Денсаулық

Ағайындардың отбасын құруы қатерлі ауруға шалдықтырады

  • Ағайындардың отбасын құруы  қатерлі ауруға шалдықтырады

    Ағайындардың отбасын құруы қатерлі ауруға шалдықтырады

 Адамның денсаулығындағы кінәрәтпен гинетика тығыз байланысты. Неге бірқатар адамдар әртүрлі сырқаттармен ауырады? Ал енді біреулердің тұрмыстық жағдайлары төмен болса да ауырмайды. Негізінен мұндай жағдайлар тұқым қуалаушылықпен, яғни адамның хромосомасындағы гендердің қасиеттерімен тығыз байланысты. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасына Ресейден арнайы келген неврогенетик маман конференцияда мәлімдеді.


Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді. Дүниежүзілік статистикаға сүйенсек, тұқым қуалайтын аурумен өмір сүретін адамдар саны 350 миллионға жетеді. Ал елімізде 500-ге жуық адам тұқым қуалайтын дертке шалдыққан. Конференция мақсаты да тұқым қуалайтын ауруларды жан-жақты зерттеу, олардан алдын-ала сақтандыру және емдеу жолдарын түсіндіру.


– Бүгінде неврологиялық тұқым қуалайтын аурулардың ішінде миопатия, помпе, Дюшен пеопатиясы сынды аурулар қоғамда жиі кездесетін ауру түрлері болып табылады.Оларды емдеуге болады тек диагнозы анық, дұрыс қойылса… Сондықтан диагностикасына аса мән беру қажет. Америкада әрбір оныншы американдық тұқым қуалайтын аурумен ауырады екен. Тағы бір мәселе ол тұқым қуалайтын аурулардың емі өте қымбат болып келеді. Сондықтанда дәрігерге уақытылы көрініп сау баланы дүниеге алып келуіңізге мүмкіндігіңіз бар. Ресейде помпе ауруынан толықтай жазатын арнайы дәрілер жеткілікті. Шындығында тұқым қуалайтын ауруларды алдын алуға, кей-кезде толықтай жазып беруге медицина қауқарлы, – дейді Ресейден келген неврогенетик дәрігер Сергей Александрович.


Жалпы тұқым қуалайтын аурулар ата-анадан ұрпақтарына берілгенімен көбінесе туыстар, жақын ағайындар арасындағы некеден пайда болады. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес. Себебі ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Сондықтан түрлі мутацияға ұқсаған балалар дүниеге келуде. Кейбір мәліметтерге сәйкес помпе ауруымен ауыратын бір адамды емдеудің бір жылдық курсы 100-300 мың АҚШ долларды қажет етеді екен. Бүгінде Шымкент қаласында помпе ауруымен екі науқас тіркеуге алынған.


– Бүгінгі конференция дәрігерлерге неврологиядағы және бұлшық еттегі тұқым қуалайтын ауруларды жаңа технологиялар арқылы емдеудің жолдарын түсіндіреді. Бұл кездесудің дәрігерлерімізге берері мол. Жалпы қазіргі таңда тұқым қуалайтын мыңнан аса аурудың түрі бар, соның 400-ден астамы бір ғана ген мутациясының себебінен болады. Жаңа туылған нәрестелердің орта есеппен 5 пайызындағы кемтарлық олардың генетикалық материалына тікелей байланысты, – дейді Қазақ Ұлттық медициналық университеті неврология кафедрасының қызметкері Любовь Алексеевна.


rgmedia.kz




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.04.2018, 15:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31