Денсаулық

Елімізде 12 адам менингиттен көз жұмды

  • © gkb-buyanova.ru

    © gkb-buyanova.ru

Қазақстанда 12 адам менингиттен қайтыс болды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Жыл басынан бері 58 адам менингитпен тіркелді, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Жыл басынан бері 12 адам аталған аурудан көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар", — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.


Біртанов әр жылдары менингитпен ауырған және қайтыс болғандар санына тоқталды.


"2013-2014 жылдары 119 адам менингит жұқтырса, 2015 жылы – 424, 2016 —160, 2017 жылы – 62 адам ауырған. 2014 жылы 18 адам қайтыс болса, 2016 жылы – 7, 2017 – 11, биыл 12 адам ауырып көз жұмды", — деді ведомство басшысы.


Айтуынша, ең бірінші науқас 30 сәуір күні тіркелген.


"Өткен аптада менің бұйрығыммен республикалық штаб құрылды. Оған денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жетекшілік етеді", —деді Біртанов.


 


 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31