Денсаулық

Ақтөбенің тағы бір тұрғынына құтырған мысық шабуылдады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құттыкөл ауылында жас жігітті құтырған мысық тырнап алды. Ол қазір емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақтөбеге көктем келгенде үй жануарынан құтыру ауруы анықтала бастады. Ветеринарлар көктем келіп, жабайы аңның ауылға жақындайтын кезінде мұндай оқиғалар тіркелетінін жасырмады.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ырғыз ауданында Болат Жолдыбаевты құтырған мысық тырнап алған болатын.


«Ырғыз ауданының Құттыкөл ауылында мысық құтырма ауруына шалдыққан. Жас жігіт үйінен шыққан кезде мысық ұмтылып, оның қолынан тырнап алды. Үй жануарын ұстап алмақ болғанымен, одан түк шықпады. Сондықтан өлтіріп тастаған. Өлі денені тексеру кезінде құтырма ауруы анықталды. Шектеу ауыл әкімінің ұсынысымен қойылады. Бір көшеге ғана шектеу қойылып, вакцина егіледі»,- деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанадбаев.


Айта кетейік, ақпан айының басында ауыл тұрғынын мысық тістеп, тексеру жұмыстары 21 ақпанда аяқталған. Қазір ауыл әкімі шектеу қою туралы шешім шығарып жатыр.


 




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31