Денсаулық

Алматының Бас имамы менингококк вирусына байланысты мәлімдеме жасады

  • © nur.kz

    © nur.kz

Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқаев Рмазан айында ораза ұстап жүргендерге қатысты менингококк вирусына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бас имам адамның түрлі жағдайлары мен күйін ескере отырып қажеттілік туындаған кездерде оразасын үзіп, кейінірек қайта өтеуіне Құранда рұқсат берілгенін айта кетті.


"Рамазан – әрбір мүміннің асыға күтетін береке мен мейірімге толы ай. Бұл айдың әрбір сәттерінде күллі әлемге Алла Тағаланың рақымы үздіксіз төгіліп тұратыны ақиқат. Сол берекелі сәттерден құралақан қалмауымыз үшін шамамыз келгенше Алланың парызын орындап, ораза ұстайтынымыз белгілі. Алайда, Алла Тағала адам баласына тек қана жеңілдік қалайтынын, ауырлық қаламайтынын естен шығармауымыз қажет. Сол үшін Алла Тағала адамның түрлі жағдайлары мен күйін ескере отырып қажеттілік туындаған кездерде оразасын үзіп, кейінірек қайта өтеуіне Құранда рұқсат берді. Себебі, біздің дініміз ешбір уақытта, ешкімге ауырлықты жүктемейді. Керісінше қоғамның өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, адамзаттың өмірін жеңілдететін дін", - делінген хабарламада.


Бүгінгі таңда қаламыздағы менингококк вирусының тіркелу оқиғалары жиілеуін және бірнеше адамның осы аурудан қаза болғанын ескере отырып, егер бойымызда менигиттің белгілері байқалған болса, уақыт оздырмай дереу дәрігерлерге қаралып, қажет болса оразаны ашуға шариғат рұқсат етеді.


"Рамазан айында нақты ауырған кісінің ораза ұстауы аурудың асқынуына, емнің кешігуіне кедергі болған жағдайда оған оразасын ашуға болады. Оразаның ауру кісіге зиянды екені не өзінің бұрынғы тәжірибесінен, не білікті дәрігердің нұсқауымен анықталуы қажет. Ұстамаған күндерінің қазасын соңынан басқа айларда сауыққанда өтейді. Қатты науқас кісінің: "Ауырсам да ұстай беремін", - деп шешім жасауы дұрыс емес. Себебі, денсаулық Алла Тағаланың адам баласына берген аманаты, оған қиянат жасауға болмайды. Біз қала тұрғындарын өз денсаулықтарын сақтауға, аманатқа қиянат етпеуге шақырамыз", - делінген Бас имамның үндеуінде.

 




Көрілген: 792    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 21:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31