Денсаулық

Алматыда дәрігерлердің салғырттығынан 20 жастағы ана ажал құшты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматыдағы перзентханалардың бірінде босанған келіншектің 2 аптадан соң көз жұмуына ақ халаттылар себеп болғанын тәуелсіз сараптама дәлелдеді. Кесарь тілігімен босандырылған 20 жасар әйелдің беті бері қарамаған. Сөйтсе, ота кезінде инфекция түсіп, ішіне көп көлемде ірің жиналыпты.


20 жасар келіншектің екінші жүктілігі 9 ай бойы қалыпты өткен. Айы-күні жеткенде толғақ қысып, ол мына перзентханаға жеткізіліпті. Бұл - Алматыдағы үздік перинатологиялық орталықтардың бірі екенін айта кетейін. 15 сағат бойы өздігінен босана алмай, Әнел Артықоваға Кесарь тілігі жасалған. Сөйтіп, қыз бала дүниеге келеді. Алайда, келіншектің шақалаққа қарайтын шамасы да болмады. Яғни, отадан кейін ыстығы көтеріліп, өзін тым әлсіз сезініпті. Соған қарамастан, мамандар оны 1 аптаның ішінде үйіне шығарып жіберген.


Айнаш Сазбаева, марқұмның анасы:


– 7 күннен кейін қызымды ауруханадан шығарды. Оныншы күні шовтарды алу керек деп қайтадан сол Бәсеноваға барды. Шовын алғаннан кейін кешкісін қызым қатты ауыра бастады. Су да ішпейтін...


14 күн өткенде жас ананың жағдайы одан әрі ушығып, жақындары жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Онда баланы жарып алу кезінде науқастың құрсағына инфекция түскені анықталыпты. Содан 2 литрдей ірің жиналған. Оны тазалағанымен, тым кеш еді. Әнелді аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның артында ана мейіріміне зар болып 2 бірдей перзенті қалған. Бірі жаңа туған сәби, ал үлкені бар-жоғы 1 жаста.


Айнаш Сазбаева, марқұмның анасы:


– Менің қызымқайтып келмейді. Менің немерелеріме ана керек, маған қызым керек. Жалғыз қызым менің.


Әрине, қайғыдан қан жұтқан отбасылар сап-сау келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәләйді. Олар да өздерінен ағаттық кеткенін мойындап, марқұмның жақындарынан кешірім сұраған екен.


Бірер күн бұрын аяқталған тәуелсіз сараптама да ақ халаттылар тарапынан көптеген өрескел қателіктер жіберілгенін растады.


Науқасқа тек перзентхана мамандары емес, 9 ай бойы бақылауда ұстауы тиіс емханадағыларға дейін жүрдім-бардым қараған.


Майра Үкібай, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:


- Науқастың денсаулығы дұрыс бағаланбаған. Мамандардың бейжай қарауы - жағдайының нашарлауына әкелді. Анализдерінің қорытындысы мүлдем ескерілмеген. Тиісті дәрігерлердің басқосуымен консилиум да ұйымдастырылмаған. Әрі әйел ауруханадан тым ерте шығарылыпты.


Медицина мамандарының былығы әшкереленген сараптама қорытындысы Ішкі істер департаментіне жіберіліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қара жамылғандар болған жәйтке кінәлілердің тиісті жазаға тартылғанын қалайды.


Бұған қоса, олар салғырттық танытқан мамандардың әлі де жұмыста жүргеніне ашулы. Өйткені, қайғылы жағдайдың тағы қайталануынан қатты қорқады.


ktk.kz

 




Көрілген: 886    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.04.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31