Денсаулық

Біздің халық ақылы қызметке көп шығындалады

  • Біздің халық ақылы қызметке көп шығындалады

    Біздің халық ақылы қызметке көп шығындалады

Қазақстан халқының денсаулықты күтуге жұмсайтын шығындары көбейіп барады. Жұртшылықтың қалтасынан шығатын шығындардың 30 пайызы кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енген медициналық қызмет түрлерін жеке клиникалардан сатып алуға кетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов мәлімдеді.


Айтуынша, медициналық қызметке жұмсалатын шығын тым көп. Осылай жалғасаны болса бұл қазақстандықтарды кедейшілікке ұрындыратын фактор.

"Қазақстанда денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын ІЖӨ-нің 3,7 пайызына тең. Ал, даму деңгейі бізбен қарайлас елдердің ұлт саулығына бөліп отырған қаржысы ІЖӨ-нің 6 пайызынан кем түспейді. Оның үстіне, біздің елді денсаулық сақтауға жұмсалған жалпы қаражаттың 41 пайызы (немесе 640 млрд теңге) халықтың қалтасынан шығады екен. Былайша айтқанда, 18 млн қазақстандықтың әр қайсысы жыл сайын 36 мың теңгені өз қолымен емдеу мекемелерінде қалдырып отырады деген сөз. Ал, халықаралық ұйымдардың талабы бойынша азаматтардың денсаулыққа жұмсайтын жеке шығындары 20 пайыздан аспауы тиіс. Яғни, аталған көрсеткіш бұдан жоғары болса қарапайым халықты кедейшілікке ұрындырады", – деді ол.

Сарапшының сөзіне қарағанда, азаматтар тіпті, кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енгізілген медициналық қызмет түрлерін де жеке клиникалардан сатып алады. Оған стационарлық көмек (оған жұртшылық өз қалтасынан 58,4 млрд теңге шығындайды), емханалық-амбулаторлық көмек және науқастарды оңалту қызметі кіреді. Жалпы, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті бойынша бөлінген қаржының басым бөлігі стационарлық көмекке жұмсалады. Оны негізінен экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар, яғни, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер т.б. пайдаланады", – деп түсіндірді ол.

Статистикаға сүйенсек, 2017 жылы елімізденгі стационарларда 2,9 млн адам жатып емделген. "Оның 68% – жұқпалы емес созылмалы ауруы асқынып, ауруханаға шұғыл түрде жеткізілгендер, жарақаттанғандар және жүкті әйелдер. 30% – ауруханаға жоспарлы түрде жатқандар. Оған қоса, стационарға жатқызылған пациенттердің 46 пайызын жеңілдігі бар санаттар құрайды. Стационарлық көмекке жұмсалатын шығынның 50 пайызы осы топқа тиесілі. Жалпы, ауруханаға жатқандардың 17 пайызын күндізгі стационарда емдеуге де болады", – деп нақтылады С.Тәңірбергенов.

Басқарушы директордың сөзіне сүйенсек, халықтың жеке шығындарын азайту мақсатында 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін оңтайландыру, нақтылау жоспарланып отыр. Алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек деңгейінде көрсетілетін диагностикалық қызметтің нақты тізімі жасалады. Сондай-ақ, тұрақты бақылауды қажет ететін созылмалы сырқаттардың тізімі де қайта қаралмақ.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

сенбі, 28.04.2018, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31