Денсаулық

Алматыда отадан кейін көз жұмған баланың ісіне қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматыда жекеменшік емханада жасалған отадан кейін қайтыс болған баланың өліміне қатысты комиссия сұмдық жайттың бетін ашты. Сөйтсе, бала о баста айтылғандай, жүрегі кенеттен тоқтауынан емес, дәрігерлердің анестезиологиялық әдісті дұрыс қолданбағанынан көз жұмған.


Жекеменшік клиника мамандары бала жүректен кетті деп істі жылы жаба салмақ болған. Алайда, олармен келіспеген бүлдіршіннің анасы жанжал шығарып, іске комиссия араласқан еді.


Сөйтсе, анасы бекер күдіктенбеген екен.


Мамандар анықтағандай, Миронның шапындағы жараны кесіп алу үшін анестезиологиялық препарат мөлшерден тыс және бір-бірімен үйлеспейтін дәрілермен қоса беріліпті.


Ол аздай, операциядан кейін де емдеу мекемесінде дұрыс күтім жасалмаған. Салдарынан баланың ішкі органдарына зақым келген.


Оқиға «Достар Мед» деген Алматыдағы жекеменшік клиникада болған. Комиссия істі дереу полицияға тапсырды.


Десе де, клиниканың жұмысы тоқтаған жоқ. Тек хирург, анестезиолог пен бөлім меңгерушісі жұмысынан уақытша шеттетілген.


ktk.kz


 




Көрілген: 2045    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31