Денсаулық

Ақтөбеде менингитпен ауырған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

  • CC0 / Engin_Akyurt

    CC0 / Engin_Akyurt

Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр.


"Мой ГОРОД" жергілікті порталы хабарлағандай, оқушы менингитпен ауырып қалыпты. Ауруханаға түскен кезде, ыстығы көтеріліп, үсті-басында дақтар пайда болған.


Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиеваның сөзіне сүйенсек, жасөспірім ауыр халде жатыр, бірақ жағдайы бір қалыпты.


Кейінірек белгілі болғандай, оқушы бір аптадай үйде жатып өзін-өзі емдепті.


"Жасөспірім 25 қарашада ауырған. Бастапқыда суық тию белгілері болыпты – мұрнынан су ағып, жөтеліп, тамағы ауырады. Өкінішке орай, ол өзін-өзі емдемек болып, ыстығын түсіретін дәрі ішкен", — делінген өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарламасында.


Жеті күннен соң жағдайы төмендеп кетеді, сол кезде ғана ол дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.


Осы жайттан кейін онымен байланыста болған 39 адам тексерілді. Дәрігерлер оларды бақылап отыр.


Sputnik


 




Көрілген: 1189    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31