Бердалы ОСПАН:Қазақ қайтсе көбейеді

Бердалы ОСПАН:Қазақ қайтсе көбейеді

Қазақстан Республикасының басшылығына ұсыныс.
Қазіргі таңда халық саны көбеюі ең маңызды мәселелер қатарында тұр. Осы мәселенің шешімі қандай болмақ жөнінде менің өз пікірім бар.

Осы жағдайда қазақтың санын көбейту үшін көп әйел алса алу керек деген сөз айтылып жатыр. Бірақ бұл астарында нақты негіз жоқ жалаң пікір.
Қазақ тарихында бірнеше әйелді кімдер алды? Басым көпшілігі байлар алды. Қай қоғам болмасын байлар көп болмайды. Демек бұлай айтушылар жалаң сөзге беріліп жүр.
Бұл тұжырыммен келіспейтіндерге не айтуға болады?
Тарихқа жүгінелік:
"Алпамыс батыр" жыры:
Байбөрі деген бай шықты,
Тоқсан мың екен қорасы,
Қайғылы болып қамықты
Перзентсіз болып қалғанға.
Өлдік талдық дегенде
Әзіретке келеді
Алып шыққан дәулетін,
Алтын-күміс гәухарын,
Оны да бөліп үйеді
Қожаларын шақырып
Тең жарымын береді"
Байбөрі неге екінші, үшінші, төртінші әйел алмады?
"Қобыланды батыр" жыры:
Атасы мұның Тоқтарбай,
Халықтан асқан бай болды.
Бір бала көрмей Тоқтарбай
Әулие қоймай қыдырып
Етегін шеңгел сыдырып
Өтемін бе дегенде
Бір ұл, бір қыз атадан,
Қыздың аты Қарлығаш
Қобыландыға қарындас".
Тоқтарбай бай, бірақ бала жоқ. Неге көп әйел алмай жұбайы екеуі әулие аралап кеткен?!
Қош делік, әлқисса, ары қарай жылжиық.
"Қозы көрпеш - Баян сұлу" жырында былай жырланады:
"Қарабай мен Сарыбай дос боларда айтқаны:
" Екеуміз де шырағым жасқа жеттік,
Дүниеден перзент сүймей арманда өттік.
Ендеше ит айдаған бай екенбіз,
Кел, дос болсақ қайтеді қияметтік?"
Екеуі де "ит айдаған" өте бай, неге көп әйел ала салмаған, неге көп балалы болмаған?
Бұның бірден бір сеебі қазақ қоғамы көп әйел алу деген бұндай үрдіске амал жоқтықтан, материалдық және әлеуметтік жағдайдың ауыртпалығы себепті барған. Әйтпесе, сары майдай сақтап өсірген перзентін кім жетпіс-сексен жастағы шалға береді?!
Қазақ тоқал алуды жақсы демеген.
Ағыбай батырдың үш үлкен өкінішінің бірі мынадай:
"Шәкежан бәйек болып бағып жатыр,
Тек қана ылайықсыз атағыма,
Деген сөз: " Тоқалынан шықты батыр".
Не дейді, ертеңгі күн тосын адам?
Жасқанып жаудан бетім жасымаған.
Тоқалды қанша жақсы көрсем дағы,
Атыма ылайық па осы маған?"
Бай болса, көп әйел алса баласы да көп болады дейтіндердің сөздері бекер. Тағы да тарихқа жүгінелік.
Бай деген ақын Абайдың әулетін алайық:
Бар дерек бойынша Абайдың атасы Өскенбайдың бір әйелі болған. Одан көргені 2 ұл, 1 қыз; әкесі Қунанбайдың 4 әйелі болған - 6 ұл, 1 қыз; ақынның ағасы Құдайбердінің 2 әйелінен 7 ұл; Абайдың інісі Оспанның 3 әйелінен бала жоқ. Абайдың өзі 3 әйел алған 10 ұл-қыз көрген. Сонымен 15 әйелден 36 бала. Орташа есеппен алғанда әр әйелге 2,4 баладан келеді. Неге бұнша аз, бай десең бай, бірнеше әйел алған, бірақ көрсеткіш мәз емес, неге?
Шариятта 4 әйел алуға болады дегенді алға тартады кейбіреулер. Айтатын уәждері сонда бала көп болады екен.
Мұхаммед пайғамбар 12 әйел алып 3 ұл, 4 қыз көргені тарихтан белгілі. Ибрахим, Қасым, Абдаллах есімді 3 ұлының бәрі 2 жасында кетті. Неге Мұхаммед 12 әйелінен көп бала көрмеді?
Көп әйе алу керек дейтіндердің сөзі рас болса, басқа басқа пайғамбардың бала-шағасы көп болуы керек еді ғой?!
Неге Жаратқан біреуге бірнеше перзент, біреуге жалғыз бала, ал біреуге тіпті де бала силамайды?
Неге сіңірі шыққан кедейдің баласы ұлы суретші Әбілхан Қастейұлы жұбайы Сақыш екеуі 6 ұл 2 қыз көрді?
Бұндай жанұялар қазақта көптеп саналған. Мен өзім де осындай 8 балалы жанұяның перзентімін. Жан-жағыңызға қараңыздаршы көп балалы шаңырақтардың бәрі бай ма екен?
Сонымен қазақтың саны көбею мәселесінің шешімі көп әйел алуда емес, жастарға мемлекеттік деңгейде қамқорлық жасауда деп білемін.
Не істеу керек?
Менің ойым мынадай: жас жұбайлар неке күәлігін алған қүні оларға мемлекет бір бөлмелі пәтер беруі керек. Жас жұбайлар қанша жыл тұрса да пәтер мемлекет меншігі болып қала береді. Жанұя өсіп-өніп басқа пәтер, немесе жеке үй алса бір бөлмелі пәтер тек жаңа үйленген жастарға берілуі шарт. Мемлекет менің осы ұсынысымды қолдап іске асырса сөз жоқ Қазақстан демографися мәселесі оң шешімін табарына сенімдімін.
Менің бұл ұсынысым тек мемлекет деңгейінде ісе асырыла алады деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста