Денсаулық

Бөтен жүрек. Астаналық отадан кейінгі өмірі жайлы әңгімеледі

  • Бөтен жүрек. Астаналық отадан кейінгі өмірі жайлы әңгімеледі

    Бөтен жүрек. Астаналық отадан кейінгі өмірі жайлы әңгімеледі

Астана қаласының тұрғыны Жәнібек Оспанов 8 тамыз күнін өзінің туған күніндей есептейді. Себебі сол күні Жәнібекке донорлық жүрек салу отасы жасалған. Қазақстан бойынша бірінші рет донорлық жүрек отасы Жәнібекке жасалды. Қазір кейіпкер қалай өмір сүреді, жүрек ауыстырғаннан кейін өмірі қаншалықты өзгерді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Жәнібектен сұрап-білді.


Жәнібек Оспановтың жүрегі 43 жаста қайтыс болған әйелдікі болған. Оның балалары әйелдің органдарын көмекке мұқтаж науқастарға қол ұшын созуға келісімін берді. Солардың бірі Жәнібек болды. Біздің кейіпкеріміз әлі күнге дейін әйелдің бала және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста.


"Дәрігерлер бұл отаны бірінші рет жасап тұрса да, еш қиындықсыз өткізді. Сол үшін оларға алғысым шексіз. Трансплантация маған көп мүмкіндік берді. Енді барлығы тек менің қолымда. Болған оқиғадан сабақ алып, өмірімді өзгертемін бе, әлде ары қарай диваннан тұрмай жата беремін бе - барлығы менің қолымда. Бір түсінгенім өмір қамшының сабындай қысқа. Өте қысқа. Сондықтан әр күнімді адам ретінде өмір сүріп, айналамдағыларға тек пайдамды тигізгім келеді. Отбасың жоқ па, тезірек үйлен, балаларың жоқ па - оған да асық. Себебі ертең сені не күтетінін білмейсің", - дейді Жәнібек өміріне көзқарасын түбегейлі өзгертіп.


Жүрек трансплантация отасы жасалғанына бір жыл өткеннен кейін Жәнібек Хельсинки конференциясында болған. Ол жерде өзі секілді науқастарға салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдану өте маңызды екенін білген.


"Белсенді болып, спортпен шұғылдану қан қысымының реттелуіне, сүйектердің жағдайы мен бұлшықеттерге жақсы әсер беретінін мен, өкінішке қарай, кеш білдім. Алайда, ештен кеш жақсы демекші қазір мен кешке жақын жүгіріп, бір-екі сағатымды спортқа арнамасам жүрегім қозғалу керек дегендей белгі білдіріп отырады", - дейді Жәнібек Оспанов.



Кейіпкеріміз "Өмір тынысы" атты трансплантацияланған науқастардың қоғамдық бірлестік тобының басшысы. Ол топты Жәнібектің бастамасымен өз қолына алған.


"2017 жылы біз испаниялық қала Малагаға Дүниежүзілік трансплантация жаздық ойынына бардық. Ең белсенді, мықты деген ер адамдарды жинап, бір жыл бойы дайындалдық. Сол ойынға қатысқаннан бері біз Дүниежүзілік федерацияның толыққанды мүшесі атандық. Ойын 62 мемлекеттен 3000 ойыншы қатысқанымен есте қалды", - деп есіне алды ол.



Жаздық дүниежүзілік ойында қазақстандықтар бірінші алтынды алған.


"Гүлмира Смаилова деген жүрегіне трансплатация отасы жасалған қыз өзінің жас категориясында бірінші орынды қанжығасына байлады. Сол жеңістен кейін біздің WhatsApp (жүрегіне ота жасалғандар) тобымызда қызу талқылау басталды. Барлығы сол федерация мүшесіне кіргісі келіп, спортқа қызушылық таныта бастады. Көбі спортпен айналысқысы келеді, алайда қорқады. Қалаға келе салып, қалағандармен бірге отырыс жасап, біз секілді адамдарға спорт қаншалықты керек екенін айтып түсіндірдік", - дейді Оспанов.



Биыл қазақстандық отандастарымыз Швейцарияда қысқы трансплатация жасалған ойыншылар арасында ойын өтіп, керлингтен қола жүлдегері атанған.


