Денсаулық

Анықтаманы қымбаттатқан туберкулез диспансері басшылығы жауапкершілікке тартылды

  • © MedElement

    © MedElement

Алматыда Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері анықтама құнын негізсіз көтергені анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мұндай заңбұзушылықты қалалық прокуратура анықтаған.


«Жүргізілген мониторинг көрсеткендей, аталған мекеме көрсетілген мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын анықтау кезінде дәрігерлердің еңбекақысын, салықтар мен басқа да шығындарды негізсіз есепке алған», - деді прокуратураның баспасөз қызметі.


Прокуратурасының араласуынан кейін ауданаралық Туберкулезге қарсы күрес диспансерінің азаматтарға беретін медициналық анықтамалардың құны екі есеге азайды.


«Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтің құны 500 теңгеден 250 теңгеге дейін төмендетілді», - деді баспасөз қызметінен.


Тексеруден соң мекеме басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Айта кету керек, жыл сайын 7 мыңнан астам адам анықтама алу үшін жүгінеді. Қазіргі кезде прокуратура қаланың басқа да медициналық мекемелерінде осындай тексеру жүргізіп жатыр.


 




Көрілген: 206    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 13:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30