Денсаулық

Ақтөбеде екі қолынан айырылған баланың анасы елден көмек сұрайды

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде 10 мың вольттық трансформатор тоғына күйіп қалған оқушының анасы елден көмек сұрайды. Айтуынша, баласына жасанды қол салу үшін төрт мың доллар қаржы керек деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


"Қырғызстанда жасанды қол салып беретін орталық бар екен. Оған төрт мың доллар ақша керек. Қазіргі уақытта 500 мың теңгедей қаржы жиналды. Көмектесіп жатқандарға алғысым шексіз. Балам әлі де ауруханада жатыр. Бір емес екі ота жасату керек. Балада қан аз болған соң, ол оталар жасалмай жатыр. Дәрігерлер балама кеше де қан құйды. Аяғы мен кеудесіндегі күйген жерлерін ауырсынады. Түнімен шошып, жылап шығады. Тек тыныштандыратын дәрінің көмегімен отырмыз", - дейді анасы Гүлмира Фаткурина.


9 жастағы Дамир Фаткуриннің анасы мектеп ауласындағы трансформатордың иелерін сотқа бермек.


"Қорғаушы жалдағым келеді. Баламның тағдыры үшін алаңдаймын. Жағдайдың болғанына да аз уақыт болған жоқ. Электр желісіне жауапты мекемеден бірде-бір адам келген жоқ. Баламның жағдайын сұраған емес. Екі күн бұрын мұғалімдері келді. Мектептің директоры да келіп жүр. Дамир ауруханадан шыққан соң, көмектесетіндерін айтты. Бірақ, олардан қандай көмек болатынын білмеймін", - дейді анасы.


Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік жайт 5 қазан күні Шалқар ауданында болған еді.


Ойнап жүрген оқушы мектеп ауласындағы трансформатордың тоғына түсіп, екі қолынан айрылған болатын.


9 жастағы баланың әлсіздігіне байланысты дәрігерлер төсі мен аяғындағы жарақатқа жасалынатын отаны кейінге қалдырған.


Балақайға көмек қолын созам деген жандар үшін: Анасының есепшоты:


Фактулина Гүлмира Найльқызы


KZ 158562204105486783


ЖСН 781116403025


Банк: "Банк Центр Кредит" АҚ


Банк БИК: KCJBKZKX


Каспий голд:


5169493147477874 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 19:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31