті көз алдына келсе, ет жүрегін езіп жібере жаздайды, əкесінен мүлдем айрылып қалып бара жатқандай шырқырады-ау. Бала деген со да, қазір ғой тəтті ұйқының құшағында болар. Əйелі қайтіп жатыр екен?
Бұрын жалғыз қалып көрмеп еді, елегізіп қорқып жатыр ма екен... Мұны есіне алып жатқан болар... Өзін бірге ала кеп, ауылды көрсету керек еді. Жолдастары неғып жүр
екен. Бұл кеткен екі-үш күннің ішінде, ресторанға барған сайын, мұны ауыздарына бір
алып қойып жүрген шығар: «Əй, келіңдерші, əлгі Əсет үшін бір көтерелік»,— деп.
Еске алатындары даусыз. Өмірде сондай жолдастары бар адам бақытты-ау.Үйге таяп
қалған кезде қарсы алдынан Əбдібай шықты.
— Машинаң дайын ба? Мені ертеңгісін ерте апарып саласың ғой.
— Дайын. Онан соң Əсетке еріп біраз жүре түсті де: — Шынар біраздан кейін келеді,— деді.— Əкесі ұйықтаған соң... Сасып қалған Əсет қапелімде оған ештеңе деген жоқ. Қуанарын да, таңданарын да білмеді. Мойын бұрмастан үйге
кіріп кетті. Ойынның қызған кезі екен. Ойын басқарушы:
— Кəне, Əсет, жоғары шық. Өзіңе көрші тап,— деп оны төрге өткізді де: — Əй, Майшелпек, былай тұр, алдыңдағы
жерге Əсет отырады,— деп Сəулетайдың қасында отырған жастау жігітті тұрғызып
жіберді. Əсет босаған орынға, Сəулетайдың қасына кеп отырды.
— Сəлематсыз ба,— дейді Əсет сыбырлап.
— Жақсы. Мұнан əрі екеуі де сəл бір ыңғайсыз күйлерін көпшілікке білдіргілері келмегендей, беттері дуылдап, ойын басқарушыға қарай қалды.
— Жолдастар, қазір мен əуелі қыздардан көршілерімен татулығын сұрап
шығам. Тату еместеріңіз, ұнатқан көршіні сатып алуларыңызға болады. Ал мына
шеттен бастайын... Лəйлə, көршіңмен татусың ба?
— Жоқ, аразбын. Күн көрсетпей ұрыса береді,— дейді ақ сары қыз күліп.
— Иə, кімнің көршісін қалайсың онда? — деп сұрайды ойын басқарушы.
— Битайдың көршісін қалаймын.
— Битай көршіңді, бересің бе?
— Жоқ бермеймін.
— Битай бермеймін дейді ғой, оған қандай салық саласың?
— Екі ауыз өлең айтсын...Осылайша əн айтылып, би билене бастады. Əсет пен Сəулетай
сол бір үнсіз қалыптарында, бір-бірімен іштей аңдысқандай боп тынып отыр. Біріне-
бірі жақыннан қарағылары келеді, бірақ қарай алмайды, тек кірпік қаққандай сəттерде
көз қиықтарын тастап үлгереді. Əсеттің байқағаны: Сəулетай қызарып отыр. «Көрікті-
ақ-ау...» — деп ойлады. Өстіп отырғанда татулықты сұраудың кезегі Сəулетайға жетті.
— Көршіңізбен татусыз ба?
— Татумын.
— Татулық белгіңіз?
Əсет оған енді анықтап қарады. Сəулетай өрттей жанып, қысылып:
— Татумыз,— деді.
— Сөзбен айту жеткіліксіз, татулық белгіңізді көрсетіңіз,— деп ойын басқарушы жігіт тықақтап
тұрып алды. Қолындағы тоқпақтай етіп білемдеп есіп алған орамалын үйіріп қойды.— Болыңыз!..Сəулетай Əсетке қарай еңкейіп, ақырын ғана ернін тигізді.
— Е, бəсе, енді дұрыс.
— Туу, тіпті жаналғыштап тұрып алды ғой,— деді Сəулетай күліп. Енді екеуінің
де қысылуы тарап, үйренісе бастағандай еді. Сірестіріп жібермей араларында қатып
отырған мұз сең-сең боп бұзылған еді. Бір-біріне еш бүкпесіз, зілсіз, кексіз кейіппен
қарасты. «Дегенмен қасіреттің табы қалыпты-ау, жүзінде»,— деп ойлады Əсет. Өз
ішінен Сəулетай да мұның бойындағы өзгерістерді түстеп қойған тəрізді.
— Қашан
қайтасың? — деп сұрады əлден соң.
— Ертең,— деді Əсет.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста