Денсаулық

Дәрігерлерді таңғалдырған жайт: Алматыда 50-ден асқан әйелдер жасанды жолмен сәбилі болып жатыр

  • Дәрігерлерді таңғалдырған жайт: Алматыда 50-ден асқан әйелдер жасанды жолмен сәбилі болып жатыр

    Дәрігерлерді таңғалдырған жайт: Алматыда 50-ден асқан әйелдер жасанды жолмен сәбилі болып жатыр

Алматыда жастары 50-ге келіп қалған келіншектер жасанды жолмен сәбилі болып жатыр. Соңғы уақытта бұның жаппай үрдіске айналып бара жатқаны дәрігерлердің жағасын ұстатыпты.




Бұл туралы 31 арна хабарлайды.


Бұл 46 жастағы Айгүл есімді келіншек. Жақында ол ЭКО-нің көмегімен бала көтерді. Егде тартқан жасына қарамастан жасанды жолмен балалы болғысы келеді екен. Құрсағына жаңадан біткен сәбиіне көз, сөз тиюінен қорқатын Айгүл камераға жүзін көрсетуден бас тартты. 15 жыл бойы жете алмаған қуанышына ЭКО-нің көмегімен қол жеткізеніне дән риза.


«Ұлым жалғыз қалмасын дедім. Әйел адамының денсаулығы мықты болса, жағдайы жақсы болса ол бала әрқашанда керек. Ол бәрінің арманы. Енді аман-есен тоғыз ай көтеріп,балапанымды қолыма алсам деймін», – дейді Айгүл.


Ал бұл келіншек болса осыдан бірнеше жыл бұрын екі бірдей баланы жасанды жолмен тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп дүниеге әкелген. Бүгінде Айсұлудың балаларының бірінің жасы алтыда, екіншісінің жасы жетіде. Айсұлудың ЭКО балалардан өзге екі баласы бар. Бірақ, олар өз алдына отбасын құрып кеткен. 51 жастағы Айсұлу өзінің әрекетін қартайған шағында жас сәбидің иісін аңсағанымен түсіндіреді.


«Өзім тудым. Денсаулығымыз жақсы болды. Бірақ, бірден болған жоқ. Бірнеше рет жасадық.3-4 рет жасаттық. Сөйтіп, осындай екі кішкентай екі баланы тудық», – дейді Айсұлу Молбаева.


Дәрігерлердің айтуынша, ЭКО-мен нәресте сүйіп жатқан зейнет жастағы әйелдердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген. Бүгінде жас ерекшелікке шектеу жоқ екен. Тіпті, жасыңыз 57-ге келсе де бала көтеруіңіз  әбден мүмкін.


«Патологиялық аурулары болмаса болды. Зейнет жастағы әйелдердің көбі өз аналық ұрықтарымен нәрестені дүниеге алып келмейді. ЭКО бағдарламасында аналық ұрықтар донорлық аналық ұрықтардан жасалынады. Жастау қыз-келіншектерден мысалы, келіндері, сіңілілері солардан аналық ұрықты алып, жолдасымен қосып. Жолдасынан бала туып алу әрекетін жасайды», – дейді репродуктолог Ақерке Сманова.


Дүниежүзі бойынша ЭКО-ның көмегімен 5 миллионнан астам сәби дүние есігін ашқан. Соның ішінде 10 мыңы Қазақстанда туған.


Stan.kz





Көрілген: 1330    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.03.2018, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31