Елжан Біртанов менингитке қарсы вакцинация туралы пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингитке қарсы вакцинация туралы пікір білдірді.
«Біздің нормативтік-құқықтық базамызға сәйкес, вакцинация туралы шешімді инфекциялар бойынша ұлттық үйлестіру кеңесі қабылдайды. Отырыс өткен аптада өткен, оған инфекционистер мен эпидемиологтар енді. Олар вакцинация енгізу мәселесін қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізуге қажеттілігі жоқ деген шешім шығарды. Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді», деді министр. «Ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде», деді Елжан Біртанов.