Денсаулық

Алматыда 185 мың адам МӘМС аясындағы дәрігерлік көмектен қағылуы мүмкін

  • © The Qazaq Times

    © The Qazaq Times

Алматыда 185 мың адам Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында мәртебесін анықтамаған. Сол себепті жүйе енгізілген соң МӘМС аясындағы медициналық көмектен қағылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Департамент мамандарының айтуынша, қазір елде МӘМС жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Дәл қазір жұмыс берушілер жұмысшыларына өздері төлем жасап отыр. Кейін МӘМС аясында жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылардың өздері үшін төлейтін болады.


«Жыл басынан бері 57,7 мың адам мәртебелерін бекітті. Оның ішінде 24 мың адам жалдамалы жұмысшы ретінде немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Бірақ қазір Алматы бойынша 185 мың тұлға өз мәртебесін анықтамаған. Бұл азаматтарға МӘМС аясында медициналық көмектен қағылу қаупі бар. Ол үшін ресми жұмыс жасамайтын адамдар еңбек келісімшартын жасауы тиіс. Кәсіпкерлікпен айналысатын болса, салық органдарына тіркелуі керек. Егер, адам жұмыссыз болса, жұмыспен қамту органдарына жазылуы қажет. Құзырлы органдар жұмыссыздарды оқытып, жұмысқа тұруына септігін тигізеді. Алматы тұрғындары мәртебесін қалалық Жұмыспен қамту орталығына 8 (7173) 41 04 60 телефонына хабарласу арқылы біле алады», - деді қалалық Департаменттен.


 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31