Денсаулық

Дамир Абайділдаұлы: "Адамның ең басты құндылығы, ол – денсаулық"

  • Дамир Абайділдаұлы:

    Дамир Абайділдаұлы: "Адамның ең басты құндылығы, ол – денсаулық"

Дәл бүгінгі күні көпшілікті алаңдатып отырған мәселенің бірі – Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру жүйесі болып отыр. Қанша жазылып, айтылып жүргенмен, халық әлі де жете түсіне қоймаған тәрізді. Сондықтан кейінге жылжытылған 2 жылдың ішінде мейлінше түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру қажет. Осы орайда Алматы қалалық Онкология орталығының басшысы,медицина ғылымдарының докторы, профессор, денсаулық сақтау саласының үздіктеріне берілетін мемлекеттік «Алтын дәрігер» құрметті атағының иегері Даулетбаев Дамир Абайділдаұлының пікірін білген едік.  




Бүгінгі күні медицинадағы сақтандыру жұмысын қолға алып отырғаны өте дұрыс. Себебі біз аурудың жауапкершілігін біз анықтауымыз керек. Бүгінгі күні денсаулыққа тек қана денсаулық саласының мамандары ғана жауапты секілді қоғамда пікір қалыптасқан. Адам өзінің денсаулығына мән бермей, адам өзінің денсаулығының бірінші байлық екенін түсінбей, соған әрекет жасамай, тек қана дәрігерлердің күшімен біз бұл мәселені шеше алмаймыз. Енді қаражат ол Америка болсын, Батыс Европа болсын, басқа дамыған мемлекеттердің өзінде жетіспейді. Сол себептен адам өзінің қалтасынан шығарып, соны есептеп, аурудың емдейтін жолын іздемей, аурудың болдырмайтын жолын іздемесе, ілгерілеу болмайды.Екіншіден бүгінгі медицина, ол үлкен жоғары технологиялар,ол заманауи талаптарға сай қымбат құрал-жабдықтардан тұрады.Соның бәрін алу үшін, жоғары технологиялық оталар жасау үшін, емдеу тәсілдерін қолдану үшін оған қаражат керек. Бүгінгі күні барлығын мемлекеттің мойнына іліп қойып, осындай қаражат тауып бер дегеніміз, ол дұрыс емес.Жұмыс берушілер бар. Олар өзінің қарауындағы жұмысшылардың денсаулығын қорғауға міндетті. Ал дәл осы мәселе бүгінгі күні жоғары деңгейде деп айта алмаймыз. Сол себептен үкімет бүгінгі күні сол адамның құзырына бермей, жұмысшыларын осыған тартып жатыр. Олар енді әр-түрлі сұрақтар қойып жатыр.Ертең табысымыз азайып, бизнесімізге кедергі болады деген түрлі пікірлер болып жатыр. Менімше, ең басты адамның құндылығы, ол – денсаулық. Сол мекемеде сол адам жақсы жұмыс істесе, ауырмаса, одан сайын оған табыс алып келеді. Сол себепті одан қоғам ұтады, мекеме ұтады, жеке адам ұтады деген ойдамыз.

 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 01:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30