Денсаулық

Астанада әл-ауқаты төмен отбасылар менингитке қарсы екпені тегін ала ма?

  • © Sputnik

    © Sputnik

Астана әкімі Әсет Исекешев елордадағы менингитке қатысты ахуал туралы пікір білдірді.


Әкімнің сөзіне сүйенсек, жұқпалы ауру бақылауға алынған, сол үшін арнайы медициналық штаб құрылыпты. Қалалық ауруханаларда кезекшілік күшейтілді.


"1414 колл-центрі тәулік бойы жұмыс істейді. Біз профилактикалық шараларға назар аударып жатырмыз. Халықты хабардар етіп, жалпы профилактика күшейтілді. Екіншіден: жедел жәрдем дәрігерлерінің жұмысы, ауруды алдын ала анықтау мақсатында учаскелік дәрігерлердің қызметі күшейтілді. Ауруханалар дайын, дәрі-дәрмек бар", — деп хабарлады қала басшысы "Астана – әлем қаласы" ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында тілшілерге.


Әсет Исекешев бұрын жансақтау бөлімінде жатқан үш жасар баланың хәлі жақсарғанын хабарлады. Балақай қазір палатаға шыққан екен.


"Әл-ауқаты төмен отбасылар менингитке қарсы екпені тегін ала ма?" деген сұраққа Астана әкімі бұл мәселеге денсаулық сақтау министрлігі жауапты екенін айтты.


"Тағы да атап өтсем, қажетті дәрі-дәрмек бар. Қандай екпенің тегін берілетінін денсаулық сақтау министрлігі шешеді. Бүгін бас санитарлық дәрігердің брифингі болады, солардың шешімін күтеміз. Біз өз тарапымыздан кез келген қажетті шешімді қабылдауға әзірміз", — деп ойын қорытты Әсет Исекешев.


Sputnik


 


 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 14:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31