Денсаулық

Ақтөбе емханасында күзетші наразылық білдірген науқасты желкелеп қуып шыққан

  • © Sputnik / Игорь Зарембо

    © Sputnik / Игорь Зарембо

Ақтөбе қаласы мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері микрокамерамен жарақтанып, қарапайым науқас ретінде қалалық емханаларды аралап шықты. Тексеру нәтижелері тілшілерге хабарланды.


Жасырын тексеру нәтижесі департамент қызметкерлерінің жағасын ұстатыпты. Дәрігердің қабылдауына электронды жазылу жүйесі қалалық емханаларды аракідік жұмыс істейді. Негізінен науқастар баяғыдай дәрігер кабинетінің алдында кезекке тұрады.


Биыл наурызда облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысы Әсет Қалиев вице-премьер Асқар Жұмағалиевке денсаулық сақтау саласы 90%-ға цифрландырылды деп мәлімдеген еді. Жалғыз проблема – науқастар қағазбастылықтан бас тартып, интернет арқылы дәрігерге жазылғысы келмейді, деген еді облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысы.


Тексерушілер бұған кереғар қорытынды жасады – керісінше, дәрігерлер цифрландырудың мәнін түсінбей жатқан секілді. Дәрігердің қабылдауына электронды жазылу неге жұмыс істемейді деген сұраққа олар ашуланып, дұрыс жауап бермепті. Тіркелу бөлімінің қызметкерлері қарапайым нәрселердің өзінен бейхабар, мысалы емханаға қалай тіркелу керектігін білмейді. Бұл қызмет көрсетуді орындау үшін, олар "құпия тұтынушыдан" флюорография мен электронды цифрлық қолтаңбасын заңсыз талап еткен. Содан кейін мамандардан кеңес алуға мемлекеттік қызмет көрсету кабинетіне жөн сілтеген. Олар, өз кезегінде, емханаға тіркелу процедурасын интернеттен қарап алуға кеңес беріпті.


Бесінші емханаға тексеруші жарымжан адам кейпінде барып, емханаға кіру үшін медициналық қызметкерді шақыртатын арнайы батырманы пайдаланбақ болады. Алайда, жарты сағат аптап ыстықта тұрса да, ешбір қызметкер шықпаған. Шын мәнісінде батырма істеп тұрған көрінеді.


Ал екінші қалалық емханада "құпия тұтынушы" тиісті емес құжаттарды талап еткеніне наразы болып, қайда шағым түсіруге болады деп сұрағанда, медициналық қызметкер күзетші шақырып, ол наразы "науқасты" желкелеп, қуып шыққан. Мұның бәрін мемлекеттік қызмет департаменті қызметкерлері камераға түсіріп алыпты.


Sputnik

 




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.07.2018, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31