Денсаулық

Екпеден бас тартқан ата-аналар заң алдында жауап береді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз баласына вакцинация жасамаған ата-аналарды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Вице-министр Алексей Цойдың айтуынша, ондай жауапкершілік денсаулық сақтау туралы жаңа кодекске енгізілуі мүмкін.


«Қазіргі кезде біз қоғамдық ұйымдармен, жалпы, жұртшылықпен осы мәселені кеңінен талқылап жатырмыз. Себебі адам ауырып жүрсе де, басқалардың денсаулығына немқұрайлы қараса, тиісті ем-домды қолға алмаса, оған қарсы бір шара болу керек деп ойлаймыз. Мәселен, менингит бар. Онымен ауырған адам инфекцияның қауіпті екенін біле тұра, көп халық отырған жерге келсе, қауіпті емес пе? Сондықтан біз осы мәселені кеңінен қарастырып жатырмыз. Әрине, адам құқықтары және тағы басқа жайттар бар», - деді А.Цой журналистерге берген сұхбатында.


Оның айтуынша, вакцина мәселесі де солай. Мемлекет ауруға қарсы ем-домды ұсынады. Алайда кейбір адамдар оны біле тұра, вакцинациядан бас тартады. Демек, жеке жауапкершілік мәселесі туындайды.


«Сосын ол адам вакцинадан бас тартқаннан кейін ауырып қалса, оны мемлекеттің ақшасына қайтадан емдеген қаншалықты әділетті? Осы жағын да қарастыруымыз қажет», - деп атап көрсетті А.Цой.


Ал Бас санитар Жандарбек Бекшиннің сөзіне қарағанда, бүгінде вакцинациядан бас тартатын азаматтардың саны азайып келеді.


«Ашығын айту керек, вакцинадан бас тартудың негізгі себебі - діни көзқарас. Ондай адамдардың саны 60 проценттен асып отыр. Олар теледидар көрмейді, газет-журнал оқымайды, гаджеттерді пайдаланбайды. Біз ондай адамдардың әрбіреуімен жеке-жеке жұмыс істейміз. Мәселен, 2016 жылы 250 адам өз көзқарасын өзгертсе, ағымдағы жылы 8 айдың ішінде ондай адамдардың саны 2220-ға жетті», - дейді Ж.Бекшин.


Айта кетейік, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде инфекциялық ауруладың алдын алу жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Сол жерде Астана мен Маңғыстаудағы менингококк инфекциясына қатысты соңғы деректерді жариялады. Сондай-ақ, министрлік дәрігердің науқасты тепкілеу оқиғасына қатысты өз ұстанымын білдірді.


 




Көрілген: 176    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.10.2018, 21:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31