Денсаулық

Денсаулық министрі тегін дәрілердің ұрлығына қатысты пікір білдірді

  • © 24 Канал

    © 24 Канал

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін дәрілерді ұрлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біздегі деректерге қарағанда, пациенттердің 20 проценті дәрі-дәрмекті алмаған болып шықты. Алайда жергілікті атқарушы органдар бәріне қолма-қол бердік деп отыр. Бұдан бөлек, науқастардың тағы 18 проценті дәрілерді толық алмаған. Сонда жаңағы 20 проценттің өзі - барлық республикаға кететін дәрілердің екі айлық көлемі. Демек, әрбір бесінші препарат белгісіз жаққа кетеді», - деді Е.Біртанов кеңейтілген алқа мәжілісінде.


Министрдің айтуынша, мемлекет бір жағынан дәрі-дәрмектердің тапшылығын шешуге тырысса, жергілікті жерде ол дәрілерді ашық ұрлайды.


«Бәлкім, біреулер тегін препараттарды ашық ұрлайды да, біз білмейтін жаққа жіберіп отырады. Ал кейбір мәліметтер бойынша ондай дәрілер жекеменшік дәріxаналарға түседі. Тіпті, шекара асып, көрші елдердің нарықтарына кетіп жатыр деген деректер бар», - деп атап көрсетті Е.Біртанов.


Айта кетейік, алқа мәжілісі кезінде аталған мәселені ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев та көтеріп, xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы тәртіп бұзушылықтарды атаған болатын.


 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.02.2018, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30