Денсаулық

Дәрігерлер үш жасар балақайдың өлімі шұжықтан болған дейді

  • © 31.kz

    © 31.kz

Жаңа жылда Қарағандының жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған үш жасар Әйзере ҚаҺарманованың неден қайтыс болғанын жарты жыл зерттеген мамандар, сараптама қорытындысын ақыры жариялады. Бала шұжықтан қайтыс болған. Сараптаманың нәтижесі осындай. Алайда, Әйзеренің анасы бұл қорытындыға сенбейді.


Сөзінше, қызының өлімін тексерген мамандар негізгі сұрақтарға жауап бермеген. Сот-медициналық сараптама бүлдіршіннің анасы ауруханадан үйіне 13 сағатқа алып кеткенде, шұжық жегеннен қайтыс болғанын көрсеткен. Мамандар, тіпті осы уақыттың ішінде Әйзеренің бірнеше инфекциялық микс, рото және энтара вирустарын жұқпалы аурулар ауруханасында емес, үйінде жұқтырғанын анықтаған көрінеді. Әйзеренің анасы, енді шетелдің сарапшыларынан көмек сұрайтынын айтады. Сараптама қорытындысына шағымданамын деп, тіпті қорғаушыны да жалдап қойыпты. Үш жастағы Әйзере желтоқсанның 31 күні қайтыс болған еді. Жөтелі қысып, ыстығы көтерілген бүлдіршінге анасының айтуынша, бірде бір дәрігер көмек көрсетпеген.


ДИАНА ҚАҺАРМАНОВА, Әйзеренің анасы:


– Бізден анализдер алды, Әйзереден алды. Бірақ ондай ештеңе шыққан жоқ. Колбаса бәрі таза. Біздің организміміз таза деп шықты. Ал осы сот-медициналық экспертизаның қорытындысы тағы да колбаса кінәлі деп көрсеткен. 


31.kz




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.08.2018, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31