Денсаулық

Астанада 8 бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Астанада қазан айының басынан бері сегіз оқушыдан вирусты менингит диагнозы анықталды. Қазір олар қалалық баларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.


Бүгінде оқушылардың төртеуінде диагноз расталған.


«Жетеуінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, ал біреуі орта ауру дәрежесінде», - дейді қалалық санитарлық мекеме мамандары.


Ауру жұқтырған балалар елордадағы әртүрлі мектептердің оқушылары. Сондықтан орта білім беру ордаларында жаппай дертке шалдығу туралы мәселе жоқ.


Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Астанада вирусты менингит диагнозымен 196 жағдай тіркеліпті. Оның 85-і оқушылар арасында болған. Аталған ауру түрінің таралу деңгейі былтыр да осы қалыптан аспаған екен.


Қалалық қоғамдық денсаулыққа жауапты мамандар вирусты менингит тазалық сақтамаудан жұғатынын айтады.


Сондықтан балаларға жуылмаған жеміс-жидек пен қайнамаған суды бермеген жөн. Ең бастысы ауру белгілері пайда болғанда дер кезінде дәрігерге қаралу қажет.


Сархат Бейсенова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:


- Вирусты менингит дейміз, ол ай сайын болатын вирусты менингит диагнозы қала бойынша бар. Ал вирусты менингиттің өз мерзімі маусымы болады. Ол жылы айлар, біздің қала бойынша ол мамыр айының айының аяғынан қыркүйек айы бойынша көп тіркелетін жағдайлар. Биылғы жағдайды алсақ, 196 жағдайдың ішінде 145 жағдай жаңағы жаз айларында тіркелген.


24.kz


 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31