"Бұрындары бізді ешкім білмейтін, қызықпайтын да. Біз тұрақты түрде басқа елдермен тереземіз тең түрде ұпайлар жинап, орынсыз қайтпауды әдетке айналдырдық. Соңғы ойында біз Еуропа чемпионатында Сардиния қаласында 8 медальді қанжығамызға байладық. Жарыстың кестесінде 27 мемлекеттің ішінде біз жеңген медаль саны бойынша 19-орын иелендік", - деді ол.



Қазір Жәнібек өзінің командасымен бірге 2019 жылы Ньюкасл қаласында болатын жаздық ойынына қызу дайындық жүргізіп жатқанын айтты.



"Біз сол жерге міндетті түрде баруымыз керек, алайда демеуші табу керек. Өкініштісі бізді қолдайтын адамдар өте аз. Егер демеушілер бізді қолдаса, біз қола, алтын жүлдегерлерін ойынға бірге алып барушы едік. Бірақ біз тек алтын ойын жүлдегерлерін ғана бірге ала аламыз. Негізі басқа ойыншылардың да алтын алуға мүмкіндіктері бар", - деді ол.


Қоғамдық белсенділіктен басқа, Жәнібек осыдан алты жыл бұрын ота жасалған Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығының негізгі жұмысымен айналысады. Бұл жерде ол созылмалы ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға көмек ретінде әкімшілік қызметін атқарады.


"2013 жылы маған ота жасалғаннан кейін бұл жұмысқа қатты шыққым келді. Осы күнге дейін жеткен жетістіктерімнің барлығы дәрігерлердің арқасында. Қазір мен отаға өз кезегін күтіп жүрген немесе ота жасалып қойған науқастарға көмектесемін. Себебі, адамдар дәрігерлердің түсініксіз сөзін емес, тірі мысалды көргісі келеді. Дәрігерден сұрауға ұялатын я болмаса дәрігер айтпайтын затты мен айтып, қолдау көрсетіп, науқастарға мотивация беріп, оларды рухтандырамын. Оларға шын мәнінде көмегім тиіп жүр деген ойдамын", - дейді Жәнбек.



Оның айтуынша, көп қойылатын сұрақтардың бірі "Бұрынғы өміріңізбен салыстырғанда қазіргі өміріңізде өзгерістер бар ма?":


"Мен әрдайым өзіме есеп беріп жүретін адаммын. Бұрында мен саяжайдың күзетшісі болып жұмыс істедім. Мамандығым бойынша жүргізушімін. Алайда денсаулығыма байланысты жұмысымды жалғастыра алмай, ауыстыруға мәжбүр болдым. Қазіргі өмірімді бұрынғы өміріммен салыстырсам, қалай іш пыстырарлықтай өмір сүргенмін. Алға жылжу, өзгеріс, бәрі бар. Бір ай бұрын психолог дипломын алдым. Маған ота жасаған дәрігерлеріме мың алғыс", - деді ол.


Жәнібекті жүрек отасына дайындап жатқан уақытында әйелі жүктіліктің тоғыз айында болған. Қызы Жәнібек ауруханадан шыққаннан кейін туған. Қызға кейіпкерімізді емдеген дәрігердің құрметіне Махаббат деген ат қойылыпты. Жүрек алмастырғаннан кейін төрт жыл өткен аралықта Жәнібектің ұлы дүниеге келген. Отағасының айтуынша, ол болашақта біреуге донор болып, екінші өмір сыйлағысы келеді.



"Мен өлгеннен кейін мен бұл өмірден жай ғана кетіп қалмай, біреуге екінші өмір сыйлау арманымда бар. Ойлаңызшы, мен өлсем өмірге ұлым келмеуші еді. Маған донорлыққа келіскен әйелге және оның туған-туыстарына алғысым шексіз. Донорлық туралы міндетті түрде өзіңнің жақындарыңмен талқылау керек. Қазір мен барлығын донор болуға шақырмаймын. Ол әр адамның өзінің таңдауы. Біздің елдегі адамдардың жүрегі жылы. Жақсылық жасағанды жақсы көреді. Тек кейбіреулер донор болуға болатыны жайлы білмей жатады. Бар болғаны сол", - дейді Жәнібек Оспанов.




Көрілген: 821    Пікірлер: 0

жұма, 17.08.2018, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31