Денсаулық

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысы белгісіз жағдайда көз жұмды

  • Көрнекі фото: camonitor.kz

    Көрнекі фото: camonitor.kz

Ақтөбеде оқушы қыздың өліміне қатысты ақпарат әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр. Үйінде қызуы көтеріліп, ес-түссіз құлаған бүлдіршін жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше қайтыс болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Жантүршігерлік оқиға 3 қараша күні «Нұр Ақтөбе» ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде тіркелді. Марқұм болған оқушы қыз бірінші сыныпта оқыған екен.


Дәрігерлер келгенше анасы ұйықтап жатыр деп ойлап, қайтыс болған қызының қолын уқалап отыра беріпті.


Дене қызуымен құлап, қайтып ес жинай алмай қалған бүлдіршіннің жағдайын көршілері видеоға түсіріп алған.


Желіде тараған видеода жедел жәрдем қызметін 40 минут күткені айтылады. Қыздың анасы баласының қызуы көтеріліп, қалтырап құлап қалғанын жеткізген.


Видеода баланың тамыр соғысын тексерген дәрігердің бірден жағдайды сезгені көрініп тұр. Ол баланың қандай да бір дертпен есепте бар жоғын сұрайды.


Кіші дәретін жіберіп қойған бала құлаған жерінде жата бергенге ұқсайды.


Әлеуметтік желіде тез тарап кеткен кішкентай қыздың өліміне қатысты ақпарат ақтөбеліктерді шошытып отыр.

Ата-аналар WhatsAрp желісі арқылы баланың қызуы көтерілсе, бірден дәрігер шақыру керектігін айтып, ескертулер жасауда.


Белгісіз жағдайда қайтыс болған оқушының өліміне қатысты сот медициналық сараптама тағайындалған. 




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30