Денсаулық

Бауырын ауыстырған әйел дені сау сәбиді өмірге әкелді

  • © Foto : Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК

    © Foto : Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК

Үш жыл бұрын бауырын ауыстырған қазақстандық әйел ана атанды.


Алматы облысының тұрғыны Толқын Айдарова қыз баланы өмірге әкеліп, ана бақытына кенелді. 2015 жылы А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығында әйел адамға ота жасап, бауырын алмастырған екен.


Толқынды босандыруға Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы таңдалыпты.


"Мұндай оқиға орталықтың ауруханасында екінші рет болып отыр. Әйел адам табиғи жолмен салмағы 3250 грамм, бойы 52 сантиметр қыз баланы дүниеге әкелді. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы", — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.



Жүктілік кезінде мекенжайы бойынша акушер-гинекологқа, хирургке қаралып, терапевт пен гепатолог мамандардың ақыл-кеңесіне жүгініп отырған.


"Ағза мүшелерін ауыстырғаннан кейін бала көтеру тәжірибемізде бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Соңғы кездері ағза мүшесін ауыстырғаннан кейін де ана бақытына кенеліп жатқан әйелдер қатары көбейіп келеді. Ал біздің орталықта бауырын ауыстыру операциясын басынан өткерген соң, әйел адамның дені сау сәбиді өмірге әкелуі екінші рет қайталанып отыр", — деп хабарлады емхананың екінші акушерлік бөлімінің басшысы Батыр Өскінбаев.


Оның айтуынша, бауыр ауыстыру ең күрделі операциялардың бірі болып табылады, оның өзі дені сау сәби сүюге кедергі жасай алмаған.


Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, операциядан соң ешқандай асқыну болмаса, әйел адам дұрыс күтініп, алдын-ала дайындалса, жүктілік кезеңі бір қалыпты өтеді.


Sputnik


 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 19:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31