Денсаулық

Алматыда менигококк жұқпасынан тағы бір бала көз жұмды

  • © beewoman.ru

    © beewoman.ru

Алматыда менигококк жұқпасынан 4 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қайғылы оқиға жұмадан сенбіге қараған түні болған.


«4 жастағы бала менингиттің тез асқынатын түрінен қайтты. Жұма күні кешке ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірнеше сағат ішінде дәрігерлер бар шараларды қолданды. Бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықтың қорғау депратаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.


Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 32 адамда менигококк жұқпасы болғаны анықталған. Оның 25-і зертханалық талдау арқылы расталған. 5 адамға клиникалық диагноз қойылды. Қаза болғандардың саны 5-ке жетті. Оның ішінде 5 және 4 жастағы балалар бар. «Бүгінде алматылықтарға антибиотик терапиясымен профилактика жасауға кеңес береміз. Бала жұқтырмаса да, ауырмаса да антибиотик қабылдағаны дұрыс», - деді Айзат Молдақасымова. Айта кету керек, Алматы облысында қауіпті дерттен 2 адам көз жұмған болатын.


 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 22:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30