Денсаулық

Адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр - Ғалымдар

  • Sputnik

    Sputnik

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемді жаңа жаһандық індет жайлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.


Қазір ғалымдар аурудың тарауына әкеп соғатын ең көп таралған патогендерді зерттеп жатыр. Олардың айтуынша, бұл адамзатқа бұрыннан белгілі вирустық геморрагиялық індеттер (Эбола, Ласса және тағы басқа) немесе әлі анықталмаған инфекция болуы мүмкін.


Аты да заты да белгісіз аурудың пайда болуына себепші болатын "қайнар көздер" жетерлік: бұл мутацияға ұшырап тұратын белгілі инфекциялар, мәселен Зика вирусы, және жануарлардан адамға жұғатын зоонозды инфекциялар. Сондай-ақ жасанды вирустар – биологиялық қару да адамзатқа қауіп төндіреді.


Сарапшылар кез келген қатерге дайын болу үшін "Икс ауруымен" күресудің әдістерін жан-жақты талқылап, әзірлеп жатыр. Әйтпесе, ДССҰ ескерткендей, жаңа індет ХХ ғасырдың басындағы "испанка" тұмауы сияқты адамзатты қырып-жоюы мүмкін. "Испанка" тұмауынан екі жыл ішінде бірнеше ондаған миллион адам көз жұмған еді.


Sputnik


 


 




Көрілген: 925    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 21:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30