Денсаулық

Ақыл тісін жұлдырған Ақтөбе тұрғыны ажал құша жаздаған

  • © timeskz.kz.

    © timeskz.kz.

Енді шығып келе жатқан ақыл тісі ауырып, стоматологияға барған Ақтөбе тұрғыны Елена Кожемякина тісін аман-есен жұлдыртқан. Біраз уақыттан соң ол емханаға қайта қаралуға барған деп жазады timeskz.kz.


«18 желтоқсан күні «Евродент» емханасындағылар ет шеткі тісті жұлдыртудың өте қиын екенін айтты», – дейді Елена Кожемякина.


Тіс жұлу аса қиынға соқпағанымен бірнеше күннен кейін ісік басталған. 34 жастағы әйелдің дәрігер тігісін тазалап, жақын арада жазылып кететінін айтқан.


«Ісіктің кететінін айтқанымен мен аузымды аша алмай қалдым. Маған инфекция түсіріп жіберген деп ойлаймын. Дәрігерлер Жаңа жыл алдында маған істегендері үшін жауап беруі керек», – дейді ақтөбелік келіншек.


Елена ісік одан сайын үлкейе бастаған соң жедел жәрдеммен аурухана түсіп, сонда операция жасалғанын айтады.


Жедел жәрдем ауруханасы жақ-бет хирургиясының дәрігері Даурен Алшынның айтуынша, Елена ауруханаға 38 градус дене қызуымен түскен.


«Тіпті сұраққа да жауап бере алмайтын жағдайда еді. Оған дереу опеарция жасап, антибиотик бердік. Бізге уақытында келді. Әйтпегенде жағдайды дұрыстай алмас едік», – дейді дәрігер.


Қазір әйел тамақ жей алмаса да сорпа ішіп жүр.


«Ақыл тісті жұлғаннан кейінгі жағдай адамның иммунитетіне байланысты. Дәрігер қолынан келгенінің бәрін істеді. Кейде бірі суықтатып алады. Бірақ инфекция түсуі мүмкін емес», – дейді «Евродент» стоматологиясының басшысы Альфия Ихсанова.


Келіншек Жаңа жылды да ауруханада өткізеді. Себебі, дәрігерлер жағдайы бірқалыпты болғанша бақылауда болуы керек деп отыр.


Денсаулығы дұрысталғаннан кейін Елена Ақтөбе Медициналық қызмет көрсетуді бақылау департаментіне арыз түсіремін дейді.


sn.kz 




Көрілген: 944    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31