Денсаулық

Астанада 3 жасар балаға менингит дертіне шалдықты деген диагноз қойылды

  • © elorda.info

    © elorda.info

Астана қалалық балалар инфекциялық ауруханасына алдын ала "менингококкты инфекция" диагнозымен 2014 жылы туған бала түсті, деп хабарлайды Елорда инфо қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы хабарлайды: 2018 жылдың 29 мамырында сағат 13:12 кезінде қалалық балалар инфекциялық ауруханасына 3,5 жастағы ұл бала түсті. Алдын ала диагноз қойылды: менинго0инфекция, генерализди форма (генерализованная форма). Менингит + Менингококцемия»", - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта лабараторияларда зерттеулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нақты диагноз бактериологиялық және серологиялық зерттеулер аяқталған соң қойылады.


Қазір баланың жағдайы өте ауыр, қалыпты. Емдеуді диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.


Жалпы қала бойынша эпидемиологиялық ахуал қалыпты, балалар арасында менингококкты инфекциямен ауыру фактісі тіркелмеді. Барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылып жатыр. 




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31