Туымыздың қадірін білейік!

Туымыздың қадірін білейік!

Тәуелсіздігіміздің түндігінде, туған жеріміздің кіндігінде киелі шаңыра­ғы­мыздың бірлігінде, көк туымыз көкке көтеріліп, жарық ғаламға күн нұ­­­рын шашқанда, күн нұрының алтын арайымен зеңгір аспанымызда құс пат­­шасы – қыран қалықтағанда менің көз алдыма ұдайы Шәкен ағам елес­тей­ді.

Неге дейсіз ғой енді Сіз?
Қасиетті Қазақ елінің Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков ағамыз ата-бабаларымыз ежелден қасиет тұтып, символға айналдырған күнді, қыранды және аспан түстес көк бояуды әдемі астас­тырып, үйлестіріп, бүгінгі күні баршамыз­дың мақтанымызға, көз қуанышымызға ай­налған «Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік Туын жасап қолымызға ұ­с­татт­ы».
Ғаламның қай түкпірінде болмасын, қандай мемлекетте, қай елде жүрмейік, өзге мемлекеттердің самсап жалтыраған туларының арасынан Қазақстанның көк туы сонадайдан көзге ұрып, өзінің етенелі­гі­мен әрі ерекшелігімен жанымызды бау­рай­ды.
Сөз жоқ, Мемлекеттік Туымызды қазақ­тың жүрегіне өте жақын әрі етене, сонымен қатар өзгелерден өзіндік ерекшелігімен айрықшаланып тұратын етіп жасауға Шә­кен ағамыз қыруар еңбек сіңірді, қыруар қажыры мен білік-білімін жұмсады.
Американың азаматтары «біздің АҚШ-тың туы зәулім ғимараттың төбесінде ілулі тұрсын, мейлі судың астында жатсын не­месе қырық бүктеліп, умаждалып, қой­ма­ның ішінде жатсын, ораулы күйінде сөреде тұр­сын, көзіңнің қиығы түскенде-ақ, оның АҚШ-тың мемлекеттік туы екенін бірден жазбай танисың» деп мақтаныш етеді.
Бұл сөздің жаны бар десе де болады. Се­бебі АҚШ-тың туы өзіндік бедер-бел­гілері өте айқын, айшықты әрі ешкімге ұқ­самайды. Осы тұрғыдан келгенде, біздің қа­­зақтың көк туының да дизайны аса ға­жап әрі ұтымды шыққан.
Қазақта «Туың жығылмасын!», «Туың биік болсын!», «Қолдағы туың желбіреп барып, желбіреп қайтсын!», «Тәуелсіз елдің ғана Туы бар» дейтін ежелден келе жатқан жақсы тілектер бар.
Бұл – тек ту ұстап, тұлпар мінген халық­қа тән тілектер.
Тудың қадірін біліп, қасиетін таныған халыққа ғана тән тілек. Шәкен ағамыздың ке­шегі тарихымыз бен бүгінгі заманы­мыздың талап-тілектерін ескере отырып жасаған көк туы ешқашан жығылмайды! Мәңгілік Қазақ елінде мәңгі желбірейді де тұрады!

Алашымның айбары

Көк байрағым аспанымдай зеңгір көк,
Желбірейді «мен Тәуелсіз елмін» деп,
Елдігімді, ерлігімді паш еткен,
Көк туымды биіктерден көрдім көп.

Биіктерге көтерілсе байрағым,
Арқаланып, арта түсер айбарым.
Бөрі мінез, жылқы тектес бабамдай,
Ту көтерсе, намысымды қайрадым!

Алты құрлық басын иген нарқына,
Көз тимегей қазағымның даңқына.
Тарихымды өзі-ақ танып білмей ме,
Бойлаған жан Елтаңбамның парқына.

Әнұраным шырқалғанда шарықтап,
Құс патшасы көк байрақта қалықтап.
Алтын арай күн нұрымен оянған,
Өз Отанын ардақтайды халық хақ.

Кім таныса, ел белгімнен танысын,
Ертең күліп ататұғын таң үшін.
Осыларды сақтап тұрған барлығын,
Ата Заңым – ар-ожданым, намысым!

Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста