Денсаулық

«Баланың басы шығып тұрды»: Ақтаутұрғыны нәрестенің өліміне дәрігерді кінәлайды

  • © Vesti.RU

    © Vesti.RU

Туыстарының айтуынша, 25 жастағы келіншек босанарда дәрігерлер жанында болмапты. Сол үшін нәресте өліп кеткен деп жазады inaktau.kz.


Айнұр Омарова (авт. – аты-жөні өзгертілді) бірінші немересін сүюді тағатсыздана күтіп, келінінің босануына бірге кірген.


«Келінім 25 жаста. Бірінші толғағы. Ол тіркеуге тұрып, уақытылы дәрігерге көрініп жүрді. Денсаулығы да жақсы еді. 1 айдан кейін босануы керек болған келінімнің толғағы күтпеген жерден кеп, 20 желтоқсан күні оны перзентханаға жеткіздік. Дәрігер жанымызға кеп қарады да 2 сағатсыз босанбайды деп кетіп қалды. Аз уақыттан соң келінім жылап, дәрігер шақыруымды сұрады. Оның үстіндегі жамылғысын көтеріп едім, баланың басы шығып тұр екен. Дереу дәлізге шықтым. Ешкім жоқ. Бөлме-бөлмені аралап жүріп, бір бөлмеден топырлаған дәрігерді таптым. Біреуі келіп, босандырды. Бала жыламады. Ол тұншығып қалды деп ойлаймыз. Егер дәрігерлер жанында болғанда уақытында босандырып алар еді» – дейді енесі.


Болған жағдайдан кейін, перзентхана қызметкерлері келіншектің туыстарының сұрағына жауап та бермейтін болған. Дәрігердің аты-жөнін айтпай, оның басқа жерге ауысып кеткенін хабарлаған.


Еске сала кетейік, күні кеше ғана 27 жастағы Жаңаөзен тұрғынының жүктілігінің 7-айында қайтыс боп кеткенін жазған болатынбыз.


sn.kz 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

жұма, 28.12.2018, 19:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31