Жаңа жыл Тәуелсіздік мерекесінің алдын орай бере ме?

Жаңа жыл Тәуелсіздік мерекесінің алдын орай бере ме?

Ақиқатын айтайық, Жаңа жылға қарбалас ұлттық ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін көлеңкесінде қалдырды тағы. Санаулы күннен кейін қазақтың қанымен, жанымен келген Тәуелсіздік мерекесі. Бірақ обалы нешік, соған тәу ете алмай жүрміз. Неліктен? Жігерсіздік пе? Құнтсыздық па? Әлде қадір-қасиетін ұғынатын қауашақтарымызда тауықтың миындай бір шайнам ми жоқ па? Әйтсе де басқа-басқа, ел басқарып отырған әкімқараларды мисыз деуге әсте келмес. Бірақ қайсыбірінің намысы кем, есесіне, есерсоқ десе, жарасатын сияқты...
Күні кеше ғаламторда Павлодар облысында Жаңа жылға арналған шырша құру үшін қала бюджетінен 38 млн теңге бөлінгендігі туралы ақпарат жарқ етті. Ол долларға шаққанда 253 мың АҚШ долларын құрайды! Оның кереметтігі неде дейсіз ғой. БАҚ-та жарияланған де­рек­терге сүйенсек, бұл бас шыр­ша­ның былтырғы шыршадан артықтығы – 10 метрге бойшаңдығы. Былтыр 20 метр болса, биыл 30 метр екен (Павлодардың жергілікті билігі шырша бойшаң болмаса, Аязата келмейді деп ойласа керек). Сөйтіп, Астанадағы бас шыршадан да асып түскелі тұр. Оның биіктігі – 25 метр. Алматыдағы шыршаның бойы – 18 метр. Сонымен, әкімдер Тәуелсіздік күнін қоя тұрып, «кімнің шыршасы биік?» байқауын жариялап, өз-өз­де­рімен бәйгеге түсіп жатқан секілді. Ұлт­тық мереке – Тәуелсіздік екінші кезекке осылай түсіп отыр.
Ал ұлттық ұлық мерекеге әзірлік заң бойынша қарашаның 1-інен бас­талуы керек. Бұл «Қазақстан Рес­публикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу жө­нін­дегі ұсынымдарды бекіту туралы» Мем­лекеттік хатшы М.Құл-Мұхам­мед­тің 2013 жылғы 15 қаңтардағы өкімінде бар. Онда: «Қоғам жұрт­шы­лы­ғының назарын барынша елдің басты мерекесіне аударту үшін мере­кені ақпараттық қамтамасыз етуді 1 қарашадан бастау қажет. Ақпараттық жұмыс БАҚ-та Қазақстанның Тәуел­сiздiк үшiн күресiнiң тарихи жолын ел мемлекеттiлiгiнiң орнауы мен да­муы­ның негiзгi кезеңдерін егжей-тег­жейлі баяндалуын қамтиды» делінген. Бірақ көріп жүргеніміздей, 1 қарашадан бас­тап ұлттық бас ме­реке туралы жақ ашқан билік те, БАҚ-та жоқтың қасы. Есесіне, Жаңа жылға дайындық қар­қынды. Жыл сайын желтоқсан ту­мастан билікте Жаңа жыл­дың желігі бас­та­лады. Сонымен, Тәуелсіздік Жаңа жыл көлең­­кесінде жетім қыздай жау­таң­дап қалып қояды.
Оның үстіне, 1 желтоқсаннан-ақ жер-жерде шаһардың бас шыршасын жағу Жаңа жыл деп даурыққан жұрттың деле­бе­сін одан сайын қоздырып жібереді.
Жоғарыдағы өкімде «1-16 желтоқсан ара­лығында әрбір күн Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды деген оқиғаларға (Конституцияның қабылдануы, мем­ле­кеттік рәміздердің, ұлттық валютаның бекітілуі, «Қазақстан-2050» стра­те­гия­сының қабылдануы және басқалары) арналуы мүмкін. Бұл күндері елдің Тәуел­сіздік жылдарындағы әлеуметтік-эко­но­микалық, мәдени-гуманитарлық және қоғамдық-саяси салаларда қол жеткізген негізгі жетістіктерін аша түсетін әртүрлі форматтағы іс-шараларды жоспарлау ұсынылады» деп жазылса да, Тәуелсіздік меркесі тек сол күндер қарсаңында ғана ауызға ілігетін әдеттен әлі арылған жоқ.
Ноябрь КЕНЖЕҒАРАЕВ, филология ғылы­мы­ның кандидаты:
– Жалпы, қала халқының басым өкіл­дері, оның ішінде өзге ұлт өкіл­де­рінің де тек маргиналдық, нигилистік, космополиттік, либералдық санада, түсінікте екендігі жасырын емес. Үкімет хал-қадірінше шаруалар атқарып, бетін бері тартқысы келіп жатыр-ақ, алайда әлі идеологиялық тұрғыдан патриоттық сезім алаулап тұр деп айта алмасақ керек. Дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік, құлқынқұмарлық менталитет пен сана орын алған жерде отансүйгіштік, пат­риоттық, ұлттық сезімдер шеттетіліп қалатындай.

Әдетте, ұлты жоқ, ұлысы жоқ, қырық рудан құралған дейтін америкалықтар АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде мемлекеттік туын үйінің төбесіне іліп қарсы алады. Кез келген америкалықтың үйінде мемлекеттік ту тігулі тұрады екен мереке күні. Бұл – бұл­жымайтын дәстүр. Ал бізде әрбір қазақстандықтың үйінен Мемлекеттік Ту табыла қоюы – неғайбіл. Мемлекеттік Ту тек мемлекеттік мекемелерге ғана керек деген түсінік қалыптасқан. Ал ол елдіктің белгісі екенін ойлауға санамыз жетпейді.
Бүркіт НҰРМАҒАМБЕТОВ, саяси ғылым­дар кандидаты:
– Рас, жыл сайын бұл проблемаға тап боламыз. Жыл сайын осы уақытта бүкіл қазақтілді БАҚ Жаңа жылдың тасасында қалған Тәуелсіздік күні тура­лы жалықпай айтып бағады. Бірақ мәселе айтуда емес. Мәселе санада болып отыр. Естеріңізде болса, кеңес кезінде кеңестік мерекелер өз дең­гейінде аталатын. Оған дайындық деген де қызу болатын. Оны елемеу қылмыс еді тіптен. Неге? Онда идеология күшті болды. Жұдырықтай бала күнінен бас­тап баланың санасына құйылатын. Қазір тап сондай сананы сілкінтетін ақпараттық саясат, идеология қажет.

Желтоқсан туысымен өкшеміз көтеріліп, дүниені ұмыта бастаймыз. Сондай қарба­лас қат-қабат келгендіктен тәу етер Тәуел­сіздік күнінен гөрі Жаңа жылдың «жыры» басымырақ болатыны ешкімге құпия емес. Жаңа жылмен бәсекелесіп, бәсі төмен түс­кен қайран ұлттық мереке. Қадіріңді сенің кім білген?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста