Денсаулық

Астанадағы атышулы перзентханада тағы бір келіншек қайтыс болды

  • © Sputnik Грузия

    © Sputnik Грузия

Астанада тағы да жас ана өлімі. Тағы да №1 қалалық перинаталдық орталықта. Мұнда 35 жастағы келіншек босанып жатқан кезінде көз жұмды. Ал, нәресте аман. Айта кетерлігі, бұл - жыл басынан бергі осы перзентханадағы бізге белгілі 4-ші ана өлімі. Осындай жаға ұстарлық жағдайдайдан кейін де дәрігерлер мен шенеуніктер еш ақпарат бергісі келмей отыр.


Бүгін-ертең шілдехана жасаймыз деп дайындалып отырған отбасы қазір қайғыдан қан жұтып отыр. Туыстарының айтуынша, бұған дейін 2 баласын еш қиындықсыз босанған Әлфияның бұл жолғы жүктілігі де ауру-сырқаусыз өтіпті. Алайда, бәрі перзентханаға жатқанда басталған.


ТАЛҒАТ ЖОЛЫМБЕКОВ, марқұм Ә.Спабекованың жұбайы:


– Ауруханаға барды, 4 күн жатты. 1-ші күні укол салады, 2-ші күні әні босанады, міне босанады деп. Тура 1 қыркүйекте қайтыс болды. Балам 1-ші сыныпқа барған кезде.


Мынау - марқұмның аяғы ауыр кездегі және босандыруға әкетер кездегі жіберген соңғы суреті. Жұбайына осы фотоны жіберіп, «концерт басталды» деп жазып жіберген.


Толғақ басталды дегені болар. Перзентхананың астында күткен абысыны келінінің хәлі нашар екенін ешкім айтпады деп зар еңіреп отыр.


НӘЗИРА ЖОЛЫМБЕКОВА, марқұм Ә.Спабекованың жеңгесі:


– Сағат 7-ден кейін не болғанын біз білмейміз. Сағат 9-да қайтыс болған. 2 сағаттың ішінде не істеді оған? Қиналып бара жатса кесіп алмайды ма баланы? Болмаса өзінің жанын алып қалмай ма?!


Бұл сұрақтарға жауап береді деген 1-ші перинаталдық орталықтың өкілдері де, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да тіс жармады. Бір ғана медициналық ұйымда айналасы 4 айдың ішінде 4 ана босанып жатып қайтыс болып жатса да бейқам.


НӘЗИРА ЖОЛЫМБЕКОВА, марқұм Ә.Спабекованың жеңгесі:


– Мынау шырылдаған 2 бала кімге қалды? Кімге тастап кетті оны? Кім оның кінәсін көтереді? Дәрігерлер көтере аласыздар ма сол кінәсін? Қанша адамның жылағанын сіздер көтере аласыздар ма? Мынау не сұмдық?! Аяғымен барған әйелдің өлігін қайтарды. Әне, өлігі жатыр.


Мәйітхана берген мынау анықтамада өлімнің себебі «Шарананың айналасындағы сұйықтық эмболиясы» деп жазылған. Бұл алдын ала болжам ғана. Зертханалық сараптамалар нәтижесінде нақтысы белгілі болмақ. Жаздағы 3 ана өлімі кезінде Израильден мамандар шақырып өздерін ақтағандай болған дәрігерлер мен шенеуніктер осы жолы не айтар екен?


31.kz 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.09.2018, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31