Денсаулық

Бір жылда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

  • Бір жылда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

    Бір жылда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңгеге жуық қаржы түсті

Маусым айында 8,7 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы аударылды, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылғалы бері бір жыл ішінде жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген аударым сомасы 80,6 млрд теңгеден асып жығылған.




Оның 72,1 млрд теңгесі (89,5% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,5 млрд теңге (10,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.



Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы заң бойынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталуы тиіс.



 





Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.07.2018, 18:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31