Денсаулық

Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Алматыда обыр скринингі мен молекулалық диагностика жасайтын жоғары технологиялы медицина орталығы ашылды. Бұл орталық Оңтүстік Корея елімен бірлескен жоба аясында іске қосылды.


Халықтың өмір сүру жа­сының ұзаруына және жаңа технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызметтерді тұтыну көлемі жылдан-жылға артып келеді.


Бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауын­да бизнесті қайта реттеу бо­йын­ша жүйелі шаралар легін қабылдауды тапсырғаны белгілі. Оның ішінде жеке қызмет көрсету секторын, сондай-ақ медицина саласын да дамыту көзделген болатын. Былтыр ел Үкіметі ден­саулық сақтау жүйесін қай­­та реттеу бойынша ауқым­ды жұмыс атқарды.


Биз­неске кедергілерді қыс­қар­ту нәтижесінде жеке ұсы­нушылардан медициналық қызметтерді сатып алу үлесі 2017 жылғы 8%-тен 2018 жылы 13 %-ке дейін артты. Өткен жылы денсаулық сақтау саласына салынған инвестиция көлемі 50%-ке көбейіп, 91,4 млрд теңгені құрады. Жеке инвестиция үлесі 2016 жыл­ғы деңгейге шаққанда 90%-ке (23,3 млрд теңгеден 44,2 млрд теңгеге дейін) дейін артты.


Алматыда іске қосыл­ған оңтүстіккореялық амбула­торлық клиника Орталық Азия аумағындағы шетелдік инвестиция есебінен салынған алғашқы медициналық мекеме. Емханада тиімді ота жасау жүйелері мен Корея­дан жеткізілген озық диаг­ностикалық технологиялар бар.


Сонымен қатар Сингапур технологиялары да пайдаланылады. Обыр скринингін жү­зеге асыру үшін Сеул ұлт­тық университеті жа­нын­­дағы BIOiNFRA ғы­лыми биологиялық компания­сы обырды анықтау үдерісіне толық техникалық қолдауды қамтамасыз етпек.


Ал син­гапурлық компания (POCT MDx) One Biomed молекулалық диагностикасына негізделген генетикалық және жұқпалы ауруларға зерттеулер жүргізу үшін техникалық серіктес бола­ды.


Сонымен қатар клиника Кореядағы жетекші зерт­ханалардың бірі Seegene Medical Foundation инвестицияларын тартып, Қазақстанда орталықтандырылған зерт­ханалық желіні құру ісімен айналысады.


MPKQAZ Қа­зақстанда операциялық ме­неджментті кореялық медицина мамандары жүргізетін медициналық компаниялар тобын құруға ниетті. Емхана пациенттерге жүйелі және қолайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп қана қоймай, кореялық дәрігерлердің көмегімен жан-жақты жүйелі сапалық бақылау жүргізеді.


MPKQAZ бас директоры, профессор Ғалымжан Тоғызбаев бұл клиника Қа­зақ­­стан мен Кореяның ын­ты­­мақтастығының, атап айтқанда, «blood mix» жарқын мысалы болып отырғанын жеткізді. 5 жылдан соң Medical Partners Korea Qazaqstan емханасы Қазақстандағы алғашқы шет­елдік медициналық клиника ретінде Корея қор на­рығы қатысушыларының қауым­дастығына (KOSDAQ) кіруді жоспарлап отыр.


«MPKQAZ Кореяның озық медициналық технологияларын және қызмет көрсету саласындағы бай тәжірибесін қолдану арқылы пациенттерге қызмет көрсету жүйесі мен көп ұлттық медициналық операция жүйесін құруға әзір», дейді медициналық директор, кардиолог-дәрігер Хисук Мин.


egemen.kz


 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.07.2018, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31