Денсаулық

Адамның қай жаста жалғыздықтан жапа шегетіні анықталды

  • © wallpapers.99px.ru

    © wallpapers.99px.ru

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары адамның жалғыздық тақсіретін қатты сезінетін жас кезеңдерін атады. Бұл жайында WebMD ақпарат көзі хабар таратты.


Мамандар бұған қалай көз жеткізді? Алдымен 27-101 жастағы сауалнамаға қатысқандардың психологиялық күйіне назар аударып, талдау жасаған. Кім қандай ортада болса, мейлі ол жақындарының немесе дос-жарандарының арасында болса да жалғыздықтан жағаға шығып, қайраңдап қалған қайықтай сезінетіндерін жасырмады.


Яғни, бұл тақсіреттен жанға жайлы өмір мен көңілді орта да құтқара алмайтынын ұққан.


Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, адамды ғұмырының үш кезеңінде жалғыздық сезімі қатты иектейтіні анықталған.


Атап айтқанда, 27-30, 56-60 жас аралығында және 80-нің сеңгіріне шыққаннан кейін жалғыздықтан жар жағалап кеткендей күй кешеді.


Ғалымдардың топшылауынша, алғашқы жас аралығындағылардың жалғыздықты сезінуіне өмірлік жолын таңдауы, өздерінің өмірін құрбы-құрдастырының жағдайымен салыстыруы арқылы өзін өгей сезінетін, қоғамнан оқшау қалғандай күй кешетіні себеп болса керек.


Ал адам 55 жастан кейін денсаулығының сыр беруіне байланысты жалғыздық азабын тартады.


Сексен жастан соң келетін жалғыздық сезімі көбіне жақын-жұрағатының өмірден озғанына байланысты болмақ.


 islam.kz




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31