Денсаулық

Дәрігерлер емдей алмайтын 12 ауру түрі

  • Дәрігерлер емдей алмайтын 12 ауру түрі

    Дәрігерлер емдей алмайтын 12 ауру түрі

Дәрігерлер қолдарын бір сілтейтін синдром мен ауру түрлері бар. Ол аурулардың нақты емі XXI ғасыр болса да табылмай келеді. Себебі мен емі табылмаған 12 ауру түрін Stan.kz ұсынады.




Бұл генетикалық ауру. Фибродисплазиямен ауыратын адамның бұлшық еттер мен сүйек тіндері өсіп отырады. Бұл адамды жылдам өлімге апаратын дерттердің бірі.


Әзірге бұл аурудың емі табылған жоқ. Дегенмен, ғалымдар бұл ауруды туғызатын қай ген екенін анықтады. Қазіргі уақытта соған қарсы дәрі зерттеуден өтуде.



Бұл аурудан коллаген синтезі бұзылады. Яғни, қан тамырлары үзіліп, буындар шамадан тыс икемденіп және тіндер өзгеріске ұшырайды. Бұл дертпен ауыратын адамның денесі кез келген нәрседен зақымдалып, оңай майыса береді. Егер ауру қан тамырларына әсер етпесе, ол адамның өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етпейді. Бұл аурудың қазіргі уақытта емі жоқ. Дегенмен, дұрыс күтініп, физиотерапиядан өтсе Элерса — Данлоса синдромын жеңілдетуге болады.


 



Бұл ауру энцефалит Экономо атауымен танымал. Немесе, «ұйқы ауруы». Соңғы кездері, бұл синдромның жұқпалы екені айтылады, біріқ, нақты дәлелденбеді. Бұл аурумен ауыратын адамның температурасы көтеріледі, тамағы, басы ауырады, әлсіздік басып, кез келген жерде ұйқы басады. Оның емі әлі табылмады. Бұл дерт өзі жазылып кетуі мүмкін, тұқым қуалауы және он жылдар бойы созылуы мүмкін.



Суық аллергия – бұл тұқымқуалап немесе жүре пайда болатын кесел. Бұл аурумен ауырған адамның денесі салқындап, бөрітіп кетеді. Ол гистаминнің қалыпты шығарылмауына байланысты қалыптасады. Бірақ, нақты себебі анықталған жоқ. Емі, негізінен антигистаминді дәрілер қабылдамау және үйден шықпас бұрын бет пен терінің терісін суықтан қорғайтын құралдарды қолдану.



Бұл генетикалық ауруды вампир синдромы деп те атайды. Бұл дертке шалдыққан адамның күн көзіне шығуы қиын. Шықса ультракүлгін сәулелеріне ұшырап, онкология туғызға қауіп төнеді. Сонымен қатар, көздер де зардап шегеді. Ксеродерм синдромына шалдыққан адам күн көзіне шықса, оған күннен қорғанатын құралдар қолдануы керк болады.Среттегі бала сабаққа баруы үшін әр 2 сағат сайын күннен қорғайтын крем жағып, арнайы киім киіп жүрді.



Бұл синдромның пайда болу себебі әлі анықталмады. Дегенмен, бастан қатты жарақат алғанда, бас миында ісік пайда болғанда және жүрек талмасы болғанда пайда болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл дертке шалдыққан адам өз тіліде сөйлей береді, бірақ оны тыңдап отырған адам басқа тілдің екпінімен сөйлеген сияқты болады.


Ауру адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірмейді. Дегенмен, адам психологиялық күйзеліске үшырауы мүмкін.



Гипертрихоз – адам денесінің түктеніп кету синдромы. Онда түк шықпауы керек жерлерге өсіп кетеді. Мысалы,адам бетін, алақанына т.б. Бұл дертпен көбіне ер адамдар ауырады. Дегенмен ауратын әйелдер де кездеседі.


Синдром туғаннан бері пайда болса, оны емдеу мүмкін емес. Десе де, түктерден бірнеше уақыт құтылуға болады. Суреттегі мексикалық актер Хесус Асевес өзін сол қалпында қабылдаған, өзгеру туралы ойламаған да.



Бұл ауру адам ағзасының күміс немесе оның қоспаларына тұнып кеткеннен пайда болды. Нәтижесінде, адам денесі күміс түске айналады.


Аргироз синдром күміс өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлерде көп кездескен.


Осы дертке шалдыққандардың бірі америкалық мультфильм кейіпкері Пол Карасон. Ол дерматитті емдеу үшін ұзақ уқыт  коллоидтық күміс қолданған.



“Шу бар, ол күшейе түседі, сосын жарылыс болғандай дыбыс естіледі, бетіме шам жағып тұрғандай жарық пайда болады”, – деп түсіндіреді “бас жарылысы” синдромына шалдыққандар.Бұл ұйқысыздық пен стрестен пайда болтын ауру.


Ғалымдардың айтуынша, мидағы нейрондардың дұрыс емес қызметінен туындауы мүмкін. Ол да тоқ соққандай әсер беріді.



Бұл балық иісі синдромы. Яғни адамнан жағымсыз иіс шығып жүру. Оны кейде адамның өзі сезбеуі мүмкін. Дегенмен, бұл ауру психологиялық мәселе тудырады.


Қазіргі уақытта синдромды емдеудің нақты жолы жоқ. Кей зерттеулер бойынша, балық иісінен арылуға арнайы диета мен белсенді көмір көмектеседі.



“Мен шіркеуден шыққанда, жүрегім қатты соғып, жерге құлап кететіндей болдым”, – деп түсіндірді француздық жазушы Стендаль. Ол бұл күйге тек өнер объектілерінің адында, табиғат, жануар мен адмның сұлулығын көргенде түсетін болған.


Бір қызығы, бұл синдроммен Азиядан келген туристер ауырмайды. Ол мәдениеттердің айырмашылығына байланысты болуы мүмкін.



Бұл дертке шлдыққан адам миының бір бөлігі сезбейді. Ол науқастарда қорқу сезімі жойылады.  Тіпті, олаар жыланнан, улы өрмекшіден, қорқынышты филмдер және қарулы қарақшылар болса да қорықпайды.


Stan.kz





Көрілген: 1824    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.03.2018, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31