Денсаулық

Астанадағы ауруханада есінен танып жатқан дәрігердің видеосы тарады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Дәрігердің қатты шаршағандықтан өзін нашар сезініп, есінен танып құлағаны белгілі болды.


Желіде Астанадағы ауруханалардың бірінде жерде құлап жатқан медициналық қызметкер түсірілген кезекті видео тарады.


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл бейнеороликтің қыркүйекте түсірілгенін хабарлады. Астанадағы орталық теміржол ауруханасының дәрігері қатты шаршағандықтан өзін нашар сезініп, есінен танып құлағаны белгілі болды. Оқиға түнде болған.



Видеода медициналық көмекті күтіп тұрған сәт түсірілген. Сондықтан әлеуметтік желіде дәрігерді ұрып кетті деген әңгіме тарай бастаған.


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.


Күні кеше осы теміржол ауруханасында дәрігер мен науқастың арасында төбелес болды. Осы оқиғаға қатысты түсініктеме берген бас дәрігердің айтуынша, науқас мас күйінде келіп, жанжал шығарған. Дәрігерді балағаттап, төбелеспекші болыпты. Дегенмен, науқасты тепкілеген медициналық қызметкер жұмыстан шығарылды. 




Көрілген: 835    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31