Денсаулық

500 адамның 32-нен онкологиялық аурудың белгісі анықталды – бас онколог

  • © Әділет МҰСАХАЕВ. BAQ.KZ

    © Әділет МҰСАХАЕВ. BAQ.KZ

Бас пен мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша өткен еуропалық апталықта 500 адамды тексеріліп, олардың 32-нен онкологиялық аурудың белгісі анықталды. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова брифинг барысында айтты.


Оның айтуынша, аталған институт осымен төртінші жыл қатарынан бас пен мойын қатерлі ісігін ерте диагностикалау бойынша еуропалық апталығын өткізген.


«Жалпы бұл потолгия еліміздегі қаттерлі ісік аурулары арасында 11 орында. Бұл аурулар көбінде 3 және 4 кезеңінде ғана анықталуда. Бізге келетін науқастардың тек 50 пайызы ғана алғашқы кезеңмен келуде, қалғандары ауру дендеп, әбден асқынған кезінде қаралады. Ауруды ерте диагностикалау бойынша осы төрт жылда қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау 10% өскен», - дейді ол.


Сонымен қатар ол, қатерлі ісікті ерте анықтау үшін республиканың 6 қаласында лор, стаматолог дәрігерлері арасында семинар өткізілген. Науқастарды қарағанда дәрігерлер кейде онкологиялық ауруларға мән бермей, жіберіп алуы мүмкін екен.


«Сондай-ақ 500 адам тексерістен өтті, олардың 32-нен онкологиялық аурудың белгісі анықталды. Бұл өте жоғары көрсеткіш, қаралмай жүрген қаншама адам бар. Ауру асқынып кетсе емдеу қиын, егер ерте кезеңінде анықталса ем қолданып, адам өмірін ұзартуға болады», - дейді бас онколог.


Сондай-ақ ол, еуропалық апталық аясында Үндістаннан келген мамандармен еліміздің дәрігерлері бірігіп онкологиялық және пластикалық отаны қатар жасағандығын жеткізді.


«Науқастың басындағы ісікті алып тастау өте қиын, кейде бас сүйектерінің бөлігін алып тастауға тура келеді. Міне үндістаннан келген мамандармен алынған сүйектің орнын пластмасамен жауып, яғни пластикалық отаны қатар жасадық. Бұндай операция елімізде бірінші рет жасалды», - деді ол.


Бас пен мойын ісіктерінің хирургы Дәурен Әділбай адамдар ауруын әбден асқындырып алғанда ғана дәрігерге келетінін айтады. Оның айтуынша кез-келген адам ауыз қуысын тексеріп, ондағы өзгерістерді байқай алады.


«Ауру пайда болғаннан 6-7 ай ішінде ол асқынып 3-4 кезеңге өтіп кетеді. Бас қатерлі ісігі ауруларына ауыз қуысы, тіл ісіктері де кіреді. Олардың белгісін көруге болады, тіс тазалағанда қарасаңыз ақ, қызыл дақтар болады. Қолмен ұстағанда олар қаттылау болып келеді және қанауы мүмкін. Жұтқыншақтар да ауруы мүмкін, жұтқан кезде өзіңізді жайсыз сезінесіз және дауысыңыз өзгереді. Егер өздігіңізше емделіп, ол 3 аптада жазылмаса онда онкологқа қаралу керек. Кейде қатерлі емес ісіктер болады, алайда оны да уақыт өткізбей емдеу керек, өйткені оның арты қатерліге ауысуы мүмкін», - дейді хирург.


BAQ.KZ




 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 14:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31