Денсаулық

Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды

  • Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды

    Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды

Ақтауда менингит жұқтырған жауынгер ауруханаға түсті. Оның хәлі өте нашар дейді дәрігерлер. Қазір ес-түссіз жатқан сарбаз жасанды тыныс алу апаратына қосылған, - деп хабарлады КТК арнасы.


Дәрігерлердің айтуынша, 21 жастағы науқас Бауыржан Елкүндиев 30-шы қыркүйек күні 66-55 әскери бөлімінен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ол үш күн бойы өзінің басы ауырып, дене қызуы көтерілгенін айтқан. Алғашқы белгілері менингитке ұқсағандықтан, мамандар дереу тексеруге алып, ақыры күдік расталды. Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Тіпті туыстарын да маңына жолатпай жатыр. Сондай-ақ бұл жұқпалы инфекция болғандықтан, науқаспен қарым-қатынаста болған 355 жауынгер де тексерілетін болды. Ал осы жағдайдан кейін әскери бөлімде карантин жарияланған.


Болат Каюпов, Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры: - Бұл менингит болғанымен инфекцияның нақты қай түрі екенін айта алмаймыз әзірге. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қорытынтысы кейінірек айтылады. Қазір науқас және онымен жақын қатынаста болған жауынгерлер де біздің қатаң бақылауда.


 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 15:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31