Денсаулық

Бұрынғы министр Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарға үндеу жасады

  • © Kerek-info.kz

    © Kerek-info.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Трансплантация бойынша Республикалық координациялық орталық жетекшісі Жақсылық Досқалиев Tengrinews.kz порталы арқылы қазақстандықтарға мәйіт донорлығына түсіністікпен қарауды сұрап, үндеу жасады.


Оның айтуынша, миы өлген кісі кемінде бес адамның өмірін жалғай алады. Сондықтан Досқалиевтің үндеуі марқұмдардың туыстары мен жақындарына бағытталған.


"Қазақстандықтарға, отандастарыма айтқым келеді, адамның миы өлген сәтте немесе оның өліп бара жатқанында оған ішкі мүшелері о дүниеде керек емес, денесі осында қалып, көміледі. Бірақ марқұм кемінде бес адамның өмірін жалғай алады, бүйрек, бауыр, асқазан асты безі, өкпе, жүрек сияқты жұпты мүшелер арқылы. Қазақстандықтарға адам миы өлген сәтте дәрігерлер келіп, басқа адамдарға көмек қажет деген сәтте оған салмақты қарауын сұрағым келеді. Қазақстандықтар мені дұрыс түсінсе екен, мүше ауыстыруға мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысса", - дейді ол.



Қазіргі таңда Қазақстанда 2 523 адам донорлық бүйрекке зәру (олардың ішінде 51 бала), 532 адамға бауыр қажет (оның ішінде 9 бала), 130 адам донорлық жүрек күтіп отыр (оның ішінде 16 бала) және 11 адам донорлық өкпеге зәру.


"Мен ішкі мүшелерін алып өзге адамға салуға рұқсат бергендердің ата-ана, аға-бауыр мен әпке-қарындастарының алдында басымды иемін", - дейді Жақсылық Досқалиев.

 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31