Денсаулық

Алматыда баланы емханаға онлайн тіркеу мүмкіндігі қосылды

  • © eGov.kz

    © eGov.kz

Алматы тұрғындары енді балаларды емханаға egov.kz порталындағы Telegram-бот көмегімен онлайн тіркей алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аталған қызметті енгізіп отырған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін адамдарға egov.kz порталында тіркелу керек жəне электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет.


Сонымен қатар, 2007 жылы туған балаларды онлайн тіркеу мүмкін емес. Ең алдымен қолданушы «Денсаулық» бөлімінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымды, артынан балаларға қызмет деген пунктті таңдайды. Жүйеге баланың ЖСН-ні теріледі де, ақпарат АХАЖ бөліміне туыстық қатынасты анықтауға жіберіледі.


Бұдан соң онлайн өтініш жазылады. Онда медициналық ұйым мен учаскелік дәрігер таңдалады. Көп ұзамай тұрғынның жеке кабинетінде аталған өтініштің қабылданғаны болмаса қабылданбағаны белгілі болады.


Айта кету керек, Қазақстанда халықты емханаларда тіркеу науқаны жалғасып жатыр. Азаматтарға 15 қарашаға дейін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға тіркелу міндеттеледі. Алғашқы 5 аптада Алматыда 16 мың тұрғын емханаларға тіркеліп үлгерді.


Осыған дейін 2019 жылы медициналық қызмет толығымен электронды форматқа көшеді.


 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.10.2018, 17:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31