Денсаулық

Астанада тағы бір босанған әйел қайтыс болды

  • © grifoninfo.ru

    © grifoninfo.ru

Астанада №1 перинаталдық орталықта тағы бір босанған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.


"№1 перинаталдық орталықта үшінші өлім тіркелді", - деп хабарлады Камалжан Надыров.


Қайғылы жағдай кеше, 2 шілдеде сағат 18.25-те болған.


"Үшінші өлім әйел адамның жүктілігі кезіндегі қан кетумен байланысты. Әйел ауруханаға түскенде одан қан кетіп жатты. Кесарев тілігі арқылы босанды. Бала аман-есен", - деді 1 перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіров.


Еске сала кетейік, осыған дейін Астананың № 1 перинаталдық орталығында босанған екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын.


"Екі әйел қайтыс болды. Біріншісі - 1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде қайтыс болды. Ол өзі босанды. Екіншісі 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болды. Ол кесарев тілігімен босанды. Екеуінде де соматикалық аурулар тіркелді", - деп хабарлаған еді ауруханадағылар.

 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.07.2018, 18:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31