Рухани жаңғыру

Әуезов театрының Батыс Қазақстан облысындағы сапары аяқталды

  • Әуезов театрының Батыс Қазақстан облысындағы сапары аяқталды

    Әуезов театрының Батыс Қазақстан облысындағы сапары аяқталды

Батыс Қазақстан облысында бір апта бойы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы гастролдік сапарда болып, өңірді аралады. Театр ұжымы Орал қаласында, Сырым, Теректі және Зеленов аудандарында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Алғашқы күні тетрдың гастрольдік сапарына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Брифингке театр директоры Асхат Маемиров қатысты.

- Биыл театр жанындағы музейдің ашылғанына 50 жыл толады. Жарты ғасырлық тарихы бар музейге алғашқы театр әртістерінің киімдері мен фотосуреттері, афишалары, бағдарламалары, өмірден озған театр артистерінің өмірбаяндары, жеке материалдары, қолжазбалары, алған сыйлықтары қойылған. Бұдан бөлек, музей қорында спектакльдердің түсірілген бейнетаспалары да сақтаулы. Бүгінде музей қорында 30 мыңнан астам жәдігер бар. Біз гастрольдік сапарымызда театр тарихынан сыр шертетін көшпелі көрме ұйымдастырдық. Барша облыс тұрғындарын Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының фойесінде орналасқан көрмені тамашалуға шақырамыз, - деді театр директоры.

Сапар барысында өнер ұжымы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», М.Омарованың «Ақтастағы Ахико», Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан», Ғ.Есімнің «Таңсұлу», А.Володиннің (аударған А.Маемиров) «Қоштасқым келмейді...» қойылымдарын сахналды.

Театр ұжымы гастролдік сапардың соңғы күні Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасын сахналады. Басты рөлде Азамат Сатыбалды ойнап, Бейбарыс сұлтанды сомдады. Қорытынды кеште даңқты актер Асанәлі Әшімов, ҚР халық әртісі Есмұқан Обаев, театр директоры Асхат Маемиров сөз сөйлеп көрермен қауымға, облыс басшыларына разылықтарын білдірді.

Бұдан кейін өнер ұжымы гастролдік сапармен Қостанай, Арқалық өңірлерін бетке алмақ.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 125    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 10:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31