Денсаулық

Дәрігерлермен бірге пациенттердің де жауапкершілігін айқындау керек - Біртанов

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда медициналық көмек көрсету бойынша дәрігерлермен бірге пациенттерді де жауапкершілігін айқындап алу керек. Мұндай пікірді Астанада «Қант диабеті және қоғам» атауымен өткен дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Елімізде медициналық көмек көрсету тұрғысынан өте салмақты сауалдар туындап жатады. Әсіресе, ортақ жауапкершілікке қатысты сұрақтар бар. Өкінішке қарай, әртүрлі медициналық көмек көрсету түрлері немесе диспансерлеу жұмысы медициналық қызметкерлердің міндеттемелері мен белгілі бір стандарттарға негізделіп қалған. Демек, пациент тарапынан ешқандай міндеттеме керектігін ескере бермейміз. Бұл дұрыс емес, себебі бұл көзқарас пациенттің жауапкершілігін төмендетеді. Пациент уақытылы диспансерлеуге қатыспайды, дер кезінде дәрігерге жүгінбейді. Осылайша, сырқат асқынып кеткенде ғана қаралып жатады. Меніңше, бұны статистика да дәлелдеп бере алады», - дейді министр.


Елжан Біртановтың айтуынша, қазірден бастап «пациенттердің жауапкершілігі қайда?» деген сұраққа жауап табу керек.


«Көптеген мысалдарды алудың қажеті жоқ. Ел арасында көптеп кездесетін 2-3 аурудың түрін, мәселен қант диабеті, жүрек-қантамырлары мен онкологиялық ауруларды сараптай отырып, пациенттердің өзінің жауапкершілігі қайда деп сұрақ қоюымызға болады. Осы себепті, біз бұл мәселеге заңнамалық тұрғыда жақындауымыз керек. Ұсыныстарымыз бар. Себебі, ортақ жауапкершілікті күшейтпей, қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамыту мүмкін емес», - дейді Елжан Біртанов.


Министр көпшіліктің бұл бағыттағы жұмысқа қолдау білдіретіріне сенім білдірді.


«Бұл тек қана міндетті медициналық сақтандыру аясындағы қаржылық жауапкершілік қана емес, басым жағдайда аурудың профилактикасы, әр адамның өзінің сырқатына бақылау жүргізу бойынша жұмыс. Ең алдымен пациенттердің мүддесі үшін жасалып отырғандықтан, көпшілік аталған бағыттағы жұмысымызды қолдар деген сенімдеміз», - деп түйді министр.


 




Көрілген: 200    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 18:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30