Денсаулық

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

  • CC0

    CC0

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне денсаулық сақтау министрлігін кінәлап отыр. Өйткені ондағылардың бекіткен ережеге байланысты толғағы қысқан әйелді 24 сағатқа толмай тұрып босандырып алуға дәрігерлердің құқығы жоқ. Мейрамгүл Өтепбергенова суы кетіп, қиналғанын айтып дәрігерлерден көмек сұраған. Бірақ олардан қайыр болмапты. Ақыры шақалақ іште жатып тұншығып өлген, деп хабарлады КТК.


32 жастағы Мейрамгүл Өтепбергенова тоғыз ай көтерген бөбегін бір күн де болса бауырына басып үлгермеген. Жатырда жатып тұншыққан шақалаққа дәрігерлер дем салғанымен, ақыры жансақтау бөлімінде шетінеп кетеді. Жас босанған ана жүктілік кезінде денсаулығының еш сыр бермегінін айтады. Қаншама рет қан тапсырып, тексеруден де өткен.


"Анализ дұрыс, скрининг бойынша 3 УЗИ өттім, оның алдында 39 апта болғанда тағы УЗИ істеттім, өзім үшін. Бәрі дұрыс, бүйрегі, өкпесі, аяқ-қолы, басы баланың- бәрі сәйкес келіп тұрды. Туғанда да салмағы 3 келі 428, бойы 54 см. Жетіліп тұрған бала ғой енді", — дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейрамгүл Өтепбергенова.


Келіншек толғағы қысып, перзентханаға түскенде жатырының ауырғанын айтып дәрігерлерден көмек сұраған. Бірақ олар тура бір тәулік өтпей босандыра алмайтынын айтыпты. Өйткені денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұйрық солай.


"Суымның түсі өзгере бастағанын байқадым. Медбикелер ондай болады деді. Қаншама бала өлу керек статистика бойынша, сол протоколды өзгерту үшін?", — деп ашынды Мейрамгүл Өтепбергенова.


Ал, перзентханадағылар өздеріне шаң жуытар емес. Олар керсінше келіншекті кінәлап отыр.


"Созылмалы гипоксия болған балада аяғы ауыр кезінде. Тізімде тұрған, дәрігерлерге қаралған. Анализдері жақсы болмады. Дәретінде лейкоцитоз болды", — дейді Қарғалы қалалық ауруханасы босандыру бөлімінің меңгерушісі Дариға Осмағанбетова.


Толғағы қысқан келіншекті 24 сағатқа толтырмай ерте тудыруға тыйым салынған. Ол осы ережені қарастыратын хаттаманы денсаулық сақтау министрлігіндегілер осыдан төрт жыл бұрын қабылдапты. Сол құжатқа сәйкес суы кеткен әйел бір тәулік ішінде өзі босана алмаса ғана дәрігерлер басқа шара қолдана алады. Бірақ көп жағдайда, әсіресе, сәбидің аман туылуы үшін көмек беруге тым кеш болады екен.


Sputnik


 


 


 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.04.2018, 21:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31