Денсаулық

Ақтөбеде босанған әйел бір жылдан бері комада жатыр

  • Көрнекі сурет.   © oggiscuola.com

    Көрнекі сурет. © oggiscuola.com

Дәрігерлер 2017 жылы маусым айында сәбиін дүниеге алып келгеннен кейін комаға түсіп қалған келіншектің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.


24 жастағы келіншек 2017 жылы 30 маусым күні Қарғалы перзентханасында сәбилі болғаннан кейін көп қан кетіп, комаға түсіп қалған. Ақтөбедегі облыстық ауруханада үш ай бойы емделген келіншекті Санкт-Петербургтегі емханаға ауыстырады. Оның туыстары ресейлік емханада емделуді жалғастыруды қалаған, бірақ ақтөбелік дәрігерлер келіншектің емін шетелде ұзақ уақыт бойы қаржыландыра алмайтындарын айтқан. Қазіргі уақытта науқас Астанадағы оңалту орталығына ауыстырылған.


«Оны Астанаға ауыстырды. Ол қазір оңалту орталығында жатыр. Ем алғаннан оңды өзгерістер бар, дегенмен комадан әлі шыққан жоқ», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.


Ол Қарғалы перзентханасында болған басқа қайғылы жағдай туралы да пікір білдірді.


«Босанған әйел перзентханадағы хаттама дұрыс емес екендігін және оны өзгерту керектігін айтқан. Бірақ, бұл ол ай емес. Ол жағдайға хаттаманың еш қатысы жоқ. Сәби жатыр ішінде жатқанда ауырған, яғни оның өкпесі қабынған, сол себепті сәби шетінеп кетті», - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


Еске сала кетсек, Ақтөбе тұрғыны дәрігерлер босану туралы хаттама толтырып жатқан кезде сәбиі жатыр ішінде тұншығып қалғанын айтқан. Бұл – оның үшінші сәбиі еді.


 




 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 17:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31