Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

  • Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

    Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады», - деп атап өтілген Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Facebook парақшасындағы видеомәлімдемеде.


Сондай-ақ, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-та жарияланған хабарламаға түсініктеме берген. «WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеуді өткізге шақырған.


Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын мәліметтерге сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми ақпаратын пайдалануға шақырады», - деді Ж.Бекшин.


Сонымен қатар, ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Бұл дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды. Қазақстанда ресми деректер бойынша,менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды. Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.


NUR.KZ.




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.06.2018, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31