Денсаулық

Дәрігерлер Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бала жайлы

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматыдағы Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен 5 жасар бала есін жиды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.


"Жағдайы тұрақты ауыр, бірақ жақсарып жатыр. Ертең нейрохирургия бөліміне ауыстыруға дайындап жатырмыз. Толықтай есін жиды, сұрақтарға дұрыс жауап беріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.


ІІД мәліметінше, Алматы полицейлері Шығыс айналма жолында баланы қағып кеткен жүргізушіні әлі тапқан жоқ.


Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен".


Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.


Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған.


Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31